Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Жасуша теориясыны ң қ алыптасуы. СӨЖ Орындаған: Сейсембаева Карина Кактайкызы Б1-705 студенті Тексерген:Қажыгелдиева Лаура Карлкызы.

Similar presentations


Presentation on theme: "Жасуша теориясыны ң қ алыптасуы. СӨЖ Орындаған: Сейсембаева Карина Кактайкызы Б1-705 студенті Тексерген:Қажыгелдиева Лаура Карлкызы."— Presentation transcript:

1 Жасуша теориясыны ң қ алыптасуы. СӨЖ Орындаған: Сейсембаева Карина Кактайкызы Б1-705 студенті Тексерген:Қажыгелдиева Лаура Карлкызы

2 “Жасуша теориясы” Жасуша теориясы- жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.Т. ШваннөсімдіктерЖасуша

3 Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.). Жануарлар жасушасын зерттеген Т.Шванмен қатар, жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты.

4 Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635- 1703ж.) жасаған.Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюлла“- “жасуша” деп атады.

5 Жасуша құ рылысы 1.Цитоплазма 2.Ядро 3.Митохондрия 4.Пластидтер 5.Лизосома 6.Май тамшылары 7.Гольджи жиынты ғ ы 8.Т ү йіршікті эндоплазмалы қ тор 9.Вакуоль 10.Жасушаны ң ішкі мембранасы 11.Жасушаны ң сырт қ ы мембранасы

6 Микроскоп.Жасушалардың мембранасына, ядросына және цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады.Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерттеу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады.Ол өте жылдам айналып,жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады,себебі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады. Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.

7 Тірі а ғ залар жасушалары жетілуіне байланысты Эукариоттар ядролы жасушалар Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жоғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні. Қорта келгенде,жасуша теориясы ”жасушаның“ барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды. Прокариоттар ядросыз жасушалар

8 Ө СІМДІК ЖАСУШАСЫ

9 ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ Ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831 жасуша ядросын ашты. Ядро жасушада жүретін барлық үрдістерді басқарады және оның тіршілігін қамтамасыз етеді. Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады. Ядрошық хроматин мен рибосоманың синтезін бақылайды.

10 МИТОХОНДРИЯ Жасушада бірнеше мыңға дейін митохондриялар болады. Митохондриялар жасушаның энергетикалық көзі. Мұнда тынысалу кезінде тотығу-тотықсыздану үрдісі жүреді, ол жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді. Митохондрия екі мембранадан тұратын қабықшамен қапталған.

11 ХЛОРОПЛАСТ Пластидтер (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт) тек ө сімдік жасушасында ғ ана болады. Хлоропластарда ө сімдікке жасыл т ү с беретін пигмент - хлорофилл д ә ндері болады.

12 РИБОСОМА Рибосомалар нәруыз синтезінің орталығыболып табылады. Рибосомалар ядрода, митохондрияда, пластидтерде және өте көп мөлшерде цитоплазмада болады. Рибосомалар жеке немесе топпен (полисома) орналасады. Жеке орналасқанда олар өзара РНҚ жіпшелері арқылы байланысады.

13 ЖАСУША Қ АБЫ Қ ШАСЫ Жасуша қ абы қ шасы еріген заттарды та ң ідап ө ткізетін қ абілеті бар плазмалы қ мембрана. Қ абы қ ша ү ш қ абатты ж ә не полисахаридтер – целлюлоза мен май заттарынан т ұ рады. Қ абы қ шаны ң ішкі мембранасы диктиосомаларды ң есебінен ү немі жа ң арып отырады.


Download ppt "Жасуша теориясыны ң қ алыптасуы. СӨЖ Орындаған: Сейсембаева Карина Кактайкызы Б1-705 студенті Тексерген:Қажыгелдиева Лаура Карлкызы."

Similar presentations


Ads by Google