Солтүстік - оңтүстік мәселесін қарастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайындағы оның өзектілігін анықтау. Сонымен қатар бұл мәселені тарихи дискурс пен анализ негізінде қазіргі халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі рөлін тұжырымдау.
ХХ ғасырдың 60 жылдарында деколонизация үрдісі нәтижесінде жаңа халықаралық экономикалық тәртіп концепциясы дүниеге келіп, дамушы мемлекеттердің арасында бәсеке пайда болды. Вашингтондық консенсус – ХХ ғасырдың соңында ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің басшылығымен экономикалық және қаржылық дағдарыс үстіңдегі мемлекеттерге ұсынылған макроэкономикалық саясаттың түрі.
Қазіргі жаһандану жағдайында бұл мәселені қалай сипаттауға болады ? Бұл мәселеге қатысты жаһандық теңсіздіктің зардабы қандай ? Бұл мәселе мемлекеттер ішінде де байқалуда ма ?
Либералдық. Бұны жақтаушылар дамушы мемлекеттер вашингтондық консенсус негізінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытын ұстанып, экономиканы либерализациялау, мемлекеттік меншікті жекешелендіру және т. б. жағдайлар жасау қажет деп санайды. Антиглобалистік. Бұны жақтаушылар халықаралық қатынастардағы қазіргі жүйе тең құқықсыз болғанын ескере отырып, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті орнату қажет деп санайды. Құрылымдық. Бұны жақтаушылар антиглобалистерге қарағанда дамушы мемлекеттерде құрылымдық өзгерістері мен бәсекеге қабілеттілігінің жоқ екендігін мойындайды. Алайда түбегейлі өзгерістер мен реформалардың дұрыс жасалуы нәтижесінде, дамушы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің артуы мүмкін деп санайды.
Хантингтон С. Ф. Столкновение цивилизаций. – М Гобозов Ф. И. Интересное исследование по глобалистике. – С Кулябин А. А. Сёмин С. С. Некоторые аспекты эволюции национальной экономики государства в системе международного экономического порядка. – В