Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Шамалардың сипатталуы Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Шамалардың сипатталуы. Сабақ мақсаты: Білімділік: Теориялық білімдерін пысықтау, тексеру. Мәлімет типтерімен, шамаларды сипаттау жолдарын үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін, зейінін, есте сақтау, мәтінмен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Алдыға мақсат қойып соған жетуге талпындыру, өз қызметіне талдау жасауға, баға беруге тәрбиелеу. Жұппен, өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру
ЖАҢА БІЛІМ Тип Қарапайым, құрылымдық тип. Бүтін, нақты, символдық, логикалық, тіркестік тип. Шаманы сипаттау. Тұрақты, айнымалы шама. Стандартты функциялар: арифметикалық функция; типтерді өзгерту функциясы; реттелген типтегі шамаларға қолданылатын функция; Амалдар: бүтін типке қолданылатын амалдар; нақты типке қолданылатын амалдар; логикалық типке қолданылатын амалдар; символдық типке қолданылатын амалдар.
Мәлімет типтері. Тип шама қабылдай алатын мәндер жиынын және оларға қолданылатын амал түрлері мен орындалу жолдарын анықтайды. Яғни тип дегеніміз – шама мәніне берілген сипаттама. Паскаль тілінде мәліметтердің келесі типтері бар: нақты, бүтін, символдық, логикалық, тіркестік, мәтіндік, жиым, файл, жазба, жиын. Олар екі топқа бөлінеді: қарапайым және құрылымдық.
Типтер Типтер Бүтін (INTEGER) Жиым (ARRAY) Нақты (REAL) Жиын (SET) Символдық (CHAR) Логикалық (BOOLEAN) Мәтіндік (TEXT) Тіркестік (STRING) Жиым (ARRAY) Жиын (SET) Файл (FILE) Жазба (RECORD) ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАРАПАЙЫМ
Шаманы сипаттау Шаманың қабылдай алатын мәндерін (типін) көрсету, шаманы сипаттау деп аталады. Шамаларға қолданылатын амалдар шама типіне байланысты болады. Шама программаның сипаттау бөлімінде сипатталады. Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Тұрақты шама мәні программа орындалу барысында өзгермейді. Айнымалы шама мәні программа орындалу барысында өзгеріп отырады. Егер тұрақты шама болса сипаттау const сөзімен, айнымалы болса var сөзімен басталады. Тұрақты шаманы сипаттау командасының жалпы түрі келесідей: Const шама аты1=мәні; шама аты2=мәні; ... шама аты n=мәні; Айнымалы шаманы сипаттау командасының жалпы түрі келесідей: Var шама аты1, шама аты2, ... : шама типі; Мысал1. Const pi=3.14; e=2.7; max=100; s=“school” Var x, y: real; z: integer; a, b: boolean;
Мәндерінің өзгеру диапазоны Бүтін тип (integer). Егер шаманың қабылдайтын мәні бүтін сан болса ол келесі типтердің бірімен сипатталады. Көбінесе integer типі қолданылады. Тип Мәндерінің өзгеру диапазоны Ұзындығы (байт) BYTE 0 — 255 1 SHORTING -127 — +127 INTEGER -32768 — +32767 2 WORD 0 — +65535 LONGINT -2147483648 — +2147483647 4 Мысал2. x айнымалысы 569 бүтін мәнін қабылдайтын болса оны келесідей сипаттауға болады: var x: integer; немесе var x: word; немесе var x: longint;. byte және shorting сөздерімен сипаттай алмаймыз, себебі 569 саны ол диапазоннан асып кетеді.
Мәндерінің өзгеру диапазоны Нақты тип (real). Егер шаманың қабылдайтын мәні нақты сан болса ол келесі типтердің бірімен сипатталады. Көбінесе real типі қолданылады. Тип Мәндерінің өзгеру диапазоны Ұзындығы (байт) REAL -1.7*1038 — 1.7*1038 6 SINGLE -3.4*1038 — 3.4*1038 4 DOUBLE -1.7*10308 — 1.7*10308 8 EXTENDED -1.1*104932 — 1.7*104932 10 COMP -2*1063 -1 — 2.*1063 +1 Мысал3. x айнымалысы -87.23 мәнін қабылдап, a=x2, b=x3 болса оларды келесідей сипаттауға болады: var x, a, b: real;
Логикалық тип (boolean) Сиволдық тип (char) Егер шама қабылдайтын мәні қандай да бір символ болса шама char сөзімен сипатталады. Символ тырнақшаға алынып жазылады. Мысал4. a=‘П’; b=‘?’; c=‘5’ болса, келесідей сипаттаймыз: var a, b, c: char; Логикалық тип (boolean) Егер шама қабылдайтын мәні қандай да бір логикалық өрнек не логикалық мән (false не true) болса шама boolean сөзімен сипатталады. Логикалық типтегі шама мәні false не true (жалған не ақиқат) мәндерінің бірін қабылдайды. Мысал5. a=5<7; b=false; c=true болса, келесідей сипаттаймыз: var a, b, c: boolean;
Тіркестік тип (string) Мысал6. a=‘my name is Robert!’; b=‘фвыапроод’; c=‘сынып’; d=‘458’ болса, келесідей сипаттауға болады: var a: string(18); b, c, d: string; Егер var a: string(10); деп сипаттасақ a=“my name is” болып қиылып қалады.
Бекіту жаттығулары
жиым нақты тіркестік логикалық бүтін шамалық Қарапайым типке жататындарын тап! (дұрыс шертсең жапырақтар сыбдырлап белгі береді) нақты жиым логикалық тіркестік бүтін шамалық
Логикалық типке жататын асқабақтарды жина! -58,213 a<b z>0 12 ‘#’ ‘?’ true ‘girl’ -63254 ‘алма’
Символдық типке жататын асқабақтарды жина! 12 3,5 ‘asdfh’ true a<b ‘A’ ‘#’ -6325 ‘girl’ ‘?’
Тіркестік типке жататын асқабақтарды жина! ‘we are’ ‘325’ -3254 true ‘agth’ ‘girl’ ‘A’ ‘#’ -8,21 a<b ‘алма’
Нақты типке жататын асқабақтарды жина! a<b 3,5 ‘asdf’ 12 ‘A’ z>0 ‘girl’ 0,562 -58,213 ‘#’
div, mod функциялары қандай типке қолданылады Нақты (real) Символдық (char) Тіркестік (string) Логикалық (boolean) Бүтін (integer)
Логикалық типке қолданылатын амалдарды тап Логикалық типке қолданылатын амалдарды тап. (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!) MOD PRED(X) OR DIV NOT AND XOR SIN(X) ABS(X)
Символдық типке қолданылатын функцияларды тап Символдық типке қолданылатын функцияларды тап. (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!) CHR(X) ORD(X) OR MOD XOR AND SUCC(X) PRED(X) SIN(X)
Бүтін типке қолданылатын амалдарды тап Бүтін типке қолданылатын амалдарды тап. (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!) MOD PRED(X) OR DIV NOT AND ORD(X) ABS(X) SIN(X)
Сабақтың қорытындысында рейтингілік бағалау жүйесімен-бағалау картасына оқушылардың ұпайлары жазылып қосынды ұпайы шығарылады. Ал жалпы сынып бойынша бағалау картасын төмендегідей етіп сызып алдым. Бағалау нормасы: 15-20 ұпай --- «5» 10-15 ұпай --- «4» 5-10 ұпай ----«3» 1-5 ұпай ---- «2 Бағалау Үй тапсырмасын беру. §2.5-§2.7 оқу. Дәптерге конспектілеу.Программа жазу. Қорытындылау. № Аты-жөні Үй тапсырмасы Теориялық бөлім Жаттығулар Қорытынды ұпай «Баға» 1 Ырыс 15 10 5 2 Дәрмен 12 6 4 3 Даурен 8 7