Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

«ПЕДАГОГИКА (ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ)»

Similar presentations


Presentation on theme: "«ПЕДАГОГИКА (ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ)»"— Presentation transcript:

1 «ПЕДАГОГИКА (ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ)»

2 “Жоғарғы мектеп педагогикасын” оқыту мақсаттары:
Болашақ ЖМ оқытушыларының кәсіби біліктілігін қалыптастыру; Студенттердің педагогика бойынша теориялық білімдерін байыту; Болашақ оқытушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру; Білім беру жүйесін ғылыми ұйымдастыруға дағдыландыру.

3 ГЛОСАРИЙ Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру. Академиялық қабілеттілік – сәйкес білім салысындағы қабілеттілік. Мұндай қабілеті бар мұғалім өз пәнін тек оқу курсына сай деңгейде меңгеріп қоймай, оны кең және терең деңгейде игеріп, бұл ғылым саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерден әрдайым хабардар болад, материалды жете және еркін меңгеріп, үлкен ықылас көрсетеді, аз да болса ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Авторитарлық қабілеттілік – оқушыларға эмоция, жігер арқылы әсер етіп, оларды өз еркіне бағындыра білу, осылай олардың алдында беделге жету қабілеті. Бұл қабылет оқытушының жеке басына тән көптеген қасиеттерінің жиынтығына байланысты, соның ішінде ұстамдылық, батылдық, табандылық, оқу және тәрбие барысына деген жауапкершілік, өз іс-әрекетінің дұрыс екендігіне толық сенімділік және осы сенімділікті оқушыларға да жеткізе білу сияқтыларды атап өтуге болады. Әдіснама ( методология ) – ( гр. мetһodos - зерттеу немесе таным жолы, теория, білім және logos – сөз, түсінік ): 1) теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім; 3) қандайда бір ғылымда қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы. Басқару- белгілі бір жағдайда нәтиже шығаруға байланысты топтың, ұжымның, ұйымның және жеке адамның іс-әрекетіне ықпал ету. Яғни, шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады. Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу. Оның негізгі белгілері: Бақылаудың мақсатқа бағыттылығы Бақылаудың аналитикалық сипаты Бақылаудың жиынтықтығы Бақылаудың жүйелігі

4 жалғасы Білім беру – бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқаратын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды дағдыны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлуметтік-экономикалық және саяси құрлысы мен оның материалдық техникалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған жүйе (В. А. Сластенин). Білім беру – педагогикалық категория ретінде (категория – болмыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылыми түсінік) көптеген қасиеттерге ие. Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани процесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келіскен идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі. Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасады. Дәріс (латын тілінен «lectіоң - оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі. Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады. Дидактика –педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушыларға анық та, түсінікті жеткізе білу, олардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығуын туғызу, өз бетімен белсенді ой туғызуға тарту қабілеті. Дидактикалық қабілеті бар мұғалім, керек болған жағдайда, оқу материалының құрамын түрлендіріп мақсатқа, ахуалға сай жатықтырып ала алады. Диалектикалық материализм – қозғалыстың, табиғат дамуының , қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдылықтары туралы философиялық ілім деалектикалық материализмнің негізгі ойы материа бірінші, ал сана екінші дегенге алып келеді.

5 Кәсіби педагогикалық мәдеинет – бұл арнайы тапсырмаларды шешудің әдіс – тәсілдерін итеру деңгейі. Кәсіби педагогикалық мәдениет өзіне жалпы мәдениетті қосады және педагогикалық әрекет сферасындағы жалпы мәдениеттің спецификалық проектілеу функциясын атқарады. Коммуникативті қабілеттілік – оқушыларға дұрыс жол таба білу, олармен педагогикалық тұрғысынан дұрыс қарым-қатынас орната алу, педагогикалық такттың болуы қабілеті. Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру,араласу дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындаєы жолдар, құралдар деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды. Куратор (curator) – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Кредит ұғымы оқушының оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем бірлігі дегенді білдіреді. Алғаш рет білім беру саласында кредиттік оқу жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген болатын. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолданыс тауып отыр. Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру. Мәселелік оқыту - оқушы оқыту процесінде мәселелерді шешуге ұмтылатын оқытуды айтамыз. Ол қазір ақыл-ой күштерінің, таным белсенділігінің, шығармашылық ойдың өздігінше дамуы сияқты күрделі тапсырмаларды шешудің бір тәсілі ретінде қарастырылады. Мәселелік оқыту – бұл жаңа педагогикалық құбылыс емес. Мәселелік оқытудың элементтерін сократтық эвристикалық әңгімелесулердің өзінде көруге болады. Мәселелік оқытудың негізгі басты ұғымы «мәселелік жағдай» болып табылады. Мәселелік жағдай (немесе мәселелік жағдаят) – қандайда бір қажетті іс-әрекетті жасау немесе бір нәрсені ұғыну үшін білімнің немесе белгілі әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі пайда болғанда туындайды, яғни білім мен білімсіздік арасында қарама-қайшылық орын алады. Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру. Неотомизм - әлем екі жақты, рухани және материалдық әлемнен тұрады дейтін ілім. Рухани дүние мейрімді және бай болғандықтан оның құндылығы жоғары. Ол мәңгі өмір үшін жаралған Құдай әлемі. Неотимистердің пікірі бойынша Ғылым эмпирикалық мәліметтерді жинайды, бірақ ол құдаймен анықталған дүниенің мәнін ашуға қабілетсіз. Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады. Семинар – латын тілінен енген (semіnarіum)- білім қалыптастырушы, ойды негіздеуші. Студенттердің таным процесінде жанданады. Ежелгі Грецияда алғаш студенттердің арасында пікірсайыс , оқытушы мәліметімен, қорытындысы түрінде пайда болды, Ортағасырларда университеттерде апта сайын педагог пен магистрлік дәрежеге ие болғандар дисппут түрін жүргізді. XVІІ ғасырларда Батыс Европада қолдана бастады. Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Студенттің өзіндік жұмысы логикалық ойлауды дамытуды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалы негізінде зерттеушілік ықпалды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.

6 Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру.
Тәрбие - оқыту-тәрбиелеу мекемелер мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педогогикалық процесс ретінде түсіндіріледі. Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі. Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Тәрбиелеу заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады. Тәрбиелеу принциптері – студенттерді тәрбиелеу үрдісін, оның бағытын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, формаларын анықтайтын негізгі, бастапқы қағидалар, идеялар. Тұлғаның білімділігі – тұлғаның жүйеленген білімі мен оны практикалық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көрсететін сипаттама. Оқыту – педагогикалық процесті регламентациялау жағдайында және оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәредемімен тұлғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталған тәрбиеннің бір бөлігі. Оқыту технологиясы – екі қабатты түсінік, оның ішкі қабатына - оқу пәндерінің мазмұны кіреді, ал сыртқы қабатына - оқу үрдісіндегі мазмұндардың таратылу формасы жатады. Оқудың кредиттік жүйесі – оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеденнегізгі айырмашылығы: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады. Өзін-өзі басқару - адамның белгілі мақсатқа бағытталған өзіндік сапасын жетілдіру арқылы әрекетінің жеке даралық қызметін ұйымдастыру жүйесі. Ғылымның әдіснамасы: талдау обьектісі мен пәнінің талдауларына, зерттеу міндеттеріне, оларды шешуге қажетті зерттеу әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығына, зерттеу компоненттеріне сипаттама береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесіндегі кезең, іс-әрекеттің жүйелілігі туралы түсінікті қалыптастырады. Экзистенциолизм немесе тіршілік ету философиясы , адамда дүниеде өз болмысын кешу. Экзистенциализмнің негізгі түсінігі – тіршілік ету (экзистенция)- өз МЕН - не толық енген адамның жеке болмысы. Педагогикалық процесс - білім беру мақсатынан оның нәтижесіне қозғалысы. Кез-келген процесс – біріншісінен басқа күйге жүйелі алмасу. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу, педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі деп аталады. Педагогика ғылымының әдіснамасы - бұл педагогикалық болмысты құруда таным процесіндегі формалар, әдіс-тәсілдер, принциптер туралы ілім. Позитивизм – тек табиғи ғылымдар мен сандық тәсілдер көмегімен алынғанды ғана дұрыс деп есептейтін ілім позитивистер қоғамның дамуымен , әлеуметтік қайшылықтармен қоғамдық білімді мифологияға жатқызады, ғылым деп тек математиканы және жаратылыстануды есептейді. Прагматизм – ғылымның, техниканың, өндірістің тез дамуы абсолютті идеализмнің негізін үзуге байланысты пайда болған философиялық ағым.

7 Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық іс-әрекет- мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі. Перцептивті қабілеттілік – оқушының ішкі жан дүниесіне ене білу, оқушының жеке басын және уақытша психикалық жағдайын дәл түсіну – психологиялық байқампаздық қабілеті. Педагогикалық эксперимент - педагогикалық процесске өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтежесін өлшеу саны. Педагогикалық процесс – тәлім – тәрбиелік қарым – қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог . Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе . Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық жобалау- оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады. Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе құру, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы. Педагогикалық жоба құрастырушылық – құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу. Педагогикалық құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы. Ұйымдастырушылық қабілеттілік – бұл ұжымды ұйымдастыра, біріктіре білу қабілеті. Бұл өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу. Тәжірибелі мұғалімдерді өзіндік уақытты сезіну – жұмысты сол уақытқа сай ұйқастыру қабілеті дамиды. Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу. Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше. Зерттеудің эмперикалық әдістеріне жатады: мәліметтерді жинау амалы,бақылау, әңгімелесу сауал – сұрақ жүргізу тестілеу, бақылау мен өлшеу амалы ( межелеу, тесттер ); мәліметтерді өңдеу ( математикалық. Статистикалық, графикалық кестелік); бағалауамалы (өзін өзі бағалау, рейтинг, педагогикалық консилиум ); зерттеу нәтежелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы эксперимент, көлемді енгізу) Инновация- латынның жаңакөзқарас, жаңашылдық , жаңалық ендіру деген ұғымынан туындаған. Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.

8 Жоғары білім беру және педагогогиканың алатын орны
1 БӨЛІМ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 1 МОДУЛЬ.ЖАҢА ЭТАПТАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП 1 дәріс Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары, білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар. Жоғары білім беру және педагогогиканың алатын орны Біз неге педагогиканы оқимыз? Біріншіден қазіргі қоғамда нағыз кәсіби маман деп өмір бойы өзіндік ілім алуға қабілетті, яғни өзін-өзі оқыта алатын, өзін-өзі білімдендіре алатын адамды айтамыз. Екіншіден магистратурада оқу барысында болашақ ЖМ, колледж оқытушылары даярланады, сондықтанда олардың жоғары кәсіби-педагогикалық мәдениеті қалыптастырылуы тиіс. Үшіншіден, «адам-адамң жүйесінде қызмет ететін адамдардың барлығы педагогикалық, тіпті ағартушылық функцияны атқарады. (Отбасынан бастап, барлық қызметтте: заңгер, экономист, техник, медик, журналист, саясаттанушы, психолог т.б.) Төртіншіден, әлеуметтік-экономикалық қоғам дамуының қозғаушы күшінің бірі де білім болып отыр, тіпті қарапайым тұрғыдан қоғамның дамуын қадағалау үшін еліміздің, шетелдің білім беру жүйесі туралы мағлұматымыз болуы тиіс. Бесіншіден, «педагогикаң ғылымы өзіндік ауқымды, бай тәжірибе жинақтаған, ол қазіргі ғылыми білім мен адам мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, оны білу үшін алғашқы педагогикалық білімді игеру керек. Алтыншыдан, сапалы білім алу барысында қоятын талаптарды білу үшін, әркім білім беру жүйесін толық түсінуі тиіс.

9 Білім берудің парадигмалары және нормативтік құжаттары
"Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т.Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар: Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма). Феноменологиялық (гуманистік парадигма). Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық). Технократиялық. Эзотериялық парадигма. Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т.с.с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі. 1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мәдениет адамзат өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі. 2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады. 3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі. Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады. Білімдік дәстүрлі парадигма. Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру болып табылады. Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп - бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп қарастырылады. Гуманистік парадигманың (феноменологиялық) негізгі мақсаты білім алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі дамытуды қажет ететін еркін және рухани тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады. Технократиялық парадигманың негізгі мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері арқылы айқындалады деп түсіндіріледі.

10 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны игеруі тиіс: қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді; жғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және оны практикада қолдана білуді; апараттық және білімдендіру технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін де өзіндік оқып, білім жинақтауды; мәдени ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т.б. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Тұжырымда ҚР Конституциясына, "Білім туралы" ҚР Заңына, "Қазақстан " стратегиясына, "Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясына","Білім" Мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзлік крнференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің , Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтыр туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференциясының ұсынымдарына сәйкес әзірленді. Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әлі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім берудің басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

11 Білім берудің даму тенденциялары. Әлемдік білім беру кеңістігі.
ХХ ғ. екінші жартысында білім беру жүйесі де тығырыққа тірелді, сондықтанда ірі реформаларға ұшырады жылы Ф.Кумбстың «Кризис образованияң :системный анализ.-М.:Политиздат, с. Оның ойынша білім беру төрт мәселеге байланысты тығырыққа тірелген: Адамдардың білім алуға сұранысының жоғарылауы; Қаржы жетіспеушілігінен, білім жүйесі жаңа сұраныстарды қанағаттандыра алмауы; Білім беру жүйесінің инерттілігі; Қоғамның өзінің инерттілігі. Бұл себептер батыста білім беруді реформалауға алып келді. Біздің ойымызша, білім берудің тығырыққа тірелуі көптеген мәселені қамтиды: әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. Мысалға техниканың қарқынды дамуы- ғылыми білім көлемінің ауқымданғанын көрсетеді, ал оны азғандай аралықта ұрпаққа беріп үлгермеудеміз. Мұндай кешеуілдеу адамдардың жаңа нәрсеге бейімделуіне қиындық туғызып, физикалық, психологиялық ауыртпалыққа алып кеп соғуда. Ақпараттың, білімнің өсуі, техниканың дамуын жеделдетті. Н.Н.Пахомов бұл тығырықты үш мәселемен байланыстырады: 1. Әлеует пен білім беру арасындағы сәйкессіздік, яғни әлеуметтендіру мәселесі (жастардың жаңа қоғамға бейімделуі); 2. Білім беру мен мәдениет арасындағы сәйкессіздік (мектеп білім береді, құндылық пен әдеп нормаларын үйретпейді, (школа учит знаниям, а не ценностям и нормам)); 3. Білім берудің ғылымнан артта қалуы. Н.Н.Пахомов «ХХ ғасырда тарихи- мәдени мұраның түрлері ауысты. М.Хайдегердің айтуынша бұрын адамдар тарихқа енген болса, қазір олар болашақты божау арқылы өздері оны тарихқа ендіруде.ң Бақылау сұрақтары: 1. Жоғары білім берудің ерекшеліктеріне не енеді? 2. Білім берудің парадигмаларын түсіндіріңіз 3. Білім берудің негізгі нормативтік құжаттарын сипаттаңыз? 3. Білім берудің даму тенденциялары мен білім беру жүйесінің реформалануын түсіндіріңіз 4. Әлемдік білім беру кеңістігі ұғымын қалай түсінесіз.

12 2тақырып. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.
2тақырып. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім. Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады. Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің орны мен атақаратын ролі. Соның ішінде жоғары білім беру. Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу-орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру. Міндеттері: іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау; білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту; жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау; жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу; студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу.

13 Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау
Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау. ЖМ-гі оқытушының кәсіби дамуындағы үздіксіз білім берудің өзектілігі. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- докторантура. Бұл модель АҚШ университтетерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамассыз етеді. Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың білікітілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар. Қазақстандағы Жоғары мектеп әлемдік тәжірибелермен мемлекеттік практикаға сүйене отырып өзінің жаңару потенциалын дүниежүзілік тәжірибе позициясына сай қалыптастыруы керек. Сонымен қатар, әлемдік алдыңғы қатарлы Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай және ТМД қатарындағы елдердің жоғарғы оқу орнындағы тәжірибесіне сүйеніп оқытуға және маман даярлауға аса көңіл бөлуі қажет болып отыр. Ойлаудың жаңа тұрпаты және қағидалары алға шығуда. Біз бүгінгі күннің ойлау бейнесіне сай келетін біртұтас педагогикалық процесті құрудың және мамандарды дайындаудың жаңа моделін ұсынамыз. Бұл модел үш қағидаға негізделген және жаңа парадигмаға: еуроцентристік және Рухани сипатты ойлау бейнелерінің интеграциясы қағидасы, яғни оқыту- тәрбиелеу жүйесінің Батыстық және Шығыстық әдістерінің бірлігі қағидасы. Шындықты танудағы ғылым дамуының ішкі қарқындары заңдылығын ашу және пайдалану қағидасы, оны адам табиғатына сәйкестендіру. Бүтіндей педагогикалық процесті ашық динамикалық және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде қарастыру қағидасы. Субъектілі-объектілі-субъектілі қатынастар (парадигма).

14 2 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ 3 Тақырып
2 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ 3 Тақырып. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі Педагогиканың ғылымдық мәні. Педагогикалық теория дамуының әлеуметтік – экономикалық факторлары Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шыныныда да, әр ғылым саласы өз тарихына , зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие. Бұл тұрғыдан көпке мәлім «Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе түсінерсіңң - деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пәнімен танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол зерттейтін проблемаларды анықтап, түсінуден бастаған жөн. Ескеретін жәйт, аталған мәселелерді қарастыруда әрдайым екі тұжырымды жадтан шығармау лазым: Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң және дәуір тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым болмасын қоғам қажеттілігіннен дамып, қалыптасады. Адамзат білімнің қай саласы болмасын ғылымдық дәрежиге көтерілуі үшін тек ерекше, соған ғана тән зерттеуі аймағы бөлініп, нақтылануы қажет. Осы тұрғыдан алып қарасақ, педагогиканың жәйі қалай? Оның ғылым ретінде пайда болып, дамуының себептері неде? Оның жалпы заттық дүниемен білім жүйесіндегі орны қандай? Адамзат дамуының барысында білімдендіру педагогикасының саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн. Педагогикалық білім дамып келе жатқан әлеуетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс - әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу- тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әлеуетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс-әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрапққа өткізуді мақсат – мүддесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудің өзі осы өмірге жаңадан еңген әрбір адамның өз ата – бабаларының өндірістік әлеуметтік және рухани құндылықтарын игерумен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып өзінен соңғыларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамыды. Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибені келесі әулеттке жеткізіп отырау, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының алғы шарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден –ақ тән құбылыс, демек, тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс-әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.

15 Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогика әдіснамасы.
Қай ғылым болмасын өзіндік категорияларымен негізделеді. Сол сияқты педагогиканың категорияларына оқыту, тәрбиелеу, білім беру педагогикалық процесс ұғымдарын жатқызамыз. Тәрбие оқыту-тәрбиелеу мекемелер мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педогогикалық процесс ретінде түсіндіріледі. Алайда, бұл оның кәсіби-қызмет тұрғысында ғана қамтылған. Тәрбие кең мағынада – қоғамдық өмірдің өшпейтін, мәңгі категориясы. Қоғамдық-тарихи қарым-қатынастың сипаттамасы тәрбие бағыттылығы мен мазмұнында көрінеді, оның ұйымдастыру формасына әсер етеді. Білім берудің негізгі жолы – оқыту. Оқыту – педагогикалық процесті регламентациялау жағдайында және оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәредемімен тұлғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталған тәрбиеннің бір бөлігі. Оқыту маңызды және ұйымдастыру қарым-қатынаста нормативті жарлықтармен белгіленеді. Сонымен, педагогика ғылымының пәнінен құралатын әлеуметтік атау, білім беру – бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқаратын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды дағдыны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлуметтік-экономикалық және саяси құрлысы мен оның материалдық техникалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған жүйе (В. А. Сластенин). Білім беру – педагогикалық категория ретінде (категория – болмыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылыми түсінік) көптеген қасиеттерге ие. Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани процесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келіскен идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі. Бұл ұғымға толығырақ тоқталып өтелік. Педагогикалық контексте бұл түсінік тұлғаның қалыптасуында көрінетін оның дүниетанымы, адамгершілік бейнесі, эстетикалық талғамы, ерік және физикалық сапа жақтарын білдіреді. В.Ф.Сидоренко білім беру ұғымын қазіргі кездегі концепциялардың ішінде кең және метафорлы (ауыспалы) анықтаған. Ол білім беру мен мәдениетті аналогия (ұқсастығына қарай) бойынша кең дем алу яғни біріккен, ритмикалық іс-әрекет ретіндегі дем алу және дем шығару арқылы ассоциациялайды (оймен байланыстырады). Білім беру өзіне-мәдениет бейнесі, ал мәдениет үшін ол-мәдениет жайлы білім, анығырақ, оны білім беру арқылы ұдайы өндіру, ал социум үшін білім беру- оған оңай. Педагогика ғылымында білім беру - қоғамды басқаруға бағытталған, нақты біртұтас педагогикалық процесс деп түсіндіріледі. Ал, педагогикалық процесс-білім берудің зерттеу пәні болып табылады. Педагогикалық процесс - білім беру мақсатынан оның нәтижесіне қозғалысы. Кез-келген процесс – біріншісінен басқа күйге жүйелі алмасу. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу, педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі деп аталады.

16 4 Тақырып. Жоғары білім педагогикасы
1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби-мамандарды тәрбиелеу мен білімдендіру туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын, ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.    Жоғарғы мектеп- білім берудің және іс-әрекет жүйелерінің қайта жаңғыруымен дамуын қамтамассыз етеді. Бұл қызмет адамдардың бірін-бірі үзіліссіз алмастырып отыратын ұрпақтарымен, әлеуметтік қатынастардың жаңа материалдарында және өзгеріп отыратын тарихи жағдайлардағы мәдени нормаларды іске асыру арқылы орындалады. Білім беру қызметі ретінде адамдар қарым-қатынастарының барлық жүйесіне таралған, бірақ ұйымдасқан үрдіс ретінде білім беру арнайы әлеуметтік институттары мен іске асырылады. Білім берудің басты мақсаты- адамның қорларын дамыту болып табылады. Әрбір ел үшін экономикалық және технологиялық даму, қоғамның жақсы жағдайы мен азаматтарының жақсы өмірі оның белсенді халқының дағдыларының, білімдері мен біліктіліктерінің орташа деңгейіне пропоционал болады. Жоғары білікті адамдардың жақсы еңбек ақы алуына, бақталастыққа қабілеттілікті жоғарылатуға көмектесу мүмкіндіктері бар, олар жұмыс профилінің мүмкін болатын өзгерістеріне жақсы бейімделген, одан айрылып қалған жағдайда көп қайғырмайды, өз білімдері мен дағдыларының деңгейін көтеруге және оны жаңартуға қабілетті болып келеді. Адам қорлары дамуының біртұтас және ұзақ мерзімді жобасы университеттердегі, политехникалық және кәсіби мектептердегі білім беруге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл білім берудің үшінші деңгейі. Оған оқытудың кішігірім жалғасымдылығымен кәсіби-ұйғарымдық бағыты кіреді. Жоғары білім – ғылым мен техниканың, мәдениеттің белгілі саласы бойынша, теориялық және практикалық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін жүйе: білім мен дағдылар жиынтығы. Жалпы білім беретін орта мектеп пен арнаулы оқу орындарын бітіргендерді қабылдап, эканомика, ғылым мен техника және мәдениет салалары үшін жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын түрлі типтегі жоғары мектептер де жоғары білім терминдерінің түсінігін береді.

17 2. Педагогикалық жүйе біртұтас білімдендіру процесі ретінде.
Педагогикалық процесті тұтастық ретінде тек жүйелі амалының ұстанымымен ғана қарастыруға болады. Жүйе – реттелген элементтерінің жиынтығы, функциялануының жалпы мақсатының біріктірумен кейбір тұтас атаулар (П. К. Анохин, В. Н. Садовский). Педагогикалық жүйе мен компоненттер, тұлға дамуы үшін білім алатын және тұтас білім беретін процестерде қызмет ететін көптеген өзара байланыстың құрылымдық копоненттері ретінде түсіндіріледі. Білім беру процесінде жүйенің құрлымдық компоненті – білім беру мақсаты, педагог, тәрбиеленуші, білім беру мазмұны, білім беру тәсілі болып табылады. Берілген жүйе үлкен күрделі жағдайдын шексіз әртүрлілігінен көрінетін, мақсаттылық пен байланыс ретінде сипатталады. Білім беру процесі – бұл бір жағдайдан басқаға алмасушы білім беру мақсатынан оның білім беру процесінде педагогикалық әрекеттестіктің жәрдеміндегі қозғалысы. Жеке даралық тұлғалық аспектіде білім беру процесс ретінде, адамның білім беру мекемесінде, не өз бетімен білім алу арқылы білім, білік пен дағды, танымдық және тәжірибелік әрекеттестігі тәжірибесін, өте пайдалы бағытта болу мен қарым-қатынасты меңгеру болып табылады.

18 5 Тақырып. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттері педагогикалық процесс ретінде
Педагогикалық процесс – жоғары білім берудің мақсат, міндеті. Педагогикалық процесс дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастырайық (1-сурет). Педагогикалық процесс дегенеміз – барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған. Педагогикалық теория педагогикалық үрдісті динамикалық жүйе ретінде елестетуді үйрене отырып, прогрессивті қадам жасады. Құрамдас компоненттерді нақты айырудан бөлек, елестету көптеген байланыстарды және олардың компоненттерінің арасындағы қатынастарды талдауға мүмкіндік береді; ал бұл педагогикалық процесті басқару тәжірибесінде басты болып табылады. Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер – толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұлш жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б. жағдайлар жатады. Құрылым дегенеміз - жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе құрылымын қабылданған критерийлар бойынша бөлінген элементтер (компоненттер), сонымен қатар олардың арасындағы байланыстар жатады. Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа динамикалық жүйелердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едәуір бөлігі бар органикалық бірлікте жатыр. Объект – сол субъект. Үрдіс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог және оқушының өзара әрекеттесуіне байланысты. Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау критерийлерін бекіту керек. Мұндай критерия ретінде процестің едәуір көрсеткіші немесе жеткен нәтижелердің шамалары бола алады. Оның жүйені зерттеу мақсаттарына жауап бере алатындағы маңызды.

19 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі.
Маманға шешуі тиіс кәсіби мәселелерімен қатар оның жалпы интеллектуалдық дамуына, тек кәсіби салада ғана емес, жалпы кез-келген істе мәселенің мәнін көре білу қабілетіне, оны шешудің оңтайлы әдістерін қарастыру, практикалық шешімге келуі, болжай білуіне қатысты талаптар легі қойылады. Кәсіби интеллектіге бұл тұрғыдан келу педагогикалық психологияның кәсіби оқытуды ұйымдастырудың, демек, кәсіби қажетті білімдер мен оларды игеру ді ұйымдастыруда арайы ақпараттық модельдер жасап шығаруын талап етуде. Психологияның проблемасы педагогика ғылымының біліктілігіне енетін кәсіби білімнің мазмұнынын таңдау емес, білімді қалыптастыру мен қолданудағы психологиялық проблемаларды шешу. Осыған байланысты оқытудың ақпараттық негіздерінің, оқу пәнін әр тұрғыдан зерттеу және оны игеруге қатысты мәселелерді шығармашылық тұрғыда, өз бетінше, байланыстар мен қарым-қатынастардың барлық кешеніне бағытталу деңгейінде психологиялық негіздемесі жасалуда. Кәсіби білім жүйесіндегі оқытудың ақпараттық негізі субъекті материалдың толық көлемін игеруі мен оны болашақ іс-әрекетінде дұрыс қолдана алуы үшін психологиялық механизмдер проблемасын түзуі мен талдауын қажет етеді. Ойлауда игерілетін біліммен байланыстығы жөніндегі Л.С. Выготский ұсынған идея оқыту теориясы негізін қалаушы теориялардың біріне айналды. Бұл байланыс мазмұны қабылдау тәсілін арнайы іс-әрекет ретінде ұйымдастыру арқылы ашылады. Кәсіби біліктілік маманның өз кәсібі туралы толық білуі мен оны сүюі және маман ретінде терең теориялық білімінің, шеберлігінің болуымен анықталады. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық қызмет әртүрлі деңгейдегі оқытушылардың кәсіби шеберлігі арқылы жүзеге асырылады және олар әртүрлі нәтижелер береді. Кез келген оқытушы кәсіби өсуге, педагогикалық шеберлікті үйренуге тырысады. Әртүрлі педагогикалық шеберлікті меңгеру студенттік жыллдардан басталады десек болады. Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың жоғары деңгейін білдіреді яғни ол қысқа уақыт арлығында дұрыс қорытынды береді.

20 Кәсіби біліктіліктің негізгі баспалдақтары:
1. Педагогикалық кәсібилік. 2. Педагогикалық шеберлік. 3. Педагогикалық жаңашылдылығы. XX ғ. педагогикалық шеберліктің мәнін көптеген зертеушілер зерттеген. Олар: А.С.Макаренко, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин,В.Н.Кузьмина, И.Ф. Харламов және т.б. Олардың көзқарастарына сүйене отырып педагогикалық шеберлікке толықтырулар енгізсек, онда оның құрылысына келесі қажетті компоненттерді кіргізуге болады. 1. Кәсіби білім: Педагогикалық шеберліктің негізін қалайды және үш жақты оқыту пәндері кіреді: арнайы, психо-педагогикалық, әлеуметтік - мәдени. 2. Педагогикалық біліктілігі үш түрлі қабілетілікті қажет етеді: оқыту –тәрбиелеу процесін, тәрбиелеу процесін жүзеге асырады; студенттермен қарым – қатынас жасау, әртүрлі жұмыс үлгісінде оларды басқара алу; өзін -өзі басқара алу - өзінің көңіл – күйін, денесін ұстауы, сөйлеу мәнерін қадағалау. Педагогикалық қабілеттілік оқытушының кісіби тұрғыдан қалыптасуға көмектеседі, ал педагогикалық техникалар жоспарланған ойларына, көздеген мақсатына жетуге жағдай жасайды. 1. Педагогикалық қабілеттілік. Педагогикалық қызметке келесі негізгі қабілеттіліктерді бөлуге болады. Тіл табыса алушылық, перцевтивті (интуиция, көрегіштік), ой өрісінің кеңдігі, ұйымдастырушылық. Педагогикалық қабілеттілік педагогикалық процесті жылдамдатып, оның жемісті болуына ықпал етеді. 2. Педагогикалық өнегелілік. Оқытушының бағыттылығының құндылығын яғни қызығушылығы, арман мұраты жатады. Оқытушының педагогикалық тұрғыда тәрбиелеу – білім беру процесіндегі нақты мәселелерді таңдауға анықтап, студенттермен қарым – қатынас жасауына әсер етеді. 3. Кәсіби және жеке моральдық қасиеттері. Жеке тұлғаның кәсіби және моральдық қасиеттері педагогикалық қызметтің жемісті болуына әкелсе, кейбір жағдайда керісінше оның дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Кәсіби маңызды қасиеттерге: адамгершілік, талап етушілік, өзін -өзі билеушілік, қабілеттіліктің жоғары сатысы, өзін -өзі ұстай білуі, жинақылық, оптимисттік қасиеттер жатады. Осыған байланысты әр оқытушы өзінің жақсы және жаман қасиеттерін біле алады, яғни біріншісіне сүйене отырып оны дамыту, ал екінші қасиеттерді өз бойынан жоғалту. 4. Сыртқы келбеті. Бұл оқытушыныңжұмысында маңызды рөлді алады. Себебі оқытушы әр қашан студенттердің назарында болады. Сыртқы мәдениетке – сыртқы келбеті, мәнері, ұжым және студенттермен вербальды емес қарым – қатынас жатады. Сыртқы келбет мәдениетіне: киімі, шаш үлгісі, өзін- өзі ұстай алуы (жүру, отыру, тұру). Сөйлеу мәдениеті лексикалық қорының байлылығына, мұқамды қоя білуден, сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білуден, дұрыс ырғағын қоя білуге байланысты. Ал вербальды емес қарым –қатынасқа сабырлылық, сенімділік, дене қимылы жатады.

21 Әдіснамалық және кәсіби мәдениет.
Әдіснамалық мәдениет білім алушының зерттеушілік іс-әрекетінің қалыптасуы барысында игеріледі. Ол үшін әдіснамалық білім қажет. Әдіснамалық білім қайта қалыптастыру іс-әрекетінің тәжірибесі мен теориясының құралы ретінде. Бұл өз кезегінде зерттеушіні сыни тұғыдан ойлауын қалыптастырады. Әдіснамалық мәдениет ғылыми зерттеу этикасын сақтаумен сипатталады. Ғылыми зерттеудің этикасын бұзудың түрлеріне: 1) Плагиат 2) Мәліметтерді бұрмалау Яғни, Плагиат (ұрлау) - біреудің шығармасын толық немесе жарым- жартылай өз атымен ұрлап пайдалану. Мәліметтерді бұрмалау формаларына : Зерттеуші мәліметтер жинамайды, тек оларды даярлап шығарады; Соңғы нәтиже жақсы болу үшін мәліметтердің бөлігін жасыру мен өзгертулер енгізу; Кейбір белгілі көлемдегі мәліметтерді жинақтау мен жетіспейтін қорытынды мәліметтерді жинау арқылы толықтыру; Егер шыққан нәтиже күткен нәтижемен сәйкес келмесе, өзінің барлық зерттеулерін жасыру. Сонымен қатар зерттеушінің шығармашылық сипаты да әдіснамалық мәдениеттің құрылымын анықтайды. Кәсіби педагогикалық мәдеинет – бұл арнайы тапсырмаларды шешудің әдіс – тәсілдерін итеру деңгейі. Кәсіби педагогикалық мәдениет өзіне жалпы мәдениетті қосады және педагогикалық әрекет сферасындағы жалпы мәдениеттің спецификалық проектілеу функциясын атқарады. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу – тәрбие процесінде қалыптасатын болашақ маманның жеке тұлғасына тән қасиеттері кәсіби біліктері мен білімі, кәсіптік деңгейінің қалыптасуына бастама болады. Кәсіптік бейімделу – кәсіптік іс - әрекеттің мазмұнын ұғына отырып, оның сипатына, ыңғайына икемделу, кәсіби міндеттерді орындау. Маманның кәсіптік іс-әрекетке бейімделуі оның бойында, жалпы оның ұғымында кәсіптік идентификацияның бар – жоғымен байланысты. Оқытушы педагогикалық мәдениетке үш аспект арқылы қарым – қатынасқа түседі: кәсіпті игеру, процесте педагогикалық мәдениетті үйрену: мәдени – педагогикалық сфераға тәжірибелік әрекет арқылы қосылу. Педагог педагогикалық құндылықтырды жинақтаушы және таратушы ретінде; педагогтің педагогикалық шығармашылық әрекетінде өзін - өзі жетілдіруі, педагогикалық мәдениетті қалыптастыруы. Кәсіби – педагогикалық мәдениеттің құрлымы: Аксиологиялық компонент : Технологиялық компонент: Тұлғалық - шығармашылық компонент:

22 Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік .
3 МОДУЛЬ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ 6Тақырып. Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы Педагогикалық іс-әрекет ұғымына түсінік . Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл "адам-адам" қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгерісі болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келсімі. Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады: мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету; тәрбиеленушінің әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формаларының белсенді қабылдауы мен меңгеруі. Тәрбиеленушінің белсенділігі педагогқа және өзіне-өзі тікелей, жанама түріндегі әсер етуден пайда болады. Білім беру тек процесс ретінде ғана емес, тұлғаның әр түрлі білім деңгейінде байқалатын процесс нәтижесі ретінде де түсіндіріледі. Тұлғаның білімділігі – тұлғаның жүйеленген білімі мен оны практикалық және танымдық іс-әрекетте қолдана білуді меңгеру деңгейін көрсететін сипаттама. Алайда, барлық белгілер мен қабілеттер білімділігін таныта бермейді. Егер білім беруді адамға «бейнең беру нәтижесі ретінде қарастырсақ, онда ол жалпыадамзаттық мәдениет білімінен бастау алған болар еді. Ал, мәдениетті адам білім беру процесінде тек өзінің адамгершілік бейнесінің қалыптасуы тұрғысында байқалады. Бұл – білім берудің тәрбиелік функциясы. Білім негізінде табиғат пен қоғамның дамуы туралы заңы, материалдық өңдеу сферасы және тұлғаның рухани мәдениетті белгілі бір көзқарас, өнім, дүниетаным және адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Демек, білім беру мен тәрбиелеу тығыз байланысты. Диагностика – іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады.

23 Педагогикалық болжам жасаудың маңыздылығы
Педагогикалық болжам жасаушылық педагогтың маңызды ұйымдастырушылық, гностикалық ( студенттермен өзара әрекет етудің құралдары, әдістерін іздеу) немесе коммуникативті функциялары сияқты әр педагогтың функциясы болып табылады. Әрекеттердің ойластырылуы, олардың реттілігі адамда жақсы қасиеттердің жобалануына, батыл да бай тұлғаның қалыптасуына бағытталды. 1989ж. осы маңызды педагогика саланың дамуына бастама берген әйгілі педагог В.П.Беспальконың педагогикалық жобалау туралы жеке еңбегі шықты. Педагогикалық болжам жасау жоспарланған іс-әрекеттің мүмкін нұсқаларын жасауға және оның нәтижелерін болжамдауға көмектеседі. Педагогикалық болжам жасаудың құрылымын: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуациялар анықтайды. Педагог үшін педагогикалық процесс болжам жасаудың басты объектісі болып табылады. Педагогикалық жүйелерді, процесс немес ситуаццияларды болжамдау - күрделі көпсатылы іс-әрекет. Бұл іс-әрекет субъектілерге және объектілерге тәуелсіз, бір-бірінен кейін болатын кезеңдермен жасалынады. Өзіміз көріп отырғандай болжам жасау педагогикалық процесте маңызды роль атқарады. Яғни, оқытушының қызметінің бірі де болжам жасай білу.

24 7 Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар
Дәрістің қысқаша мазмұны Оқытушының субъект ретіндегі құрылымы Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады. Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор. Арнайы оқытушылыққасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады. Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады. Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады. Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді: тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде; қабілеттілік; өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық; кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.

25 Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі.
Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады: Дидактикалық қабілеттілік; Академиялық қабілеттілік; Перцептивті қабілеттілік; Сөз сөйлеу қабілеттілік; Ұйымдастырушылық қабілеттілік; Авторитарлық қабілеттілік ; Коммуникативті қабілеттілік; Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес. Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. болып табылады. Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас оқушының жеке басына деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеру іс-әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің бұл қасиеттерін көріп оған еріксіз електей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды, гуманизм тұрғысынан тәжірибе жинақтайды.

26 Оқытушының өзін - өзі ұстауының бірнеше түрі:
1. Монблан моделі – ол білім патшалығында отырып, студент қауымынан алшақ яғни студент қауымы тек тыңдаушылар қатарында. Себеп - салдары: психологиялық қарым – қатынастың жоқтығы, студенттердің оқуға деген немқұрайлығына алып келеді. 2. Қытай қорғаны – бірінші жағдайға ұқсас, бірақ студент пен оқытушының арасындағы әлсіз байланыс. Мұнда бір жақтық қарым – қатынас. Оқытушының еріксіз өзінің статусын қабілеттілігін көрсету. Салдары: студенттермен жеткіліксіз қарым – қатынас жасауға, ал студент қауымы тарапынан оқытушыға деген немқұрайлық. 3. Локатор – Оқытушы белгілі сағатта ғана тек қабілетті немесе әлсіз студенттерге назар аударады.Қарым – қатынас ортаның көңіл – күйіне негізделеді. Салдары: оқытушылық жүйе бойынша студентпен қарым – қатынас жасау керек болса, мұнда жағдай қарым – қатынасқа негізделеді. 4. Гипорефлекция моделі (Тетерев) – оқытушы қарым – қатынас жасауда өзімен ғана тұйықталуы. Оның сөйлеген сөзі бір қалыпта өтеді. Ол тек өзін ғана естиді, ал тыңдаушыларды естімейді. Салдары: оқытушы мен студенттің арасындағы қарым – қатынастың мүлде болмауы. 5. Гамлет – оқытушы өзінің айтқан дәлелдеріне, дұрыс әрекетіне күмән келтіреді. Студенттің кемшіліктерін өзінің есебіне қабылдайды. Салдары: оқытушының әлеуметтік психологиялық сезімінің сезімталдылығы, студент ел басқару күші тиеді, ал оқытушы қарым – қатынас деңгейінде ғана. 6. Робот – мұнда оқытушы мен студент қарым – қатынасы бағдарлама бойынша яғни онда көрсетілген сабақтың мақсаты және тапсырмаларына негізделеді. Бірақ оқытушы жағдайдың өзгеруін мойындамайды. 7. Беделді модель – (Мен - өзім) Тәрбиелеу – оқыту процесі тек оқытушыға жүктелген. Оқытушы жауаптардың, сұрақтардың, айқындаудың, дәлелдеулердің қайнар көздері. Жалпы аудиториямен қарым – қатынас мүлде жоқтың қасы. Студент қауымы тек орындаушы рөлінде яғни тапсырмаларды күтеді. Студенттің танымдық және қоғамдық белсенділігі төмендейді. Салдары: оқытудың шығармашылық қасиеті жоғалады. Белсенді әрекеттестік «Одақң - оқытушы әр кез студенттермен қарым – қатынаста болады. Оларды сергек ұстайды, ортадағы психоллогиялық жағдайларға өзгерістерге тез бейімделеді. Оқытушы студенттермен достық қарым – қатынаста болса да, белгілі бір қашықтық ұстайды. Салдары: оқыту, ұйымдастырушылық мәсілелерді бірлесіп күш жұмсау арқасында шешіледі. Этикалық мәселе: “имидж” және “харизма” деген қазіргі кездегі саяси жаргондардың оқытушы жұмысына қандай қатынасы бар? Оқытушы өз келбеті туралы қаншалықты қам жейді?

27 8 Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі
Коммуникативтік біліктік туралы түсінік . Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру,араласуң дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындаєы жолдар, құралдарң деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды. «Қарым-қатынасң ұғымы – ғалымдар коммуникация ұғымы екеуі бір мағынаны білдірмей ме деп зерделеді. Оны шешуге екі түрлі амал тұрғысынан келді: 1-ші амал – мәніне қарай екі ұғымды теңестіру. Л.С.Выготский, В.Н.Курбатов, А.А.Леонтьев т.б. көптеген энциклопедиялық сөздіктерде «коммуникацияң ұғымы – хабарлау жолы, қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Белгілі украиндық маман Ю.Д.Пирлюктің пікірінше, этимологиялық және семантикалық тұрғыдан алғанда бұл екі ұғым тең. Бастапқы мағынасына қарай «қоғамдағы ақпараттық алмасуң дегенді білдіреді. Шетелдік ғалымдар Т.Парсонс және К.Черри де осы пікірді құптайды. Т.Парасонстың пікірінше, коммуникавцияны адамдар арасындаєы қарым-қатынас, өзара әрекет деп түсінуге болады. К.Чериидің пікірінше коммуникация сан алуынан байланыс жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді. 2-ші амал – «коммуникацияң және «қарым-қатынасң ұғымдарын бөліп қарастыру. Белгілі философ С.Каган коммуникация мен қарым-қатынастың басты екі қатынасына қарай айырмашылықтары бар дейі. Біріншіден, қарым-қатынас практикалық та, материалдық, рухани, ақпараттық және практикалық-рухани сипатқа ие, коммуникация тек ақпараттық үрдіс – белгілі бір ақпаратты тасымалдайтын дейді. Екіншіден, өзара әрекет жүйесіне түсетін байланыстардың сипаты мен ерекшеленеді. Коммуникация субъекті-объектілік байланыс, субъект қандайда бір ақпаратты береді (білім, идея, іскерлік хабарлама, мәлімет, нұсқау және т.б), ал объект ақпаратты пассивті алушы (қабылдаушы) ретінде болады. Қазіргі таңда оқытушының коммуникативтік икемділігін , бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғары оқу орындарына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер жастардың қарым – қытанс барыныдағы икемділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысынды да , өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысының мол болуы қажет.

28 Кәсіби – педагогикалық қарым – қатынас
Кәсіби – педагогикалық қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефликсивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ бұл көбінесе ескеріле бермейді. Сол себепті педагогикалы қырым – қатынастың технолгиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттерді орындалу сатысы төмендегідей болуы мүмкін.: - қарым – қатынас жағдайына беймделу; сырттағы адамдарды өзіне қарату; нысанның жан дүниесін жаулап алу; сөздік қарым – қатынасты іске асыру; эмоционалды және мазмұнды байланысты іске асыру; Педагогикалық қарым – қатынас келесі бөліктерді қамтиды және педагогикалық үрдіске сәйкес бір қарқындылыққа ие болады: мерекелік шараға немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қарым – қатынасты қалыпқа келтіру; қарым – қатынастың үзбей ұйымдастырылуын қамтамассыз етіп; педагогикалық үрдісте қарым – қатынасты басқару; Коммуникативтік міндеттер педагогикалық міндеттер болып табылады, яғни коммуниативтік міндет педагогкалық орындау барысында педагогикалық көзараситарға әсер ете отырып, оның коммуникативтік қабілетін жүзеге асуына мүмкіндік жасайды. Кейбір педагогтар коммуникативтік міндетті педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде есепке алмайды. Жалпы айтқанда коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады.Сонымекн бірге коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді: студенттерге хабарды жеткізу және белгілі бір әрекетке ұмтылу. Коммуникативтік дайындық жас маманға сабақты бастаудағы педагогикалық қарым – қатынастың аса маңызды элементі. Оның іске асуының технологиясын негізгі элементтің бірі төмендегілер жатады: белгілі бір топқа немесе ұжымға нақты білім беру барысын елестету; нақты ұжыммен қарым – қатынас жасау барысында нақты топқа сәйкестендіру және жағымды эмоционалды жағдайды қалыптастыра келе жағымсыз әсер ететін факторлардың туындауына жол бермеу; Бұл топқа қарым – қатынастың қай түрі сәйкес келетінін анықтау; Қарым – қатынас стилін күн талабына сйкестендіру.

29 Ғылыми зерттеу типологиясы
9 Тақырып. Педагогтың зерттеушілік іс-әрекеті оның шығармашылығын дамытуының негізі ретінде Ғылыми зерттеу типологиясы Обьективті педагогикалық шындықты тану, түсіндіру үшін педагогикалық зерттеулер жүргізіледі. Педагогикалық зерттеу ол оқытудың тәрбиелеу мен мамандандырудың заңдылық туралы және олардың құрлымы мен механизмдері, мазмұны, принціпі және технологиялары туралы жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекеттің процесі мен нәтежесі. Педагогикалық зерттеудің теориялық және тәжіребелік сипаты болуы мүмкін. Бағыты бойынша педагогикалық зерттеулер : әдістемелік; түпкілікті; қолданбалы; тәжірибелі- құрастырушылық болып қарастырылады . Негізгі зерттеулердің нәтежесі болып педагогикалық теоретикалық және практикалық жетістіктеріне қорытынды келтіретін немесе болжамдық негізде педагогикалық жүйелердің даму үлгілерін ұсынатын қорытынды тұжырымдамалар болып табылады. Қолданбалы зерттеу - бұл педагогикалық процестің жеке жақтарын терең зеріттеуге, көпқырлы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар. Жоспарлы білім теоретикалық жағдайларды ескеретін нақты ғылыми - практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған. Педагогикалық зерттеуді жүргізгенде келесі принціптерді басшылыққа алу керек. Педагогикалық құбылыстың келісілгенділігінен және обьективтілігінен шығу олар ішкі обьективті заңдардың қарама - қайшылықтардың, себеп - салдары байланыстардың әрекет ету күші мен тіршілік етіп, дамиды. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде тұтас амалды қамтамасыз ету. Құбылысты оның дамуында зерттеу Құбылысты басқа құбылыстармен байланыста зерттеу Зерттеу амалын таңдауда кез келген ғылыми мәселелерді шешу үшін өзаратолықтыратын амалдардың біреуі емес жиынтығы пайдаланылатындығынан шығу керек . Зерттеу амалы зерттелетін заттың мәніне сай болу керек. Даму процесін қозғаушы күш және дамудың қайнар көзі болатын оған тән ішкі қайшылықтармен қортындылған өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қаралады. Сыналатын білімдік - тәжіребелік процеске зиян келтіретін эксперименттерді жүргізуге жол берілмейді.

30 Педагогикалық зерттеудің әдістері
Педагогикалықлық зерттеудің әдістері – ол заңдық байланыстарды, қатынастарды, тәуелділікті бекіту және ғылыми теория құру мақсатымен ғылыми ақпарат алу тәсілі. Педагогикалық зерттеуді жүргізуде теориялық әдістер қолданылады: талдау, синтез, салыстыру, индукция, дидукция, абстракциялау, қорыту , нақтылау, үлгілеу; эмпирикалық әдістерге: сауал – сұрақ жүргізу, интерьвю алу, рейтенг; әлеуметтік- психологиялық әдістерге: социометрия, тестілеу, тренинг; математикалық амалдар: сап түзеу, межелеу, корреляция (өзара байланыс, арақатынас) және педагогикалық эксперимент. Кейбір теориялық әдістерге тоқталсақ: Талдау зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру. Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу. Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады. Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру. Нақтылау - алдын ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру. Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру. Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу. Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше. Зерттеудің эмперикалық әдістеріне жатады: мәліметтерді жинау амалы,бақылау, әңгімелесу сауал – сұрақ жүргізу тестілеу, бақылау мен өлшеу амалы ( межелеу, тесттер ); мәліметтерді өңдеу ( математикалық. Статистикалық, графикалық кестелік); бағалауамалы (өзін өзі бағалау, рейтинг, педагогикалық консилиум ); зерттеу нәтежелерін педагогикалық практикаға енгізу амалы эксперимент, көлемді енгізу) Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу. Педагогикалық эксперимент - педагогикалық процесске өзгерістерді әдейі енгізу, терең сапалы анализ және өзгерістердің нәтежесін өлшеу саны. Бақылау секілді педагогикалық эксперимент маңызды зерттеу әдісі болып табылады. Егер бақылау әдісінде зерттеуші пассивті түрде оны қызықтыратын процестің пайда болуын күтеді, ал эксперимент әдісінде ол процессті тудыру үшін барлық жағдайды өзі қарастырады. Эксперименттің екі түрі: табиғи және лабараториялық эксперимент бар. Лабараториалық эксперимент- жасанды, лабараториалық жағдайда өткізіледі. Табиғи эксперимент зерттелінетін обьектіге байланысты әдеттегідей табиғи жағдайлар жүргізіледі. Байқау әдетте табиғи жағдайда, зерттеленуші адамның әрекетіне әдейі араласпай – ақ жүргізіледі.

31 МОДУЛЬ 4. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ (ДИДАКТИКА) 10 дәріс Кәсіби оқыту процессінің мәні.
1. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категориялары. Дидактика –педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ( dіdaktіkas-оқытушы, dіdasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке ( ). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің “Ұлы дидактика” еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша , дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұраққа жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда , неге оқыту. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері. Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқу әдістемесі деп аталады. Дидактика әрі теориялық , әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми- теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен змңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін , ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың ққолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын ( тәрбие, педагогтік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар : білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік . Оқыту –оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықталған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтижесі болатын білім , білік, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

32 2. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері.
Оқыту процесі – білімді , біліктілік пен даағдынф меңгертеді ,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы . Оқу барысында оқушының сана-сезімі , адамгершілік қасиеттері , эстетикалық талғамы , тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды. Оқытудың психологиялық, пелагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту мақсатты – процесс. Оқытудың басты мақсаты , әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап , ұдайы өсіп жаңарады. Оқыту – таным процесі . Танымның ерекшеліктері оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі. Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушыны дүние танудабұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу , ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту- даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді. Білім алушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым – қатынас жасау іс - әрекеті .Сөйтіп ,оқыту процесі – оқытушының студентпен үнемі рухани қарым - қатынаста , ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді .Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс – қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару , ұйымдастыра білуі (іс- әрекетін білуі, бағалауы , өзін өзі басқаруы ) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде студент логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қортынды : оқыту – білім алушылардың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі , жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.

33 11 Тақырып. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің әдіснамалық негіздері.
Теориялық тұжырымдар жиынтығы, әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құралы ретінде Жалпы алғанда теориялық тұжырымдар жиынтығы, әдіснамалық білімнің құрылымын айқындаушы құрал ретінде. XVІІІ ғасыр соңында – XІX ғасыр басында білім беру мазмұның негізгі теориялар қалыптаса бастады. Олар материалдық теория және білім беру мазмұның формальды атағын алады. Білім беру мазмұнының материалдық теорияның жақтаушылар білімнің негізгі мақсаты оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру,- деп айтады. Көптеген атақты педагогтар ( Я. А. Коменский, Г. Спенсер т.б.) материалдардық теорияны жақтаған. Қазіргі кезде осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Білім мазмұнының формалды теорияларын жақтаушылары оқутудың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу, ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттілігіне мән беру керек деген. Олар білімнің қайнар көзі ақыл болып табылады дейді. Сондай-ақ адамның ойлау қабілетін дамыту керек деп көрсетеді. Бұл теорияны Д. Локк, И.Г Пестолоций, И. Гербарт т.б. жақтайды. Формальды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты субъективтік мәнін жете бағалаған. К.Д.Ушинскийдің ойынша, мектеп адамның интеллектуалдық күшін дамыту, білімдендіру және оны қолдануды ұсынады. К.Д. Ушинский дидактикалық материалды және дидактикалық формальды әдістерін біріктіре қарастыру идеясын ұсынған. XІX ғ –XX ғ білім беру мазмұның қалыптасуының дидактиканың прагматизм теориясы материалдық және формальдық білім беру мазмұның теориясына қанағаттанбаған жауап ретінде көрініс берді. АҚШ–та атақты педагогы Д. Дьюи негізін салған болды. Европада неміс педагогы Г.Кершенштейнер аналогиялық көзқарасты айтады. Бұл теорияны жақтаушылары білім мазмұнының қайнар көзі тек бөлек сабақпен бітпейді, жалпы және жеке балалар әрекетімен, - деп ойлады. Негізгі оқушылардан практикалық әрекет және өз бетімен тапсырманы шешуін талап етеді. Әр түрлі оқу ойындарын формасы, практикалық білімдер, өзіндік жеке жұмыстар балалардың оқу әрекетін жоғарлатады. Америкалық мектепте дидактикалық прагматика теориясы білім моделі мен әдісіне әсер еткен.

34 Педагагикадағы білім берудің мазмұны
Педагагикадағы білім берудің мазмұны Педагагикада білім беру мазмұны - жеке тұлға қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырған және де жүйелі түрде білім алуы және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Білімді адам дегеніміз - ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдері меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, балошақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Я.А.Коменский оқытуды технологияландыруды жақтады. Ол оқытуды «механикалық ң болуын жақтады, оқытудың қанағаттандыратын нәтижелеріне әкелетін жол іздеуге тырысты. Я.Л. Коменский «Дидактикалық машинаға: 1. нақты қалыптасқан мақсат; 2. мақсатқа жету үшін нақты бейімделген амал; 3. нақты ережелер, амалдармен қалай қолдануды түсіндіретін нақты ережелер табу керекң деп жазды. Коменский дәуіренен бері педагогикада оқытуды жақсы қалыптасқан механизм ретінде жасауға көп мүмкіндіктер болды. Соңында оқытуды технологияландыру туралы ойлар толықтырылып, нақтыландырылды. Оқыту технологиясына жаппай енуді зерттеушілер 60- жылдардың басына жатқызылады. Шетелдің педагогикалық технологияны барынша танымал авторларына ДЖ. Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Г.Геис т.б. жатады. Оқыту технологиясының жолдары Ресейлік авторлардың П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызин, Ю.А.Бабанский, М.В.Кларин т.б. ғылми еңбектерде көрсетілген. Қазіргі кезде оқытудың бихиоверситік теориясы алға шығуда. Сонымен қатар оқытудың прагматикалық теориясының өкілдеріне: У.Джеймсом, Д.Дьюи жатқызамыз. Ал, оқытудың прагматикалық емес теорияларын жақтаушылар қатарында: А. Маслоу, Т.Роджерс, Н. Тейлент және т.б. бар. Ф.Бэконн сенсуалистік теорияны ұсынған. Л.В. Занков программалық материалды меңгеруде тез ырғақпен жүрген екенін дұрыс екенін айтты. Дамыта оқыту технологиясын Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов және олардың көптеген шәкірттері дамытуға үлесін қосты. Д.В. Эльконин білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқытып, оқытуға жүйелі әрекеттестік бағыттың негізін қалады. Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеяларға әр түрлі сабақтағы әрекеттік ситуациядағы оқушылардың рефлекциясын жеделдету идеясы да енеді. Ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік технологиясы П.Я. Гальперинның, Д.В. Эльконин, Н.Ф. Талызин теориясының негізінде жасалған. Осы теорияның авторлары білім, шеберлік пен дағды адамның әрекетінсіз меңгерілмейтіндігін, сақталмайтындығын түсінді. Практикалық әрекет нәтижесінде адамда мақсат, жоспар әрекетті, орындау тәсілдері туралы негіз қалыптасады. Сондықтан әрекетті қатесіз орындау үшін адам болып жатқан әрекеттің қандай аспектісіне көңіл аудару керек, нәтижесінде не болатындығын білуі қажет деп санаған. Бұл жағдай ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясының негізін құрайды. Сонымен, Таңбалар моделін қолдануға негізделген технологиялар. (П.М.Эрдниев, В.Ф.Шатлов, Ю.С.Меженко және басқалар); Оқушылардың диалогтық тілдесіміне бағытталған технологиялар. (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.Р.Ривин, В.К.Дьяченко, М.М.Жанпейісова және басқалар); Дифференциялық оқыту технологиялар. (Г.А.Монахо, Н.П.Гузик, В.В.Фирсова, Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев және басқалар) деп бөліп қарастыруға болады. Мәселелік оқыту тұжырымдамасының өкілдеріне: Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, З.И. Калмыкова, М.И. Махмутов және т.б. жатады.

35 12 Тақырып. Білім беру мазмұны
ХҮІІІ ғасыр аяғы ХІХ ғасырдың басында білім беру мазмұнының ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта, дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі болды. Бұл бағытты ұстанғандар білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларға ғылымның әртүрлі саласынан көлемді білім беру деп ұсынушылар болды. Осы мәселе төңерегінде Я.А.Коменский өз еңбектерінде, дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XІX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да білім беру мазмұнын құрастыруда материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Яғни, бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қортынды жасай аламыз. Екінші теория, білім мазмұнының формальды теориясы. Бұл теорияны ұстанушыларға: Героклит, Цицерон, Кант, Песталоцци, Дистервег және тағы басқа ерте кездегі педагог-ойшылдарды жатқызуға болады. Мысалы, Героклиттің тұжырымы бойынша: “Адамды оның көп білімі, ақылды етпейді”- деген. Мұны, Цицерон да қолдаған. Аталған теорияның негізгі қағидаларын - И.Кант, Песталоцци философиялары құрайды. Олардың тұжырымы бойынша оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. Бұл туралы А.Дистервег өзінің “Неміс оқытушыларына басшылық” –атты еңбегінде өзіндік көзқарасын білдірген. Ол, білім беру мазмұнын қарастыру барысында оқушылардың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу,ақыл-есі, ойлау қабілеттерін ескеру қажеттігіне мән беру керек деген. Формальды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты оқытудың субъективтік жағының мәнін жете бағалаған. К.Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып, екі теорияны да сынға алды. Ол, “Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді”- дей отырып, алдымен адамды білім жағынан сусындатып, алған білімдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиіс екендігіне тоқталған. К.Д. Ушинский білім беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формальдық әдістерді бірлікте қарастыру идеясын ұсынған. Педагогикада білім беру мазмұны - жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы тәрбиемен оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да, алдымен білім беру мазмұнын анықтап алу қажет екендігі дау тудырмаса керек. Сонымен, білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысындағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік пен дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастастыру және ақыл-ойы мен сезімін дамыту. Яғни, білімді адам дегеніміз ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Білім мазмұны оқу орындарының негізгі мәселелерінің бірі. Ал, оның мәні әрбір ғылыми пәндерден ғылыми білімді игеру, тәжірибеде қолдана білу.

36 Білім мазмүнының негізгі компоненттері
Білім мазмүнының негізгі компоненттері Қазіргі өзіміздің өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркін, шығармашылық- танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру міндетіне сай білім беру мазмұнында қолданыста бар үш түрлі тұжырымдамалар бар. Мысалы, ғылымдар негізінде педагогикалық бейімделу мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде сипатталады. И.Ф.Харламов білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында білім алушылар меңгеретін білім, дағды, іскерліктері тұтастықта қарастырылады. Оқыту, үйрету барысында білім алушылар міндетті түрде білім мазмұнының құрамы ретінде дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет, деп санайды. Әрине, мұнда адамзаттық мәдениеттің барлық құрамы талданбаған, сондықтан да білім,білік, даңдының негізі сипатын ашпайды. Білім мазмұнының негізгі компоненттері, жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім беру мазмұнының тұжырыдамасындағы мақсат- гумандық тұрғыдан ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сай келеді. Білім мен тәжірибені іске асыру барысында аталмыш тұжырымдама шығармашылық-танымдық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі ретінде есептеледі. Яғни: табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып білім алушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық іс-әрекетінде дұрыс әдіспен қамтамасыз етеді; белгілі іс-әрекет тәсілдерінің арасында тұлғаның дағды, іскерлік білімді игеруі, тәжірибені кеңейте түседі; шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін- іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкене кезінен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу керек. Яғни, қоршаған ортаға, алған біліміне байланысты әрбір адамның құндылық дүниесі қалыптасады. Жоғары білім мазмұнына айқындаәтйн нормативтік құқықтық құжаттар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы. Оқу жоспарларын құруға ғылыми тұрғыдан келу қажет. Ол "Оқу бағдарламасы", "Типтік бағдарламалар" негізінде жасалады. Мұндағы оқу бағдарламасы дегеніміз оқытылатын пән бойынша тақырыптар мен олардың мазмұны, міндетті тапсырмалар мен әдебиеттер тізімі көрсетілген құжат. Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру стандары негізінде жасалады. Ал, оның негізінде оқытудың жұмыс бағдарламасы түзіледі. Студенттерге жұмыс бағдарламасының қысқартылған түрі яғни, силлабус таратылады.

37 Оқу -әдістемелік кешен
Оқу -әдістемелік кешен ҚР білім беру стандартының мазмұнымен сәйкестелініп өңделеді. Оның құрылымының сипаттамасы, мамандықтың типтік және практикалық оқу жоспары мен пәннің негізгі мазмұнына және дайындық бағытына әсер етеді. Ол студенттердің пәндерді таңдауын жеңілдетеді. Оқу-әдістемелік кешен мынандай міндеттерді шешуге бағытталған: - белгілі бір мамандықтың білім беру бағдарламасында оқу пәнінің орны мен ролін анықтау; - оқыту процесінің тақырыбын және өткізу түрін оқу уақытымен бөлу; - студенттердің аудиториядағы және аудиториядан тыс жеке жұмысын ұйымдастыру; - студенттердің танымдық және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырыу; - оқыту мен зерттеу процесінің өзара байланысын қамтамассыз ету;

38 5 МОДУЛЬ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 13 Тақырып Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасады. Дәріс (латын тілінен «lectіоң - оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі. Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады. Дәріс беруші аудитория (студенттер) алдында түзетусіз “таза” сөйлеуі қажет. Жазу столында жіберген қателікті оңай сызып тастай алсақ, дәрісті оқу барысында қате жіберу мүмкін емес. Бұның бәрі дәріс берушіден лекцияға дайындалу кезінде тіл және баяндау стилімен көп жұмыс істеуді талап етеді. Мазмұндаманың қарапайымдылығы мен жеңілдігі жоғарғы мектептегі дәрістің басты жетістігі болып табылады. Анықемес және бұрмаланған мазмұндаманың екі себебі бар: 1) дәріс берушінің жауап беріп отырған сұрағын терең түсінбеу; 2) өз ойындағын тыңдаушыларға қарапайым түрде жеткізе білмеуі. Дәрістің қарапайымдылығы мен түсініктілігі мазмұндаманың қысқа болуымен тығыз байланысты. Ғылым тілі қысқа. Академиялық дәрісте көп нәрсе айтуға болады, бірақ көп сөйлеуге болмайды. Дәріс берушінің ұзақ мағынасыз сөзі тыңдаушыны жалықтырады және шаршатады. Өкінішке орай жоғарғы оқу орындарында өзімен өзі түсінікті қарапайым нәрсені қайталап түсіндіре беретін, көп сөйлейтін дәріс берушілер кездеседі. Дәрісті оқу шаблонды болмауы қажет. Дәрістің формасы бірқатар жағдайларға және ең бастысы материал мазмұны мен тақырыбының сипатына байланысты болады. Дәрістегі шаблон дәрісшінің оқылатын дәрісті дайын кітаптағы фраза түрінде бергенде пайда болады. Дәріс – арнайы белгілері: ғылыми ортада қабылданған өзінің терминологиясы, фразеологиясы мен этикеті бар ғылыми стильдің ерекше жанры.

39 Дәріс түрлері: Олар: Проблемалық дәріс Кеңес беру дәрісі
Пресс – конференция дәрісі Екі жақты дәріс беру дәрісі Әңгіме дәрісі Пікір сайыс дәрісі Әдейі қатеге негізделген дәрісі Зерттеу дәрісі Анық мағынаны талдау дәрісі Кері байланысты техниканы қолданудәрісі Көзбен шолу тағы басқа. Жаңа дәрістертің түрлері түрлі әдіс – тәсілдерді қамтиды. Кейде дәрісші студенттердің белсенділігін ұйымдастыру барысында «Дәріс – семинарң сабақтарын жүргізеді. Дәріс белгілі бір ғылыми білімнің тәртібі бойынша жүргізіледі. Студенттердің ғылымилыққа, күрделілікке, туындаған сұрақтардың жауабын шешуге , олардың танымдық іс – әрекетін және шығармашылық ойлау қабілетін ашады.

40 Дәріске қойылатын талаптар:
1Құрылымдық негізін құру (жоспар) және сұрақтарды қисынды етіп қойып, оған нақты жауап беру. 1. Теоретикалық өзекті мәселелерді анықтап алу. 2. Теоретикалық білімді өмірмен байланыстыру. 3. Нақты дәлелдер мен дәйектерді жеткілікті мөлшерде қолдану. 4. Логикалық фактілерді келтіре отырып студенттердің қызығушылығын арттыру, өздік жұмыстарға бағыт беру. 5. Қазіргі кездегіғылым мен техниканың даму сатыларын және солардың жақын уақытта дамубарысын болжай білу. 6. Материалға арнап әдісті өңдеу. 7. Жан – жақты демонстрациялық оқытуды пайдалану. 8. Қарапайым да, түсінікті тілмен жеткізу, кензденскен жаңа терминдердің мағынасын ашып беру. Дәрістің негізінде – ой, ойлылықты, қызықты, қисынды сұрақтармен жеткізу , анық, дәл, есте қаларлықтай әрекет жасау. Студенттердің күш – жігерін, қызығушылығын баурайтындай ету, ойды – ойға жалғастыру өзекті ойдың дамуына қол жеткізу қажет.

41 Жоғары оқу орыныдағы дәрістің құрылымы
1. Кіріспе Тақырып, жоспар, әдебиеттеро 2.Негізгі бөлім (шығарма) Тақырыптың ғылыми мазмұны 3. Аяқтау --дәріс беруші тақырыпты еске салады.  Тақырып бойынша әдістерді айту  Тақырып бойынша сұрақтарға жауап, қысқаша қортындылау.Сұрақтар негізінде тақырыпты толықтыру. Мақсат Міндеттер Мазмұн Әдістер Тәсіл Түр Тапсырма Менделеев «Дұрыс қойылған сұрақ – дұрыс жауаптың жартысың дейді. Сондықтан дәрісті түсінікті етіп жеткізу керек. Дәрісті оқуда дауыс екпініне аса ден қою міндетті. Интервал. Сөзбен, сөз топтарын ажырата кесектеп оқу. Кідіріс. Жаңа сұраққа көшу барысында міндетті түрде кідіріс жасау керек Темпті өзгерту. Дәріс оқуда (біркелкі , асықпай, жылдам, қатты, жоғары, бәсең, орташа, төмен) оқудың арқұасында студенттердің конспектілеуіне мүмкіндік туады. Дене қимылы. Мимеика, қол сермеу, керек. Дискілерді қолдану.т.б.

42 Білім берудегі дәстүрлі оқытудың түрі: семинар
Семинар – латын тілінен енген (semіnarіum)- білім қалыптастырушы, ойды негіздеуші. Студенттердің таным процесінде жанданады. Ежелгі Грецияда алғаш студенттердің арасында пікірсайыс , оқытушы мәліметімен, қорытындысы түрінде пайда болды, Ортағасырларда университеттерде апта сайын педагог пен магистрлік дәрежеге ие болғандар дисппут түрін жүргізді. XVІІ ғасырларда Батыс Европада қолдана бастады. Семинарды өткізудің мақсаты – тәртіп бойынша білімді тереңдету. Білім алушыларға өзіндік ізденіс дағдысын қалыптастыру, ақпаратқа анализ жасауға және де ғылыми ойлаудың дамуын қалыптастыру. Семинар- шығармашылықпікір сайыстарға қатысуға, дұрыс шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарас танытуға мүмкіндік береді Семинарды өткізудің негізгі міндеті: дәрісте алған білімді бекіту, өзіндік жұмыстардың тиімділігі мен нәтиже беруін тексеру, алдағы мәселені шешуде өздіндік мүмкіндіктерді көрсете білуге машықтандыру; Семинар белсенді жүргізу үшін ол басқарушылық, пікірсайыстық сипатқа ие болуы қажет. Пікірсайыстық тақырыбын, өзектілігін педагог алдын – ала ойластырады. Дәстүрлі семинарлар: пікірталас семинары, рефераттар мен баяндама қорғау т.б. семинарлар болып бөлінеді. Рефератты-баяндамалық семинарларда студент баяндама қорғайды. Сұрақ жауап семинарында- педагог таңдауымен студенттің сабақ айтуы содан кейін кері байланыс орнатылады. Аралас семинар түрінде – кейбір студенттер реферат қорғаса , кейбір студенттер сұраққа жауа береді т.б. Соңында баяндамашы қорытынды жасайды. Семинар уақыты: оқытушы сөзі- 5 минуттан артық емес. негізгі баяндамашы минутқа дейін әрбір студенттердің сөйлеуі – 5 минутқа дейін.

43 14 Тақырып. Болашақ мамандарды даярлаудағы белсенді әдістер мен оқыту түрлері.
Иновациялық технологиялардың пайда болуы, мәдени байланыстың кеңеюі мен тереңдеуі, ақпараттар ағынының сапасы мен санының тұрақты түрде артуы уақытпен бірге қарқын алып отырған ақпараттар ағынына бейімделу тәсілдерін меңгеру үшін тиісті ептіліктер мен білімді қажетсінеді. Бұл үшін ақпаратты қабылдау және еске сақтау қабілетімен бірге оны шығармашылықпен өңдеу, мәселелерді көріп, оларды шеше білу керек. Сондықтан да білім берудің алдына төмендегі міндеттер қойылады: жас ұрпақтың осы заманғы әлеуметтік мәдениеттік жағдайға әлеуметтенуі сынды күрделі мәселені шешу, оның өзіндік өзектілігі арқылы сәйкестік сипатын иеленіп, шығармашылық мүмкіндікті дамытуына жол ашатын ізгілік түсінігін қалыптастыру. «Инновацияң латынның жаңакөзқарас, жаңашылдық , жаңалық ендіру деген ұғымынан туындаған. Инновациялық оқытудың ерекшеліктері: Инновациялық технологиялар - оқытудың белсенді әдістері жетілдіруге бағытталған, дамудың оңтайлылығы; болашаққа ашық есік; адамның үнемі белсенділік көрсетуі, қозғалмалылығы; тұлғаға және оның дамуына бағытталғандық; шығармашылық элементтерінің мінтетілігі; өзара байланыс: ынтымақтастық, өзара көмек, жәрдем. Белсенді әдістер, инновациялық әдістер болып табылады. Білім берудің мақсаттары қоғам өмірінің мақсаттарымен тікелей байланысты. Өмір білім беруді нақтыласа, білім тірлікке әсер етеді. Білім беру мақсаттары мен тірлік мақсаттарының өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігін көптеген авторлар зерттеді. Солардың бірі – философ әрі педагог С. И. Гессен. Ол адамзат тірлігінің мақсаттары туралы мәселені адамның мәдениетімен байланыстырды. Сонымен бірге мәдениетті үш құрамдас бөлікке бөлді: білімділік, азаматтық және өркениеттілік. Өз кезегінде «білімділікң түсінігіне ғылым, өнер, адамгершілік пен дінді енгізеді. Ал «азаматтықң өзіне құқық пен мемлекеттілікті қосса, «өркениеттіліккең шаруашылық пен техника жатады. Мәселен, ол адам өмірі құрамының үш қабатын белгіледі: білімділік, азаматтық және өркениет. Адамзат өмірі – ол тұрақты даму. Даму тірліктің көрінісін ғана білдірмейді, өткенді сақтай отырып, оны өркендетеді. Жоғары мектептегі білім беру барысында белсенді әдістер мен оқыту түрлерін пайдаланудың концептуалдық негізі Инновациялық оқыту түрлері мен әдістеріне: ой арқылы шабуылға шығу, кейс-стади, жобалау әдісі, "swot -анализ", "матрица идеясы" және т.б.

44 Мәселелік оқыту және оның жоғары мектептің оқу процесінде қолданылуы.
Мәселелік оқыту және оның жоғары мектептің оқу процесінде қолданылуы. Мәселелік оқыту дегеніміз оқушы оқыту процесінде мәселелерді шешуге ұмтылатын оқытуды айтамыз. Ол қазір ақыл-ой күштерінің, таным белсенділігінің, шығармашылық ойдың өздігінше дамуы сияқты күрделі тапсырмаларды шешудің бір тәсілі ретінде қарастырылады. Мәселелік оқыту – бұл жаңа педагогикалық құбылыс емес. Мәселелік оқытудың элементтерін сократтық эвристикалық әңгімелесулердің өзінде көруге болады. Мәселелік оқыту идеясы мен принциптері ойлау психологиясын зерттейтін кеңес психологтары С.Л.Рубинштейнмен, Д.Н.Богоявленскиймен, Н.А.Мечинскиймен, А.М.Матюшкинмен, Т.В.Кудрявцевпен және көрнекті дидактар М.А.Даниловпен, М.Н.Скаткинмен жасалды.Соңғы жылдары бұл сұрақтармен М.И.Махутов айланысады. Қазіргі уақытта мәселелік оқытудың идеялары мен ғылыми концепциялары арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдар мен терминдерден тұрады. Мәселелік оқытудың негізгі басты ұғымы «мәселелік жағдайң болып табылады. Мәселелік жағдай (немесе мәселелік жағдаят) – қандайда бір қажетті іс-әрекетті жасау немесе бір нәрсені ұғыну үшін білімнің немесе белгілі әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі пайда болғанда туындайды, яғни білім мен білімсіздік арасында қарама-қайшылық орын алады. Оқушының алдында мәселе тұрады, оған кейбір байланыстар мен қатынастар белгілі, бірақ ол қандайда бір үзілісті де сезінеді, сонда мазасыздық сезімі пайда болады. Ол, өз білімінің қандайда бір негізінің болғандығынан, егер ойланса, ізденсе , онда бұл жағдайдан шығу жолын табуы мүмкін екенін сезеді. Кейде , мәселелік жағдайды «білімсіздік туралы білімң деп те айтады, бұл жалпы алғанда оның болмысын дұрыс бейнелейді. Мәселелік жағдай, тек егер оқушының бұл жағдайдан шығуды, туындаған және сезінген қайшылықты жоюды қалауын,тілеуін тудыра алатын болса ғана, үлкен оқытушылық құндылыққа ие болады. Бұндай қалау барлық жағдайда туындай бермейді. Оның көрінуі үшін мынадай екі шарттың орындалуы қажет: мазмұны жағынан жағдай оқушылар үшін қандайда бір қызығушылық танытуы керек, және олар мәселені шешуге , нақты бір нәрсе жетіспесе де өздерінде қандайда қажетті білімнің бір бөлігі болғандықтан, жалпы алғанда күштері жететінін сезуі керек. Бұндай қалауды тудыру - танымдылық қажеттілігін (жаңаны білу қажеттілігі) - мәселені шешуді қолға алу сәтін бейнелейді. Мәселелік жағдайдың екі жағы бар: пән - мазмұндылық (қайшылықтарды бөліктеу, негізгі білімнің барлығы, қандайда бір нақты білімнің жетіспеушілігі ) және мотивациалық (қайшылықтың көрінуі, қызығушылықтың оянуы және оны жоюды қалау, қандайда бір жаңа жетіспейтін білімді алу шартында оны шешу мүмкіндігін бағалау). Мәселені шешуді қолға алып және оны белгісізден белгіліні айыратын сөз түрінде көркемдегеннен кейін , - ол мәселелік тапсырмаға айналды . Сол тапсырманы шешу процесінде ғана жетіспейтін білімді алуға және түсінуге, ұғынуға болады. Мәселелік оқытумен байланысқан барлық ұғымдарына, - мәселе, мәселелік сұрақ, мәселелік тапсырма, мәселелік жағдай - ортақ және оларды байланыстыратын : а) білім мен білімсіздік арасындағы қайшылықтың бар болуы және б) оны шешудің дайын (стандартты) әдіс-тәсілдерінің жоқтығы болып табылады.

45 Қазіргі жоғары мектептің міндеттері
6 МОДУЛЬ.ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ 15 Тақырып. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде Қазіргі жоғары мектептің міндеттері Мектеп, жоғарғы оқу орны – мемлекеттің білім жүйесі білім жағынан сауатты, интеллектуалды дамыған, физикалық жағынан сау адамдарды шығарып қоймай, сонымен қатар, адамгершлік жағынан тәрбиеленген адамдарды шығару керек екені баршаға мәлім. Бұл есеп біріншіге қарағанда маңыздырақ болып керінеді және қоғамда, әлемде адамгершіліктік тәрбиенің мәні кемімейді керісінше өсіп жатыр. Әр түрлі саладағы мамандар, қоғам, ақпараттар құралдары – бәрі қазіргі заманның ең басты мәселесін көтеріп отыр: қоғамда адамгершіліктің қирауы, эрозиясы, адамның қағидалардан босатылуы, өмірдің барлық салаларында адамгершіліктік нормалардың прогрессивті төмендеуі байқалып отыр.Мектептің, жанұяның және қоғамның мақсаты – әрбір түлекті ол, оған рухани және материалдық ляззат бере латын, жұмысына байланысты өмірде өз орнын тапсын деп ұтымды адекваттылықпен шығару болып табылады. Бұны тізбек арқылы түсіндіруге болады: оқу – еңбек – мамандық. Қазіргі заман педагогика мектептердегі қорытынды оқыту ретінде өмірлік және кәсіби өзін-өзі басқаруды санайды. Өмірлік өзін-өзі анықтау мамандықты табумен шектелмейді, бәрақ бұл тұлғаның әлеуметті және психологиялық күй процесесінде үлкен сыныптарда орын алатын мамандықты таңдау әрекеті үлкен роль ойнайды. Кәсіби өзін-өзі басқару жалпы көзқарастарға, дамуға, жоғарғы сынып оқушысының оқушысының ұстанымына, басқа да көптеген факторларға, соның ішінде кәсіби бағытталудың қызметіне байланысты. Кәсіби бағытқа және мектеп түлектерінің әрі қарайғы әлеуметтенуге байланысты мәселесі шешудің бір факторы ретінде оқушылардың еңбегі, еңбеупен оқыту және педагогикалық процесте тәрбиелеу болып табылады. Еңбек педагогикалық құндылық та, педагогикалық құралдар да болып табылады. Еңбекті оқу процесіне қосу идеясы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда қалыптасып, ХІХ ғасырларда дамыған, ал еңбектің көмегімен оқыту білім беру процесінің бір бөлігі ретінде ХХ ғасырда барлық жерде дерлік міндетті бола бастады. Кеңестік мектеп білім берудің оқушылардың еңбегімен байланыс принципінің негізінде салынған болатын, ол біртұтас еңбек мектебі деп, кейіннен политехникалық мектеп деп атлынатын болатын және онің ішінде еңбек және кәсіби білім беру сабақтару болды және әлі де бар. Бұл сабақтарда бастапқы және орта сыныптардың оқушылары қағазбен, маталармен, ағашпен, металмен жұмыс істеуге үйренген, тұрмыстық электротехникамен танысатын болатын. Үлкен сынып оқушылары кейбір мамандықтар бойынша сабак алатын, олардың құрамы мектептердің және базалық кәсіпорындардың мүмкіндіктеріне байнысты болатын: автожұмыс, өндіріс, машинамен басу, компьютер, модельер, парикмахер және тағы басқалары. Мектептерде, сонымен қатар, технологиялар мен қазіргі заман өндірістері бойынша оқулықтар мен бағдарламалар бар. тәрбиеленуін үш сатыға бөлуге болады: - жоғары мектепке дейін; - жоғары мектепте білім алу кезінде; - жоғары мектептен кейін.

46 Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде. Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі. Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Ол жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, физикалық салаларындағы өзгерістерді, оның байытылуын және жетілдірілуін ұйғарады. Қандай әдістемелік идеяларда тәрбиелеу жұмысының бағдарламасын мақсатты түрде құруға болады? Тәрбиелеу үрдісінің өнімділігін арттыратын жалпы концептіуалдық қағидалар, бағдар бар. Жоғары мектеп оқытушылары үш категорияларға бөлінеді. Біреулері студенттермен тәрбиелеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажеттігін мойындамайды. Басқалары ол тәрбиелеу қызметімен сәйкес оқыту үрдісі кезінде жүзеге асу керек деп айтса, үшіншілері жоғары мектеп жағдайында мұндай жұмыстың қажеттігі мол, өйткені оқыту үрдісі тәрбиелеудің көптеген міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді. Студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелеу жұмысы оқыту үрдісімен байланысқан өзіндік категория ретінде қабылдану керек. Тәрбиелеу және оқытудың мақсаты ортақ – болашақ мұғалім-профессионалдың жеке тұлғасын қалыптастыру. Алайда тәрбиелеу оқыту үрдісін жалғастырмайды, оны қосымша сабақтарға тіреуге болмайды. Тәрбиелеу адамның қалыптасуын әсер етеді. Сонымен қатар ол бір уақытта қоымша міндетті орындайды – болашақ мұғалімдерді біртіндеп мектепте тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға дайындайды. Өзіндік катгория ретінде қабылданатын жоғары мектептегі тәрбиелеу жұмысы өзіндік мақсатпен басқарылады – болашақ мұғалімнің жеке тұлғасының индивидуалддығына жүгіне отырып, жан-жақты дамуы. Бұл мақсат тек бөлшектеп қана оқыту үрдісінде жүзеге асады, өйткені оқытудың өзіндік мақсаты бар, ол оқу жоспарлары және бағдарламары шігенде ғана болады. Ал аудиториядан тыс студенттерді тәрбиелеу жұмысы бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Олардың жүзеге асуы студенттердің жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әрекет етеді. Студенттерді тәрбиелеу тұтас ұйымдастырылған үрдіс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге негізделеді. Тәрбие заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады. Тәрбиелеудің бағытталуы, оның мақсаттары және мазмұны, өнегелік-эстетикалық құндылықтары қоғамммен, үстемдік етуші класпен алдын ала анықталады. Тәрбиелеу студенттерді оқытумен органикалық түрде байланысқан. Ол ортақ мақсатқа – белгілі бір типтің жеке тұлғасын қалыптастыруға жүгінеді. Тәрбиелеу негізінен бір тұлғалармен – сол үрдістің субъектілерімен жүзезе асады. Бәрақ ол оқу тапсырмаларын қайталамайды. Тәрбиелеу жоғары мектепте профессионалды түрде бағытталған. Тәрбиелеудің профессионалдық бағыты студенттерде педагогиклық бағыттың қалыптасуында және педагогикалық әрекетке құндылық ретінде қарауда көрініс береді. Тәрбиелеу оптимистикалық бағытталған, студенттерде оң бастауларға жүгінеді. Әрбір студентті жақсылап зерттеп, оның әлсіз және күшті жақтарын, қасиеттерін білу керек.

47 Жоғары мектептің тәрбие бағыттары
Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында білім беру процесінде барлық тәрбие түрлері практикада іске асырылады, әсіресе кәсіби білім беретін университеттерден нақты тәжірибесін көруге болады. Оқу жоспарында пән блоктары негізгінде тәрбие түрлері мамандық бойынша берілген: Адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, патриоттық, имандылық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок) Ақыл –ой, экологиялық тәрбие (табиғи ғылыми блок) Еңбек тәрбиесі, тәжірибе кезінде, аудиторияда, сонымен қатар өзіндік жұмыс орындаған кезінде. Тәрбие әдісін жіктеген кезде үш үлкен топқа бөлуге болады: студенттердің дүниеге көзқарасы және құндылық бағдарын тұжырымдау әдістері; мотивацияны ынталандыру әдістері; жеке адамның шығармашылық икемділігінің дамуы және оның сапасын арттыру әдістері. Тәрбиелеушілік әдістер педагогикалық қарым – қатынас жасау білім берудегі белсенділік әдістері (семинар- дискуссия, контекстік білім, оқыту мәселелері және т.б.), студенттердің қызығушылығын арттыру және құнды шешімдер қабылдау барысында іске асырылады. Тәрбиелеуде педагогтар үлкен роль атқарады. Тәрбиеші білім беру барысында тәрбиенің төмендегідей артықшылықтарын анықтай алады: жеке адамның қоғамдық ортадағы адамдарға гуманистік құндылық бағдарының қалыптасуын; демократизм және толеранттық қатынасын; ұлттық санасы мен ұлттық ойының ерекшелігін; жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігін. Ал, бұл жеке адамды тәрбиелеуде басшы қызмет атқаратын қасиеттер жиынтығы. Тәрбие түрінің қайсында болмасын, тәрбиелеуші бұл қасиеттердің қалыптасуына ерекше мән береді.

48 16 Тақырып. Эдвайзер және оның қызметі
Эдвайзер қызметін бұғанға дейін куратор атқарған. «Кураторң (curator) сөзі – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Куратор университетте студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білімнің бүкіл даму тарихымен бірге болды. Онымен бірге куратордың міндеттері, дәрежесі, біліктілік мазмұны, студенттермен қарым-қатынасының сипаты өзгеріп отырды. Кеңестік жоғары мектепте куратор 50-жылдары пайда болды. Ол студенттермен жұмыста администрацияның көмекшісі түрінде қарастырыла бастады және бірінші курстан бастап бесінші курсқа дейін әрбір академиялық топқа тағайындалды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында жоғары білім беру жүйесінің дамуына байланысты жоғары оқу орындары куратордың студенттік өмірдегі ролін қайта қарастыру қадамын жасады. Кейбір жоғары оқу орындары куратордың көмегінен бас тартса, басқалары кураторды бірінші, екінші, үшінші курстарға қалдырды да , ал жоғары курстарға , студентке қажет болған жағдайда көмек сұрай алатын, бір оқытушы-консультантты бекітті. Үшіншілері біртіндеп бастапқы кураторлық жүйеге қайтып оралды. Кураторларды берілетін курста жұмыс істейтін оқытушылардың ішінен сәйкес кафедралар тағайындайды, сонан кейін оны декан бекітеді. Кураторлар тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасарының көмегімен, қолдауымен жұмыс істейді. Жұмыс процессінде куратор академиялық топтың белсенді мүшесіне, студенттерге, олардың инициативаларына жүгінеді. Ол авторитарлық әдісті сирек қолдануы керек, тек басқа амал қалмаған жағдайда. Жарты жылдық жұмыс жоспарын жасамас бұрын куратор студенттерді, олардың қабілеті мен қызығушылығын, сұранысын, семья жағдайын, материалдық жағдайын анықтап алады. Содан кейін , топтың белсенді мүшесімен бірге жұмыс жоспарын жазады. Оны топтың жалпы жиналысында қарастырғаннан кейін, ол документ дәрежесіне жетеді. Жоспарды жасағанда нақты орнын, бар мүмкіндіктерін ескеріп жасайды. Берілген жұмыс бәріне түсінікті, әрі қызықты болуы керек. Әрбір студент жұмыстың нақты бір бөлігін алуы және оған жауапкершілікпен қарауы керек. Жоспардың орындалу қадамдарын периодты түрде талдап отыру , көзделген мақсатқа жеткізеді. Эдвайзер студенттердің жаңа әлеуметтік роліне, жоғары оқу орнына, қалаға (егер ол басқа жерден келсе) әлеуметтік-психологиялық бейімделушілігінің сұрақтарымен айналысады. Оларды шешуге жоғары оқу орындары және мамандықтары туралы әңгімелер, қала бойынша экскурсиялар, оның мәдениетімен танысулар көмектеседі. Студент болып алғаннан кейін, жастар қол жеткен бостандықтың әсерінен өздерінің уақыттарын текке өткізеді, содан кейін сессияға дайындалмаған болып шығады. Сондықтан, бірінші семестрден бастап, студенттерді университет өмірімен және жоғары оқу орнындағы оқудың ерекшеліктерімен жақсылап таныстыру, олардың жауапкершілігін дамыту маңызды болып табылады.

49 Эдвайзер қызметінің маңызы
Эдвайзер жұмысының тиімділігі студенттермен мақсатты түрде құрылған қарым-қатынастарымен анықталады. Егер қарым-қатынас шын көңілден, сенімнен, сыйластықтан құрылса және егер куратор студенттермен бірге жұмыс істеу әдісіне жүгінсе, онда оған қойылған тапсырманы шешу оңай болады. Жетекшіліктің таңдау әдістері бірнеше шарттармен орындалады: ұжымның даму дәрежесімен, біліктілік тапсырмасымен, нақты жағдаймен, куратордың өзінің тұлғасымен. Эдвайзер топтағы болған өзгерістерді байқап, осыған байланысты өзінің жүріс-тұрысын түзетіп отыру керек: бір жағдайда студенттерге инициативаны беру керек, екіншісінде – қатаң педагогикалық талапқа сүйену керек, үшіншісінде – студенттердің позициясын және жағдайды толық анықтағанға дейін, қандайда бір уақыт шыдау керек, сонан кейін жиналыста ашық талқылап, шешім қабылдау керек. Тәжірибелі эдвайзер болу үшін арнайы әдістемелік әдебиеттерді, басқа оқытушылардың тәжірибелерін оқу керек. Эдвайзердің жұмыс практикасын оқу негізінде педагогикалық ереже-шарттардың ретін болжауға болады. Олар кураторлардың біліктілігінің нәтижелілігін арттыруға көмектеседі. жұмысты топ белсендісімен бірге, шынайы жағдайларды ескеріп жоспарлау керек. өзінің академиялық тобының мүшелерін барлық қатынаста білу. Бұл оған сәйкесінше әсер етуге мүмкіндік береді. студенттермен өзінің қарым-қатынасын құруды үрену. Педагогикалық жағдайға тәуелді қатаң және икемді болу керек. курделі, ұзақ, бірінші сатылы тапсырмалардың бірі екенін ескеріп, толық студенттік ұжым құру. ортақ жұмыстарға және біліктілікке әрбір студент қатысуға және бір нәрсеге нақты жауапкершілік алуына жету керек. көптеген әлеуметтік ролді орындауға дайындалуға студенттерге көмектесу. жауапкершіліктің, қадағалаудың болмауы, көңіл аудармау ұжымды бұзатынын ұмытпау. студенттер өз-өзіне бағытталған жұмысты орындауда , оған қажетті көмек көрсету. студенттік өзін-өзі басқаруды, инициативаларды, қоғамдық белсенділікті қолдау және дамыту керек.

50 Жоғарғы мектептегі білімдендіру технологиясының ғылыми негізері
2 Бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 7 Модуль. ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 7 Тақырып. Білімдендіру технологиялары ұғымына түсінік. Жоғарғы мектептегі білімдендіру технологиясының ғылыми негізері XXІ ғасырда өмір сүріп жатқан адамзат үшін жаңа жағдай жаңаша қағидалы білімдендіруді қажет етеді. Бүгінде адамдардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, интеллекттің жаңа түрін, қоршаған ортадағы экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық тез өзгерістерді мен адамдардың қарым-қатынасын анықтайтын ойлаудың басқаша бейнесін сипаттау өте қажет. Үстіміздегі ғасырда, білім алу адамның бүкіл өмірінде жалғасатын үзіліссіз процесс болуы керек. Тек осылай ғана ол үзіліссіз жүріп жатқан информациялық жаңаруларға бейімделе алады. Қазіргі уақытта білім жүйесі қоғамның ақпараттау поцесіне қатысты екі аспектіден тұрады: Информатика және ақпараттық техноогиялар төңірегіндегі мамандардың квалификациясын, жергілікті қажетті білім деңгейін қамтамасыз ететін жүйе ретіне; Өзінің функцияларын жетілдіру үшін, нәтижелік өсуі үшін информациялануға ыңғайластырылған жүйе ретінде. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде білімдендіру технологиялары ретінде кредиттік; қашықтан оқыту технологияларын айтуға болады. "Білімдендіру технологиясы" өз тарапында білім беру жүйесін жетілдіру және жаһандану процесіне енуге ыңғайлы, тиімді болуымен сипатталады. "Технология" (грек тілінен аударғанда techne - өнер, шебрлік, жасай алу және logos – білім) - өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы материалдарды немесе жасалған заттарды т.б. өңдеу немесе қайта өңдеу, қабылдаудың сәйкестігі және алу тәсілдері; осындай қабылдаулар мен тәсілдерді жасайтын және жетілдіретін ғылыми тәртіп. Сонымен қатар, өндірістік процестің негізі болып табылатын өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау операцияларын да технология деп атайды. Қазіргі заманғы технологияның құрамына өндірістің техникалық басқаруы да кіреді. Өндірістік процестің бейнесі, оның орындалу барысындағы құрылымы, технологиялық ережелер, талаптар, карталар, графиктер және т.б. технология деп атауға болады.

51 Оқыту технологиясы "Оқыту технологиясы" адамның белсенді өмірінің тиімді күйіне жетуінің шарты болып табылатын көпжақты және үздіксіз біліміне өтуді қамтамасыз етеді. Жоғарғы білімдендіру технологиялары оқушымен жұмыс кезінде гуманистік, тұлғалық бағыттағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді, олардың индивидуалды табиғи ерекшеліктерін ғылыми негізде ескеруді қамтамасыз ету үшін жасалған. 2. Алдыңғы қатарлы оқыту технологияларының базисі ретінде оқу процесінің индивидуалдылығы, қашықтылығы және варианттылығы, оқушылардың академиялық мобильділігі қарастырылады. Оларды жүзеге асыру үшін келесі шаралар қолданылады: - оқыту түрлері мен деңгейлері, олардың бағдарламалары және оқу жоспарларының инновациясы және қолданылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ғылыми негіз жасалады; - оқулықтар мен компьютрлік базалар сферасы ғылыми негізделеді, оның монополизациясы тамыр жаяды; - икемділігі, жасы мен тұтынушылық деңгейі әр түрлі адамдарды оқыту бойынша варианттық әдістемелер жасалады; - оқушылардың түбірлі теориялық дайындығын ескеріп, оқудың интерактивті әдісі мен практикалық бағытталуына өтуін қамтамасыздандырылады; - оқыту технологиясына жаңадан ендірілген жобаларды сүйемелдеу жүйесі, оның жанұялық, сыртқы, қашықтық және экстернаттықтүрлері жасалады; - білім сапасын бақылаудың республикалық деңгейдегі ұлттық жүйесі енгізіледі, ол тест түрінде жоғарғы және орта мамандандырылған оқу орнына қабылдау сияқты жүргізіледі; - оқу құқығы, әртүрлі оқу орындарынан аттестат және диплом алу құқығы беріледі, жоғарғы оқу орындарында студенттерді бағалау «бірлік-несиең жүйесімен жүргізіледі; - компьютерлік, виртуалды және ақпараттық технологиялар, мультимедиалық оқу құралдары дамытылады, жалпы және мамандандырылған ақпараттанудың ұлтық стандарты оқу орнын лицензиялаудың компоненті ретінде орнатылады. Техникалық оқу орындарында білімдендіру практикасы, қазіргі жағдайда, тиімді оқу жүйесін құрастыруға, оқу процестерін жобалауға, әдістер мен ақпараттық алу, түрлендіру, жіберу, сақтау және қолдану құралдарын жасау керектігін дәлелдеді. Ақпараттық-педагогкалық технологиялар (АПТ) келесі негізгі электронды-дидактикалық функцияларға базаланады: көрнектілік, яғни қабылданатын оқу ақпараттын түйсіну және ұғыну, елестету және түсінуді ашу; ақпараттылық, оқу құралы тікелей білімнің көзі болып табылады, яғни анық ақпарат тасушы; копенсаторлық, оқу процесін жеңілдету, күш пен уақытты аз жұмсау арқылы мақсатқа жетуге бейімделу; бейімделушілік, оқу процесінің ағымында өзіне қолайлы жағдай туғызуға бағытталу; интегративтілік, объект немесе құбылысты бүтіндей және бөлік ретінде қарастыра білу; Оқыту технологиясының мазмұны оқу және кәсіби дағды мен іскерлікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқушыға берілген тапсырмалар жиынтығының, оқу мәліметтерінің құрылымының, жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұнына сай болады. Бұл жерде оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары ең маңызды роль атқарады. Ұйымдастыру формалары студенттердің білімді, дағдылары мен іскерлікті жаулап алуларына, оқу көлеміне деген қатынастарына, берілген тапсырманы бекітуге арналған бақылау түрлеріне бағытталған.

52 Дидактикада қолданылатын технологиялар
Қазіргі дидактикада технология әр түрлі жақтарда көрінеді. Себебі әр автор педагогикалық процеске өзіндік индивидуалдық ерекшеліктерін қосады. Бірақ, көп қырлы ұқсастық пен ортақ балгілеріне байланысты келесі технологияларды бөлуге болады: Қолдану деңгейіне байланысты жалпы педагогиалық, жеке әдістемелік, локальді; Философиялық негіз бойынша ғылми және діни, гуманистік және авторитарлық; Тұлғалық құрлымынан хабардар болуына байланысты информациялық(білім нышанының қалыптасуы ); операциялық (ақыл-ой әрекеті әдістерінің қалыптасуы ); эвристикалық (шығармашылық қабілеттің дамуы ); қолданбалы (практикалық іс-әрекеттік сфераның қалыптасуы). Дәстүрлі оқыту системаларын модернизациялауға байланысты білім алушыларды белсендендіру мен интенсификациялау технологиясы; оқыу материялдарын дидактикалық қайта құру технологиясы. Педагогикалық технологиялар мақсатпен шешілетін мәселенің басымдылығына, әдістердің басымдылығына және т.б. негізде жіктеледі. Педагогикалық технологияның жан-жақтылығына қарай қазіргі дидактикада оны анализдеудің ортақ жоспары қалыптасты. Әр технологияда автор мыналарды көруге тиіс: Оның қолданылу деңгейі; Философиялық негізін; Білімді меңгерудің жетекші концепциясы; Білім мазмұнының ерекше көрінісі; Оқытуды ұйымдастыру формалары; Оқытудың артықшылық әдісі; Оқытылатынның категоиясы.

53 18 Тақырып . Жоғары мектептегі жаңа білімдендіру технологиясы
Ақпарттық технология – оқу процесінің элементі ретінде. Техникалық оқу орындарында білімдендіру практикасы, қазіргі жағдайда, тиімді оқу жүйесін құрастыруға, оқу процестерін жобалауға, әдістер мен ақпараттық алу, түрлендіру, жіберу, сақтау және қолдану құралдарын жасау керектігін дәлелдеді. Ақпараттық-педагогкалық технологиялар (АПТ) келесі негізгі электронды-дидактикалық функцияларға базаланады: көрнектілік, яғни қабылданатын оқу ақпараттын түйсіну және ұғыну, елестету және түсінуді ашу; ақпараттылық, оқу құралы тікелей білімнің көзі болып табылады, яғни анық ақпарат тасушы; копенсаторлық, оқу процесін жеңілдету, күш пен уақытты аз жұмсау арқылы мақсатқа жетуге бейімделу; бейімделушілік, оқу процесінің ағымында өзіне қолайлы жағдай туғызуға бағытталу; интегративтілік, объект немесе құбылысты бүтіндей және бөлік ретінде қарастыра білу; Жоғарғы оқу орындарында, АПТ-ны қолдану негізінде, қазіргі заманғы оқыту процесін құру жоғарғы мектептің жаңа дидактикалық өсімшелердің құрылуы мен дамуының негізі – электрондық дидактиканы береді. Оны оқудың негізгі мәселелері мыналар: электрондық түрде тұтастай ұсынылатын оқу тәртібінің тараулары мен оқу этаптарын бөлу; оқулықтың лекциялық және практикалық бөліктерін функционалдық міндетін ескеріп өңдеу; электрондық жүйенің эффективтілігін бағалау, жобалау және жасау; оқу нәтижесін жалпы бағалау. Оқуға қатысты дидактикалық талап - оқыту принциптерін назаға алуға келіп тіреледі.

54 Электрондық сабақ түрлері және оны өткізу технологиясы
Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған. Электрондық сабаққа инфрақұрылым, электрондық оқулықты жеткізу платформасы, контентті жасау және басқару жатады. Электрондық сабақ оқудың жаңа ортасын береді. Сонымен қатар, біріккен орта жасайды – мұғалім мен оқушы үшін оқу ортасы. Оның элементтері мыналар болып табылады: Адамзаттық фактор – педагогикалық және дидктикалық әдістемелер, оқушының алатын орны, мұғалімнің квалификациясы, оқушының талабы, мәдени факторлар, қатынастың жаңа түрлері (мысалы, топтық қатынас, WEB-конференцияларда бірігіп жұмыс істеу және білім алмасу); Контент – мультимедиялық контент, курстар жасау құралдары, оқудың мақсатын басқару, курстарды сақтау, қолданушыға ыңғайлы контентті басқару – классификация мен іздеудің әртүрлі әдістері және т.б. Қауыпсіздік пен құпиялылық құрадары, білімді басқару жүйесі, оқуға жазылу, онлайн тесттер, есеп жасау, эффективтілікті өлшеу т.б. Бағдарламалық-аппараттық инфрақұрылым, яғни серверлер, маршрутизаторлар, желілер, мәліметтер базасы, жеткізу платформалары, моильдік технологиялар. Жаңа технологиялар оқу тұтынушылығын толық шеше алмайды, сондықтан, онымен байланысты әдістеме болуы керек. Электрондық оқу үшін желілік инфрақұрылым технологиялық база болып табылады. Желілік инфрақұрылым өзінің күштілігімен, сенімділігімен, қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді және ашық стендарттарға негізделеді. Сонымен қатар, ол әртүрлі құрылғылар үшін: ноутбуктен ұялы телефондарға дейін байланысты қамтамасыз етуі керек. Ол кейбір электрондық сабақтардың қанат жаюына базалық мүмкіндік және шектеу қоя алады. Мультимедиа курстарының ұсанылған компоненттері педагогикалық мәселелерді өздігінен шеш алмайды. Бұндай оқу функциясы мультимедиалық курстарда, мұғалімнің оқыту траекториясын жобалайтын педагогикалық сценарийдің көмегімен жанданады. Жалпы электрондық оқыту дистанциялық оқу жүйесінің (ДО) негізі болып табылады. Дистанциялық оқыту жүйесінің негізгі көрінісі мұғалім мен оқушы арасында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас орнатуы. Бұл орталықтанған өзара қатынас, компьютерлік ортамен қарым-қатынасқа негізделген жаңа дидактикалық қарама-қайшылықтар тудырады.

55 19 Тақырып. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау
Педагогикалық жобалаудың түрлері мен кезеңдері Педагогикалық жобалау дегеніміз, оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады. Педагогикалық жобалау болашақ іс-әрекетті және оның нәтижелерін болжаудан тұрады. Педагогикалық жүйе, педагогикалық үрдіс, педагогикалық жағдаят педагогикалық болжаудың объектісі бола алады. Соның ішінде ең маңыздысы педагогикалық үрдіс. Педагогикалық процесс студенттерді жан-жақты дамытуға бағытталған компоненттер жиынтығы. Педагогикалық процесс барысында педагогикалық жағдаят шешімін табуға тиіс. Педагогикалық жағдаят – белгілі бір уақытта, кеңістікте болған уақиғаның сипаты, педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық жүйені, үрдісті, жағдаятты жобалау- көпсатылы, қиын іс-әрекет. Педагогикалық жобалау: 3 кезеңнен тұрады: 1 кезең – үлгілендіру; 2 кезең – жоба құрастырушылық; 3 кезең құрастыру технологиясы; Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) – бұл педагогикалық жүйе құру, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы. Педагогикалық жоба құрастырушылық – құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу. Педагогикалық құрастыру технологиясы – құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы. Педагогикалық жобалаудың түрлеріне педагогикалық жүйе, үрдіс, жағдаяттың әртүрлі деңгейде сипатталған құжаттар жиынтығы жатады. Мысалға бағдарлама, тұжырымдама т.б. Педагогикалық жобалаудың негізгі принциптері: адамға бағытталған принцип (негізгі роль адам); өзін-өзі дамыту принципін; дидактикалық шығармашылықты; технологиялық шығармашылықты; ұйымдастыру шеберлігін жатқызуға болады.

56 Кредиттік оқыту жүйесінің мәні
20 тақырып. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру Кредиттік оқыту жүйесінің мәні «Кредитң ұғымы оқушының оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем бірлігі дегенді білдіреді. Алғаш рет білім беру саласында кредиттік оқу жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген болатын. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолданыс тауып отыр. Оқудың кредиттік жүйесі – оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеденнегізгі айырмашылығы: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады. Кредиттік жүйенің негізгі бағыттары мынадай: оқушылардың қызығуын толық есепке алу; олардың білімге деген сұранысын қамтамасыз ету; оқушылардың арасынан бәсекелестік тудыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамыту. Кредит сағаты деп бүкіл оқу үрдісі кезінде өтетін сабақпен қатар жүретін оқушының орындайтын өзіндік жұмыстарына кететін уақыттардың қосындысына тең шаманы айтады. Кредиттік жүйе бойынша оқытушы өз бетінше жоғары деңгейдегі әдістемелік және дидактикалық материалдар кешенін өңдеп, оқытудың интерактивті тәсілін қолдануға ұйымдастырушылық қабілетімен ізденіс арттыруға дайын болуы қажет. Әрине, жоғары мектептің кредиттік жүйеге көшуі бір күнде шешілетін мәселе емес. Ол аса зор еңбекті талап етеді. Ал жүйеге көшпеу – заман талабынан қалып қою, бірте-бірте білім аясынан шеттеу деген сөз. Қазіргі жағдайларда студенттер студенттер екі типті зерттеу жұмыстарына қатысады: оқу және ғылыми. Олардың арасында сәйкестіктер және айырмашылықтар бар. Сипаты бойынша зерттеудің екі типінің де ғылыми болып табылатындығы екеуіне ортақ белгі. Алайда олар жоғары оқу орнының өмір сүру әрекетінде әртүрлі рөл атқарады, ұйымдастыру әдістерімен ерекшеленеді. Оқу және ғылыми жұмыстардың маңыздылығы өткізілген зерттеудің, теориялық материал және практикалық қорытындылардың тереңдігімен анықталады.

57 Кредиттік жүйеге сай студенттердің оқу әрекеті
Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ). Жоғары оқу орнының оқу жоспарымен қарастырылған, басым көпшілігі жоғары курстарда жүзеге асады, мәндетті сиптақа ие, бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары оқу орнындарында СОЗЖ келесі формалары қабылданған: курстық жұмыстар; дипломдық жұмыстар; СОЗЖ (жекелеген жоғары оқу орнындарында). Курстық жұмыстар көбінесе ІІІ-ІҮ курстарда жетекші оқу пәндері бойынша орындалады. Бұл теориялық немесе тәжірибелік-эксперименттік сипатқа ие алғашқы өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Егер І курс студенті ғылыми үйірмелердің бірінде жұмыс атқарса, оның үйірмелік жұмыс тақырыбы оқу курстық жұмысқа алмасуы ғажап емес. Бұл жағдайда курстық жұмыс тұрақты және фундаментальды сипатқа ие болады. Студентттер СОЗЖ-ның бұл түрін сәйкес кафедралар белгілейтін оқытушылар басқармасымен орындайды. Олар курстық жұмысты қорғау үшін кішігірім комиссия құрайды. Курстық зерттеуді жүргізе отырып, студенттер ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, таңдалған проблеманың өңделуін зерттеуге үйренеді. Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы мазмұны және мәні бойынша сипаты әртүрлі. Бір қатар жағдайларда курстық жұмыс дипломдық жұмыстың параграфы немесе бөлімі болып, зерттеуді жоғары деңгейде жүргізуге талпыныс береді. Дипломдық жұмыс кейбір жоғары оқу орнындарында СОЗЖ-ның міндетті формасы болып табылмайды, мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес олар орындалмай, мемлекеттік емтихандармен алмастырыла алады. Дегенмен техникалық жоғары оқу орнындарында оқу жоспарына міндетті түрде дипломдық жобаны дайындау да кіреді. Шығарып жатқан кафедра оқытушыларды дипломдық жұмыс иегерлерін ғылыми басқаратын оқытушыларды белгілейді. Олар студентке тақырып таңдауға, дипломдық жұмыстың құрылымын жасауға, дипломдық зерттеуді өткізу жоспарын орындауға көмектеседі. Дипломдық жұмыс тақырыбы және ғылыми жетекші сәйкес кафедрамен, сонымен бірге факультет кеңесімен бекітіледі. Дипломдық жұмыстың орындалуы 2-3 жыл ішінде орындалады және бір қатар сатылардан өтеді: зерттеуге дайындық; зерттеуді ­өткізу; зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу; жұмысты жазу әдебиеттік рәсімдеу; дипломдық жұмысты қорғау.

58 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ)
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ). СОӨЖ-на қарағанда, зерттеудің бұл түрінің міндетті сипаты жоқ, ерікті түрде І курста жүзеге аса алады. Ғылыми әрекетпен айналысып жүрген студенттер студенттік ғылыми қоғамына (СҒҚ) бірігеді. Бұл аталған бағыттағы студенттермен жұмысты ұйымдастырушы және орталығы. СҒҚ ғылыми негіздердің жұмысын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, жаппай ғылыми шараларды - конференцияларды, семинарларды, олимпиадаларды, ғылыми мектептердідайындайды және жүргізеді. СҒЗЖ барлық формаларын ғылыми басқаруды жоғары оқу орындарыцның оқытушылары жүзеге асырады. Олар ғылыми үйірмелер мен клубтарды қалыптастырады, олардың өзектілігін анықтайды; студенттік баяндамаларды ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға таңдайды және рецензиялайды; секцияларды және дискуссияларды басқарады; студенттерге ғылыми зерттеу әдістерін үйренуіне, тәжірибе жүргізуге көмектеседі; студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағын дайындайды. Әдетте студенттер жетекші оқытушылар айналасында І-ІІ курстан бастап топталады. Олар өз жетекшісінің ғылыми зерттеу тақырыбына енгізіледі. Сөйтіп әртүрлі курстар студенттері, сонымен бірге магистранттар мен аспиранттар қатыса алатын ғылыми мектеп құрылады. Қазіргі университетте СҒЗЖ-ның әртүрлі формалары қызмет етеді: ғылыми үйірме; ғылыми клуб; студенттік ғылыми лаборатория; ғылыми конфйеренциялар, семинарлар, симпозиумдар; оқу пәндері бойынша олимпиадалар; студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары; жазғы ғылыми мектептер; студенттік конструкторлық бюро; зерттеулердің келесілген тақырыптары.

59 Қарым-қатынас оқу-тәрбие процесінің негізі.
21 Тақырып. Кредиттік технология жағдайындағы білімдендіру процесінің субъектілерінің әріптестігі мен қарым-қатынасын ұйымдастыру технологиясы Қарым-қатынас оқу-тәрбие процесінің негізі. Қандай да болмасын қызмет саласының негізгі түрі қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Оның маңыздылығы адамдардың бір-біріне ықпал етуі, ақпарат алмасуы. Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі іспеттес. Адамдар үшін қарым-қатынас –оның ортадағы мекені. Қарым-қатынас-белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. Яғни , қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт: Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Тұрақты жақсы көңіл күй. Қоғамдық жұмыстарға белсенділік көрсете білу. Басқа адамды түсіне білу. Өзін басқа адамның орнына қоя білу. Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау. Жаңа адамдармен тіл табыса білу. Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып қарым –қатынас жасау. Кикілжіңге түспеу жолдарды қарастыру немесе дұрыс шеше білу. Басқа адамдардың көзқарастарын есепке ала білу. Адам құндылықтарына сипаттама беру. Осындай қасиеттер сіздің мінезіңізге сәйкес келсе, онда қарым-қатынас жасау барысында белгілі бір нәтижені көре аласыз. Мұнда субъектілі-дамушы қарым-қатынасты ұйымдастыру принциптеріне сүйенеміз, яғни: өз еркімен қатысу, толеранттік, өзін-өзі диагностикалау, ара-қатынасты диалогизациялау, (диалогты енгізу); тұрақты кері байланыс; бостандық және бәріне бірдей жауапкершілік. Қарым-қатынас мазмұны- ақпараттық, жеке даралық байланыстар арқылы басқа субъектілермен немесе өзіндік қатынастар арқылы айқындалады. Қарым-қатынас заңдылықтарын, оның терең механизмін әлеуметтік-психологиялық аспектіде түсіну педагогикалық практика үшін өте маңызды болып табылады. А.А.Леонтьев өзінің қарым-қатынас психологиясын зерттеуге арналған еңбегінде вербальді немесе вербальді емес қатынасты жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасы, оның индивидтердің когнитивтік белсенділігі негізінде қалыптасуы тұрғысынан қарастырады. И.А.Зимняяның пікірінше“Педагогикалық қарым-қатынас оқу әрекеттестігінің, мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы формасы. Бұл жеке және әлеуметтік бағытты әрекеттестік. Педагогикалық тілдесім бір мезгілде қатысымдық, перцептивтік және интерактивтік функцияларды орындайды, ол үшін вербальді, бейнелі, символикалық және кинетикалық құралдар жиынтығын ұштастырады.” Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев).

60 Қарым-қатынас функциялары
Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын оқушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және оқушының жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) оқушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда әр тұлғаның белсенділігін көтеру секілді ұйымдастырушылық қабілеті; б) оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, оқушылардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті. Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтаудың қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп істелген әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады. З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады. Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және нақты-қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсетуіміз керек. Бұл екеуі бір құбылыс деп түсінеміз, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Педагогикалық қарым-қатынас процесінде өте маңызды рольге оқытушы ие болады. Мұғалімнің роліне С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский және т.б. Кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді. Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А.Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді. Н.Ф.Маслов, Е.М.Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарым-қатынастың – “демократиялық” және “авторитарлық” екі түрлі стилі көрсетіледі. Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші – “либералдық” түрі анықталады. Оның негізін салған А.А.Бодалев.

61 Студенттің өзіндік жұмысы.
22 Тақырып. Кредиттік технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру Студенттің өзіндік жұмысы. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызығушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Студенттің өзіндік жұмысы логикалық ойлауды дамытуды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалы негізінде зерттеушілік ықпалды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты. Шарт бойынша СОӨЖ белгіленген график бойынша аудиторияда мұғалімнің қатысуымен және СӨЖ белгіленген тапсырма бойынша мұғалімнің қатысуынсыз аудиториядан тыс болуы мүмкүн.. Ішкі бөлімде оқитын студенттердің өзіндік жұмысының жалпы көлемі бакалавриатта жұмыс көлеміндегі дисциплинадан 66% құрайды, оның жартысы СОӨЖ кетеді. Сырттай бөлімде оқитын студенттердің өзіндік жұмысы жалпы бөлінген кредит көлемінің 80% нан кем болмау керек. СӨЖ ұйымдастыру вуздағы негізгі нормативті құжаттармен сәйкестендіріліп жүзеге асады, сонымен бірге жұмыс программасы, өзіндік оқуға берілген дисциплина бөліктерінің материалдарымен іске асады. СӨЖ материалдары кафедра мүшелерінің профессор – оқытушыларымен өңделеді және өзіне келесідей документтерді қосады: бүкіл оқу дисциплинасына есептелген СӨЖ графикасы; негізгі типтік бөлімдермен және жұмыстың оқу программасымен сәйкестендірілген тапсырмалар жүйесі; Рефераттар, докладттар және шығармашылық жұмыстар тақырыптарын; Семестірлік, курстық дипломдық жұмыстар тақырыбын; Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін; Кеңестік көмек түрлерін; Бағалаудың түрлерін, ұсынылатын жұмыс көлемін; Бақылаудың түрлері мен формаларын т.б.

62 23 Тақырып. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикалық бағалауды ұйымдастыру
Білім алушылардың ағымдық және аралық бақылаудағы нәтижелері Студенттердің оқу жетістіктерін (білімі, дағдылары, машықтары, құзыреті) төрт балдық жүйедегі цифрлік эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады. Студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастыру, аралық ататтестациялар қорытынды бақылау өткізу тіркеу бөлімі міндетті жүктелген факультет деканатымен жүргізіледі. Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрін сабақ өткізетін оқытушы жүргізеді.(нақты мамандық бойынша білімді бағалау өлшемдері силлабуста берілген ) Ағымдық және аралық бақылау нәтижелері бойынша баға осы оқу пәні бойынша білімнің қорытындысы бағаның кем дегенде 60 пйызын құрайды. Аралық аттестация қорытынды бақылау нәжтижелерінің бағасы осы оқу пәні бойыншабілімнің қорытынды бағасының кем дегенде 40 пайызды құрайды. Пән бойынша қорытынды баға ағымдық аралық бақылау және қорытынды бақылау бағаларын қамтиды. Білім алушыларының қорытынды бақылау бойынша алынған оқу жетістіктерінің қанағаттанарлық бағасы тиісті пән бойынша берілген кредит соны есептеу үшін негіз болып табылады. Қорытынды бақылау бойынша қанағатанарлықсыз баға алған жағдайда немесе дәлелсіз себеппен емтиханға келмеген жағдайда тиісті пән бойынша білім алушыға кредиттер есептелмейді. Қорытынды бақылау бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы осы пәнді келесі академиялық кезең ішінде немесе жазғы семестр кезінде ақылы негізде қайтадан оқып емтихан тапсыруға құқылы. Егер мемлекеттік білім тапсырмасы боййынша білім алушы оқу жұмыс бағдарламасында көрсетілген тиісті кредиттерді ала – алмаса ол осы пәндерді ақылы негізде қайтадан оқи алады. Аралық бақылау практикалық барлық түрлері аяқталған негізгі қорытынды бақылау да кіреді. Практика бойынша қорытынды бақылау практика жетекшілері, комиссия бағасын есепке ала отырып шығарады. Практика бойынша қорытынды баға GPA есептелген кезде және курстан – курсқа ауыстырылған кезде ескеріледі. Мемлекеттік білім гранты бойынша білім алушыларға аралық бақылау нәтижелері бойынша барлық емтихандарды «Аң, «А-ң, «Вң, «В-ңбағаларымен тапсырылған жағдайда степендия беріледі. Кредиттік оқытудағы төрт балдық жүйеде бағалаудың көрсеткіші және білім алушыны бағалауда курстан – курсқа көшіруге ықпалы

63 Семинар сабағының мазмұны
1 Тақырып. І модуль. Ашық қоғам контексіндегі жоғарғы білім мәселесі Мақсаты: Жоғары білім туралы теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан негіздеу. 1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы. 2. Жоғары білімнің қалыптасу және дамуының әлеуметтік-мәдени мәселелері 3. Әлемдік білім беру аймағына кіріктірілу 4. Білім берудің жаңа парадигмасы.Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы. Сабақ түрі – пресс-конференция Әдістемелік нұсқау: әрбір магистрант әр сұрақ бойынша ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіріп, қысқаша сөйлейді. (Әрбір студентке 3-4 минут). Сөз соңында барлығы ортақ бір пікірге келіп, сұрақтар бойынша жалпы сабақ бойынша тұжырым жасап, ұсыныстар жасайды. Ұсынылатын әдебиеттер: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана: //Егеменді Қазақстан, Ақорда, ҚР жоғары білім берудің даму стратегиясы –Алматы, 1998 ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 26 тамыз, 1994 ҚР педагогикалық білім беру тұжырымдамасы - Алматы, 2003 ҚР мемлекеттік саясат тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан, 1 қыркүйек, 1995 Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. Хазова Л.В. Мировой опыт и тенденции развития высшего образования (гуманитарный аспект)-Красноярск, 1994.

64 2 Тақырып. І модуль. Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері
Мақсаты: Болашақ оқытушы тұлғасының моделін құрастыру 1. Нәтижеге бағытталған білім: базалық мәдениет – кәсіби компетенттілік – әдіснамалық мәдениет – шығармашыл тұлға. 2. Тұлғаның базалық мәдениеті ұғымына түсініки. Студенттерді философиялық-дүниетанымдық тұрғыдан даярлау. 36. Кәсіби компетенттік ұғымына түсінік. 4. Әдіснамалық мәдениет. Сабақ түрі- кіші топпен жұмыс Әдістемелік нұсқау: топ кіші (4-5адам) топтарға бөлініп, сұрақтар негізінде болашақ жоғары мектеп оқытушысының моделін құрастырады. 10 минут, содан кейін әрбір топ өздерінің құрастырған модельдерін қорғайды. Соңында, барлығы бірігіп, ортақ модель құрастырады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Леденов В.В. Основы научных исследований: Тексты лекций. –Тамбов, 1994. 2.Педагогика высшей школы. Учебное пособие –Казань, 1986. 3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 4.Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований –М., 1982. 5.Концепция университетского образования –Алматы, 1994. 6.Методология педагогических исследований. /Под ред. А.И.Пискунова, Г.В.Воробьева/ -М.,1980. 7.Проблемы методологии педагогики и методики исследований /Под ред. М.А. Данилова, Н.И.Болдырева/ -М, 1980. 8. Исаева З.А. Подготовка студентов университета к научно-исследовательской работе по педагогике: Метод. реком. КазГУ им.аль-Фараби с. 9. Кожахметова К.Ж.,Таубаева Ш.Т.,Джанзакова Ш.И. Методолгия общей и этнической педагогики в логика –структурных схемах: учебно-методическое пособие для студентов учебных заведений, магистрантов, аспирантов и докторантов в области педагогики. –Алматы, с.

65 3 Тақырып. ІІ модуль. Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру
3 Тақырып. ІІ модуль. Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру Мақсаты: Жоғары мектеп оқытушы ретінде оқытуды ұйымдастырудың түрлерін іске асыру. 1. Жоғары мектепте оқыту түрінің дамуы 2. Дәріс жоғары мектепте оқытуды ұйымдастару түрі және әдісі ретінде. 3. Дәріс жазу әдістемесі 4. Семинар сабағы және оның негізгі қызметі. Семинар өткізудің түрлері. 5. ЖОО практикалық және лабораториялық сабақтар, оны жүргізудің тәсілдері. Сабақ түрі- іскерлік ойын Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақ көлемінде 5-7 минутқа дәріс құрастырып, оқытушы ретінде баяндайды. Оқытушылық қызметке ену процесі іске асырылады. Семинар сабағын өткізудің жобасын жасайды. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Педагогика высшей школы. Учебное пособие –Казань, 1986. 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. Баширова Ж.Р. Развитие университетского образования в аспекте подготовки преподавателя высшей школы. Монография. –Алматы: АГУ им.Абая, с. 4. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 5. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.

66 4 Тақырып. ІІ модуль. Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстары
4 Тақырып. ІІ модуль. Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстары Мақсаты: магистранттар болашақ оқытушы ретінде студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға дағдыланады. 1. Жоғары мектептегі тәрбие процесінің мәні, қозғаушы күші, негізгі заңдылықтары. 2. Жоғары мектептегі тәрбиенің негізгі қағидалары 3. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар. 4. Тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары. Сабақ түрі – дөңгелек стол. Әдістемелік нұсқау: жоғары мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттарына сай әрбір магистрант тәрбие іс-шараларының жоспарларын құрастырып, толық жобасын жасайды. Мерекелік іс-шараларға арналған жоспарлар жасайды. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Әл-Фараби атындағы университеттің тәрбие тұжырымдамасы – Алматы:Қазақ университеті, 2001 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002. 5. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. «Педагогика высшей школы» , Алма-Ата: Мектеп, 1989,176 с.

67 5 Тақырып. ІІ модуль. Жоғары мектептегі эдвайзердің қызметі
Мақсаты: эдвайзер қызметінің құрылымына сай іс-әрекеттерге дағдылану. 1. Эдвайзердің ұйымдастырушылық қызметі 2. Педагогикалық қарым-қатынас және куратор 3. Эдвайзердің тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысы Сабақ түрі- рольдік ойын Әдістемелік нұсқау: кураторлық қызметке байланысты әртүрлі педагогикалық ситуациялар ойластырып, дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Әл-Фараби атындағы университеттің тәрбие тұжырымдамасы – Алматы:Қазақ университеті, 2001 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002. 5. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.У. «Педагогика высшей школы» , Алма-Ата: Мектеп, 1989,176 с.

68 6 Тақырып.ІІІ модуль. Жоғары мектептегі сабақтан тыс оқу-тәрбие үрдісі
Мақсаты: Сабақтан тыс оқу-тәрбие процесінің мәнін практикалық тұрғыдан ашу. 1. Сабақтан тыс оқытудың түрлері 2. Сабақан тыс тәрбие іс-шаралары 3. Магистрантардың өз бетінше жұмыс істеу түрлері. 4. Шығармашыл тұлға. Шығармашыл тұлғаға сипаттама. Сабақ түрі – миға шабылыс Әдістемелік нұсқау: оқытушының өзін-өзі дамыту барысында танымдық –шығармашылық жұмыстар ойластырып олардың шығармашылық тұлғасының үлгісін жасайды. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Педагогика высшей школы. Учебное пособие –Казань, 1986. 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .-

69 7 Тақырып. ІІІ модуль. Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі
Мақсаты: Болашақ маман ретінде магистанттарды дәріс оқуға дағдыландыру 1.,Оқытушының негізгі атқаратын қызметі: педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-педагогикалық, тәрбиелеушілік. 2. Педагогикалық шығармашылықтың мәні және оның оқу процесіндегі ролі. 3. Педагогикалық қабілет. 4. Педагогикалық шеберлік және оның құрылымы. Сабақ түрі – баяндау. Әдістемелік нұсқау: дәрістің түрлеріне байланысты әрбір сұрақ бойынша дәріс құрастырып, баяндалады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий: Пособие для преподавателей.-СПб.:КАРО, с. 2. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать: Учебное пособие. –Алматы, с. 3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 4. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .-5. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002. 6. Махмутов М.И. Проблемное обучение –М.,1976. 7. Беспалько В.Г. Программированное обучение. Дидактические основы –М., 1970. 8. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / Под ред. Е.С. Полат. М.: Издат. центр "Академия", 2001. 9. Демкин В.П., Можаева Г.В. Технологии дистанционного обучения. - Томск, 2002. 10. Демкин В.П., Вымятнин В.М. Принципы и технологии создания электронных учебников. - Томск, 2002.

70 8 Тақырып. ІҮ модуль Білімдендіру процесі жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс- әрекетінің объектісі ретінде Мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеттерін практикалық тұрғыдан іске асыру. 1. ЖОО білімдендіру процесінің мәні. 2. Білімдендіру процесінің құрылымдық компоненттері. 3. Білімдендіру процесінің қозғаушы күші 4. Білімдендіру процесінің заңдылықтары мен принциптері. Сабақ түрі – сұрақ-жауап Әдістемелік нұсқау: Сұрақтар бойынша жеке-жеке дайындалып, баяндалады, толықтырылады. Алынған түсініктері бекітіледі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Педагогика высшей школы. Учебное пособие –Казань, 1986. 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002. 5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, – 187 с.

71 9 Тақырып. ІҮ модуль. Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
Мақсаты: Оқытудың белсенді формасы мен әдістерін практика жүзінде іске асырады. 1. Оқытудың белсенді және дәстүрлі әдістері (салыстырмалы талдау). 2. Мәселелік оқыту.Зерттеу іс-әрекеті және мәселелік оқыту. 3. Іскерлік, рольдік ойындар және тағы басқа белсенді оқыту әдістері. Сабақ түрі: - шығармашылық жұмыс. Әдістемелік жұмыс: әртүрлі белсенді әдістерге сай дәріс, семинар тақырыптарға жоба құрастыр және оны қорғау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Исаева З.А.,Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активное методы обучения. –Алматы, 2005. 2. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать: Учебное пособие. –Алматы, с. 3. Махмутов М.И. Проблемное обучение –М.,1976. 4. Деловая игра. Внедрение: Методологические рекомендации –СПБ., 1995. 5. Ремезовский И.Д. Применение проблемного чтения лекций в вузе. /Методологические рекомендации/ -Киев 1982. 6. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, – 187 с.

72 10 Тақырып.Ү модуль Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
Мақсаты: кредиттік оқыту жүйісін сабақ барысында іске асыру. 1. Кредиттік оқыту жүйесінің мәні. 2. Жоғары мектепте кредиттік технологиямен оқу процесін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. 3.Кредиттік технологиямен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 4. Студенттердің жеке жұмыс істеу ролін арттыру. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастару принципі. Сабақ түрі – дөңгелек стол Әдістемелік нұсқау: кредиттік технология негізінде жүргізілетін дәріс, семинар, СОӨЖ аудиториялық және СӨЖ –дің технологияларын талқылау, салыстыру, ұсыныстар жасау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы Қазақ Университеті, с. 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.

73 11 Тақырып. Ү модуль. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы
Мақсаты: Магистранттарға оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясын практикалық тұрғыдан үйрету. 1. Пән бойынша оқу жұмыс жоспары және силлабус. 2. Пән бойынша таратылатын белсенді материалдар. 3. Оқу әдістемелік кешенді құрастыру технологиясы: жұмыс бағдарламасына қойылатын талаптар, дәріс, семинар, лабораториялық жіне т.б. сабақтарға бағдарлама құрастыру ерекшеліктері. Сабақ түрі – ғылыми-шығармашылық жұмыс. Әдістемелік нұсқау: Тәжірибе бойынша жүргізіп жатқан пәндері бойынша 1 кредит көлемінде ОӘК құрастыру. Берілген нұсқауларды басшылыққа алу. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий: Пособие для преподавателей.-СПб.:КАРО, с. 2. Педагогика высшей школы. Учебное пособие –Казань, 1986. 3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 4. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 5. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.

74 12 Тақырып. Ү модуль. Кредиттік технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Мақсаты: студенттердің өзіндік жұмыстарын орындатуға нұсқаулар жасауға үйрету. Студенттердің өзіндік жұмысы кредиттік технология жағдайында негізгі оқу формасы. . Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Ұйымдастыру технологиясы. 3. СОӨЖ –студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы. 4. Портфолио өзіндік білім алушылардың жетістіктерін бағалау формасы ретінде. Сабақ түрі – шығармашылық жұмыс. Әдістемелік нұсқау: магистарттар студенттерге өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын жасауға дағдыланады. Және өздерінің өзіндік жұмыстарының орындалуымен салыстырады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы Қазақ Университеті, с. 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал (схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.

75 13 Тақырып.Ү модуль. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикалық бағалауды ұйымдастыру
Мақсаты: болашақ оқытушы ретінде кредиттік технология жағдайында бағалауды практикалық тұрғыдан неіздеу 1. Кредиттік технология жағдайындағы бақылау, өлшеу құралдары. 2. Бақылау жүргізу түрлері: аралық бақылау, коллоквиум, үлгілер мен жобаларды қорғау және т.б. 3. Педагогикалық бақылаудың ұйымдастырушылық принциптері. 4. Оқыту сапасының менеджменті. Сабақ түрі – баяндау Әдістемелік нұсқау: кредиттік технология бойынша бағалауды деңгей бойынша негіздеу. А және А- қалай қойылады; В,В+,В- қалай қойлады және т.с.с. Бағаларды негіздейді. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы Қазақ Университеті, с. 2. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 3. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 4. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.

76 14 Тақырып. ҮІІ модуль. Жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару
Мақсаты: Жоғары мектеп оқытушысының бірден-бір қызметінің бірі басқару ол процесте өзін-өзі бағалай білуге, ұсынуға үйрету. 1. Педагогикалық үрдісті басқаруға әлеуметтік тұрғыдан келу 2. Педагогикалық жүйені басқару түрлері, негізгі принциптері мен әдістері. 3. Жоғары мектеп ішілік басқару жүйесі. Сабақ түрі – іскерлік ойын Әдістемелік нұсқау: Топ бір кіші (3-4 адам) және бір үлкен топтарға бөлінеді. Кіші топ әкімшілік, үлкен топ қызметке қабылданушылар. Әкімшілік топтары болашақтағы бір оқу орнының құрылымын жасайды (Аты, мекен-жайы, факультеттер, вакантты орындар), үлкен топ резюме құрастырып жұмысқа қабылдануға тырысады. Тікелей пікірлесу жүреді. Соңында әркімнің рольге ену барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері талқыланады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 2. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002. 4. Галкина Т.П. Социология управления: от группы к команде. –Москва: Финансы и статистика, 2001. 5. Пикельная В.Т. Теоретические основы управления. М.: Высш. шк., 1990 – 175 с. 6. Кунц Г., Оденелл С. Управление: системный и ситуационный анализ управленческих функций. –М.: Прогресс, с

77 15 Тақырып. ҮІІ модуль. Қарым-қатынас және оның оқытушы қызметіндегі маңызы
Мақсаты: Оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынас түрлерін меңгере отырып, іске асыруға үйрету. 1. Қарым-қатынас ұғымына түсінік 2. Қарым-қатынас түрлері. 3. Қарым –қатынас стильдері. Сабақ түрі – рольдік ойын Әдістемелік нұсқау: Әртүрлі педагогикалық жағдаяттар ойластырылып, сондағы қарым-қатынастар сипатталып, талқыланады. Жағдаяттар барысында рольге ену процесі жүреді. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону:Феникс, с. 2. МынбаеваА.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал(схемы, информация, тезисы).-Алматы, .- 3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002. 4. Леонов Н.И. Психология делового общения. –М. Воронеж: МОДЭК, с. 5. Лобанов А.А. Профессионально-педагогическое общение. –М.: 6. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М.:Логос, – 384  7. Смелкова З.С. Педагогическое общение. М., – 232 с.

78 Қосымша материалдар

79 Жоғарғы мектеп педагогикасының құрылымы:
ЖМП өзекті мәселелері; ЖМ оқытушысы іс-әрекетінің мәні; ЖМ дидактикасы: оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; ЖМ басқару жүйесі.

80 Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері
Білім көзіне байланысты сөздік практикалық Көрнекі Танымдық әрекет типіне байланысты Продуктивті репродуктивті Проблемалық баяндау Түсіндірмелі-иллюстративті зерттеушілік Репродуктивті

81 “ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫН” зерттеуші ҚазҰУ ғалымдары
“ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫН” зерттеуші ҚазҰУ ғалымдары

82 «Жоғарғы мектеп дидактикасын» зерттеуші отандық ғалымдар:
Садыков Т.С., Медеуов Е.У., Хмель Н.Д., Жампеисова К.К., Бейсенбаева А.А., Хан Н.Н., Қалиева С.И., ЖадринаМ.Ж., Дүйсенбаев Д., Сыздыков. О, Қаламқалиев М.Х., Нәби Ы., Құдайқұлов М.А., Сабыров Т.С., Абдраман Ш.А., Нұрғалиева Г.К., Жүсіпалиева Д.М., Қараев Ж.Ж., Балықбаев Т.И., Сейтешев А.П., Әбдіманапов С.А., Егоров В., Әбілқасымова А.Е., Абдукаримов Б., Ахметова Г.К., Закирьянов К.Х., Қалыбекова А.А., Молдабекова Н.С., Мәжитова Л.Х., Меңлібекова Г.Ж., Сабиров Т.С., Сарыбеков М.Н., Хайруллин Г.Т., Баширова Ж.Р. т.б.

83 Дәріс оқушыға қойылатын әдістемелік талаптар:
1. Дәріс оқу мен оны жүргізудің адамгершілік сипатын қамтамсыз ету; 2. Дәрістің ғылымилығы мен ақпараттық сипаты (заманға лайық ғылыми деңгейінің болуы); 3. Дәлелділігі мен дәйектілігі; 4. Ашық, айқын, түсінікті мысалдар, фактілер, ғылыми және деректемелік негіздерінің болуы; 5. Баяндау формасының эмоционалдығы; 6. Тыңдаушылардың ойлау құабылетін белсендіру; 7. Ойлануға итермелейтін сауалдар қойып отыру; 8. Нақты құрлымының болуы және баяндалын жатқан сауалдарды ретімен шешіп отыру; 9. Басты ойлар мен ережелерді әдістемелік өңдеуден өткізу; 10. Жаңа терминдер мен атауларға түсініктеме беріп отыру; 11. Мүмкіндігінше аудиовизуалды және дидактикалық материалдарды қолдану;

84 ЖМ дәріс сабағының мақсаттарын белгілеу үлгісі
Мысалы: “Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру” тақырыбы бойынша дәріс мынадай 3 мақсатты көздеуі тиіс: Білімдік мақсаты: «Адам – тұлға – индивид» ұғымдарына анықтама беру, тәрбиелеу процесінде жеке тұлғаны қалыптастыру ерекшеліктерін түсіндіру. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлармен таныстыру. Тәрбиелік мақсаты: Әлеуметтік мәнге ие «тұлға» ұғымына студенттердің құндылықтық қатынасын қалыптастыра отырып, әрбірінің өз тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жеке белсенділігін арттыру. Дамытушылық мақсаты: Дәріс кезінде «тұлғаның қалыптасуы» түсінігін талдай отырып, өз Отанымыздың ілгерілеуі үшін тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу қандай мақсаттарды көздейтінін бірлесіп талқылау.

85 Семинар сабағы міндеттерінің таксономиясы
Тақырып: Психология ғылымы таным аймағы ретінде Мақсаттар: Білімдік мақсат: Психология ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, оның бастапқы кездегі сипаты, өзіндік ерекшеіктері туралы түсінік қалыптастыру. Тәрбиелік мақсат: Ойлау, ойын жинақтау және талдау дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық мақсат: Психология ғылымы жүйесі туралы жалпы ғылыми тұжырымдарды талдай отырып, білім жасап шығаруға (воспроизведение знаний) түрткі жасау Міндеттер: 1.1. Психология пәнінің ерекшелігі неде? 1.2. Психология қандай ұғымдарда қарастырады? 1.3. «Психология» ғылымына өз тарапыңыздан анықтама беріңіз 1.4. «Психология ғылымын зерттеу қоғамға не береді?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. 2.1. Психология пәнін қандай әдістер арқылы оқытқан дұрыс деп ойлайсыз? 2.2. Психология пәнін оқытуда қандай педагогикалық технологиялық қолданылуы мүмкін? 2.4. Психология ғылымының жетекші категорияларын көрсетіп, оған талдау жасаңыз 2.5. Психология қандай ғылымдармен байланысты және неге? 2.6. Психология ғылымындағы теориялардың әркелкі, кейде бір-бірін жоққа шығаруының себебі неде деп ойлайсыз? 2.7. Психология пәнін оқыту арқылы адам бойында қандай сапалық өзгерістер жасауға болатынына өз бетіңізше шығармашылық сипаттаиа жасаңыз Семинар барысы: Студенттер дөңгелек үстелге айнала отырады да, аталған тақырып бойынша дайындап келген ақпараттарының негізінде өз пікірлерін ортаға салады. Оқытушы модератор қызметін атқарып, пікірталасқа араласпай, тек сауал қойып отырады.


Download ppt "«ПЕДАГОГИКА (ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ)»"

Similar presentations


Ads by Google