Download presentation
Presentation is loading. Please wait.
Published byMoritz Holst Modified over 6 years ago
1
«БІЛДЕКЖАСАУ, МАТЕРИАЛТАНУ ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті «БІЛДЕКЖАСАУ, МАТЕРИАЛТАНУ ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ МАШИНА ЖАСАУ ИНСТИТУТЫ 5В0710 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы АЛМАТЫ, 2010
2
МАШИНА ЖАСАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Курс - 3 Семестр - 6 Кредит саны - 3 Дәріс - 2 кредит Практикалық жұмыс - 1 кредит СОӨЖ - 3 кредит Тьютер – БМ және МЖӨТ кафедрасының оқытушысы Мадижанова Алия Турсынханқызы
3
АҢДАТПА “Машина жасау материалдары” пәні жалпы кәсіптік пәндердің циклына жатады. Пән бойынша ОӘК жоғарғы кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына және өңдеу тәртібіне сәйкес құрастырылған. Оған барлық қажетті бөлімдер кіргізілген: пәннің мақсаты мен мәнінің пошымдалуы, оның тағайындалуы мен бакалаврдың инженерлік дайындау жүйесіндегі басқа да пәндермен байланысы, ең қажетті білімнің минимумы, пән бойынша оқып білу және үйрену, дәрістік сабақтардағы теориялық оқу үшін негізгі тақырыптар, практикалық жұмыстар бойынша тізім және тапсырма, СӨЖ және СОӨЖ үшін сұрақтар, бөлімдер мен модулдер бойынша қажетті әдебиеттер тізімі. Дәрістік материалдар мазмұны толық пәннің оқу бағдарламасын қамту көлемінде берілген.Әр дәрісте негізгі терминдер, түсініктер және материалдарды толық оқып білу үшін сұлбалар, кестелер, суреттер немесе оларға түсініктер толығымен жүйеленген. Практикалық жұмыстарды жүргізу тапсырмасына жүргізу әдістемесі, қажетті материалдар тізімі және жұмысты орындауға арналған аспаптар, теориялық бөлім және жұмысты орындау тәртібі кіргізілген. Ағымды, аралық және емтихандық тестілеуге арналған тест сұрақтарының кешені студенттердің сұрақ мәнін ойланып табуына көмегін тигізеді. Бакалаврлардың “Машина жасау материалдары” пәніндегі негізгі трминдер мен түсініктерді өз беттерімен оқып білуі үшін пәннің глосарийі құрастырылған. Пәннің бөлімдерінде кездесетін анықтамалар пәннің мазмұнын құрумен олардың қолдану ретімен келтірілген.
4
«Машина жасау материалдары» туралы ақпараттар
Алдыңғы реквизиттер: Химия, физика, металл емес материалдар, конструкциялық материалдардың беріктік және созымдылық физикасы, машина жасау өндірісінің технологиялық процестері, материалдарды термиялық және химия-термиялық өңдеу теориясы мен технологиясы Соңғы реквизиттер: ерекше қасиеттерімен материалдар, материалдар өндірісінің технологиялық процестері, мұнай және газ өнеркәсібіндегі конструкциялық материалдар Пәннің мәні мен мақсаты: Машина тетіктерін, аспаптардың әртүрлі түрлерін дайындауға арналған болаттар мен қорытпаларды дұрыс таңдау және тағайындау үшін материалдар қасиеттерінің ерекшеліктерін, машина жасау материалдарының құрылымын, алу технологиясын және қолдану аймағын оқып білу мақсаты болып табылады. Пәнді оқыту мәні: машина жасау материалдарының құрылымы тіралы білім алу жәнеметалдар мен қорытпаларға қажетті қасиеттер беру үшін дұрыс жол таңдай білу табылады.
5
Пәннің тақырыптық жоспары
1. Машина жасау материалдары пәннің мақсаты мен мәні. Машина жасау саласының қазіргі уақыттағы жағдайы 2. Конструкциялық материалдардың сыныпталуы. Көміртекті болаттар. Көміртегі мен басқада зиянды қоспалардың болаттардың қасиеттеріне ықпалы. 3. Легірленген болаттар. Нормалды және жоғары статикалық беріктігімен легірленген болаттар. 4. Легірленген жоғары берікті болаттар. Жоғары циклдыө беріктігімен болаттар. 5. Ерекше технологиялық қасиеттерімен материалдар. Кесуге өңделгіштігі бар жақсартылған болаттар. 6. Жоғары технологиялық созымдылығы мен пісірілгіштігі бар болаттар. 7. Жоғарғы құйылғыштық қасиеттері бар темір-көміртекті қорытпалар. 8. Аспаптық материалдар. Қатты қорытпалар және өте қатты материалдар. 9. Тозуға төзімді материалдар. Тозу түрлері. 10. Беткейі жоғары қатты материалдар. Абразивті, шаршау, кавитациялық тозу түрлеріне берік материалдар. 11. Антифрикциялық және фрикциялық материалдар. 12. Температура әсеріне және жұмыстық ортаға тұрақты материалдар. Жемірілуге қарсы материалдар. 13. Коррозияға тұрақты материалдар 14. Ыстыққа төзімді, ыстыққа берік және суыққа тұрақты материалдар. 15. Ерекше магниттік қасиеттері бар материалдар.
6
Практикалық жұмыстар тізімі
1. Легірленген болаттардың шағын құрылымын зерттеу 2. Белгілі қасиеттерімен қорытпалардың қасиеттері мен шағын құрылымымен танысу 3. Резеңке, оның қасиеттері және сынау әдістері 4. Металдар мен металл емес материалдарды желімдеу
7
Студенттердің оқытушымен бірігіп өз бетімен жұмыстарының тізімі (СОӨЖ)
1. Металдардың кристалдық құрылысы. 2. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы. 3. Металдар мен қорытпалардың қасиеттері. 4. Баяу балқитын металдар мен қорытпалар. Олардың қасиеттері, алынуы және қолдану аймағы. 5. Титан және оның қорытпалары. Титан өндірісі. 6. Магний негізіндегі қорытпалар. Деформацияланған магний қорытпалары. 7. Магний негізіндегі қорытпалар. Құйма магний қорытпалары. 8. Термосозымды пластмассалардың механикалық қасиеттері. 9. Дисперсті-беріктендірілген құрасжиын материалдары. 10. Радиациялық-тұрақты материалдар. 11. Сызықтық кеңеюдің берілген температуралық коэффициентімен қорытпалар. 12. Серпімді модулдің берілген температуралық коэффициентімен қорытпалар. 13. Жоғары электрлік өткізгіштігімен материалдар. 14. Жоғары өткізгіштігімен материалдар. 15. Жартылай өткізгіш материалдар.
8
Студенттердің өз бетімен жұмыстарының тізімі ( СӨЖ)
1. Ковалентті кристалдар 2. Металдық кристалдар 3. Қорытпалардың фазалық құрамы. Енгізудің қатты ерітіндісі. 4. Қорытпалардың фазалық құрамы. Орын ауыстырудың қатты ерітіндісі. 5. Қорытпалардың фазалық құрамы. Химиялық қосылыстар. 6. Қорытпалардың фазалық құрамы. Аралық фазалар. 7. Қорытпалардың фазалық құрамы. Электрондық фазалар. 8. Сұйық кристалдар. 9. Созымды деформация механизмы. 10. Қорытпалардың қатты күйіндегі компоненттерінің уақытша еруімен термиялық өңдеуі. 11. Рессор-серіппе болаттар. 12. Аспап жасауға арналған серіппе материалдар. Бериллийлі жез. 13. Деформацияланған алюминий қорытпалары. 14. Құйма алюминий қорытпалары. 15. Гранулданған қорытпалар.
9
Ұсынылған әдебиеттер Негізгі әдебиет
1. . Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. - М.: Машиностроение, 1980, 483 с. 2. Арзамасов Б.Н., Сидорин И.И. и др. Материаловедение. – М: Машиностроение, 1986, 384 с. 3. Дуйсемалиев У.К., Джанысбаева Т.А., Тундыбаева Э.К. Машиностроительные материалы. Методические указания к лабораторным работам. – Алматы: КазНТУ, с. 4. Сапаров А.К., Джанысбаева Т.А., Наурызбаева Б.К., Щенева А.В. Конструкционные материалы и термическая обработка. Методические указания к лабораторным работам для студентов машиностроительных специальностей. – Алматы: КазНТУ, с. Қосымша әдебиет 5. Термическая обработка в машиностроении. (Справочник под ред. Ю.М. Лахтина и А.Г. Рахштадта), М.: Машиностроение, 1981, с 6. Прогрессивные направления развития технологии машиностроения. – СГТУ, Саратов, 1993. 7. Дуйсемалиев У.К., Сульменев В.С., Джанысбаева Т.А., Сапаров А.К. Неметаллические материалы, их свойства и применение. – Алматы : КазНТУ, 1998, 131 с. 8. Дуйсемалиев У.К., Сапаров А.К., Дуйсемалиев Т.У. Проектирование заготовительно-термических цехов (участков) машиностроительного производства. Издание КазНТУ:Алматы, 1998.
10
Глоссарий Қасиеттердің әр қасиеттілігі - әр түрлі бағыттарда қорытпаның барлық немесе кейбір қасиеттерінің бірдей еместігі. Ақ шойын - барлық көміртек темірмен цементит түрінде байланған шойын. Ақ шойынның ақшыл (ақ) сынығы, жоғары қаттылығы мен морттылығы бар. Тез кескіш болат - жылумен өңдеуден кейін жоғары қаттылығымен және беріктігімен ерекшеленетін және оларды 6000С жоғары жылысалқындықта сақтайтын аспаптық қосынды болат. Суарылғыштығы - болаттың, шойынның және басқа қорытпалардың суарудан кейін кенеттен қаттылығын арттыру қабілеті. Қыздырудағы ұстау - бұйымның берілген жылысалқындыққа жетуден бастап суынудың басталуына дейінгі уақыт аралығы. Үзілуге уақытша кедергі - үлгілер қирауының алдында болған ең үлкен жүктеменің үлгі қимасының бастапқы ауданына қатынасына тең кернеу. Түйір шекарасы - бастапқы түйірлерге жанасатын түйір көлемінің шекаралық бөлігі. Түйірлер шекараларының құрамы мен қасиеттері металдар мен қорытпалардың физикалық-жарақтылық қасиеттерін байланыстырады. Өскелеңдік сынаулар - жүктемені тез түсірумен жадығаттың жарақтылық сыналуы, мысалы соғуға. Ұзақтық беріктік - ұзақ уақыт бойы түсірілген тұрақты жүктеменің әсеріне жадығаттың жарақтылық қирауға қарсыластығы. Ұзақ беріктік әдетте көтеріңкі жылысалқындықта сыналады. Ұзақ уақыттылық - бұйымның шегіне жеткен күйжайына дейінгі жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті. Бұйымның шегіне жеткен күйжайына дейінгі жұмыс істеу уақыты қор деп аталады. Сынық - қирау жеріндегі беттің сыртқы көрінісі. Тозуға беріктік - жадығаттың беттік тозуға қарсыластық көрсету қасиеті. Тұрақсыздану шегі - жүктеменің ұлғаюынсыз жадығаттардың түрөзгеруі жүргендегі кернеу. Қаттылық - жадығаттың бетіне онан қаттырақ денені қысып енгізетін оның қарсы тұру қабілеті. Соққы тұтқырлығы - жадығаттың соғу жүктемелерінің әсеріне қарсы тұру қабілеті. Суықтай сынғыштығы - жадығаттың төменгі жылысалқындықтарда тұтқырлықтан мортты күйжайға өту қабілеті. Морттылығы - елеусіз созымды түрөзгеру жүретін қираудағы жадығаттың күйжайы.
11
Көміртекті болаттардың шағын құрылымы
Техникалық таза темір эвтектоидқа дейінгі болат Эвтектоидтық болат эвтектоидтан кейінгі болат
12
Шойындағы графит қосымшаларының пошымы а — ине немесе табақша; 6 — шар тәрізді: в — үлпек тәрізді
13
МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚЫСУҒА СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ
«МАШИНА ЖАСАУ МАТЕРИАЛДАРЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚЫСУҒА СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚЫСУ МЕН СОЗУҒА СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ
14
МАТЕРИАЛДАРДЫ ШАҒЫН ҚАТТАЛЫҚҚА СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ
МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰЗАҚ УАҚЫТ КЕЗІНДЕ БЕРІКТІККЕ СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ Эскиздік жоба Компьютерленген жоба МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАТТЫЛЫҚҚА СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ «Твердомер Роквелла ТК – 2М» МАТЕРИАЛДАРДЫ ШАҒЫН ҚАТТАЛЫҚҚА СЫНАУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ
15
Электрлік пеш SNOL 6,7/1300 МИМ-7 микроскобы
16
Metallographic microscope МЕТАМ LB-31
Metallographic microscope can perform automatic counting of inclusion amounts, structural analysis by light, form and other parameters, to carry out high-precisely measurement of microobjects, phase state and microstructure of materials in dependence of their chemical composition, regimes of producing, литья and treatment (thermal, chemical thermal, thermomechanical, cyclic, surface etc.), to study the structure of surface layer, covers, films and composites. Optical inductive-plasma coupled emission spectrometer Optima 5100 DV ICP analyses the content of metals (more than 50 chemical elements) in drinking water, homogeneous liquid organic and inorganic media limited up to part per billion (ppb). The limit of determination of chemical elements is as following: advantages of the ICP are: Flexibility of selecting of wavelength and rate of analysis Precisely analysis Improved limits of observation and extended dynamic range High-speed service Minimal electro energy expenditure
17
Оқытушы туралы мәліметтер
Мадижанова Алия Турсынханқызы – в 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 0407 – «Металтану, металдарды термиялық өңдеу технологиясы, жабдықтары» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми-педагогикалық стажы – 16 жылдан астам. Ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі – 55 атауымен. Оқытатын пәндері: , мамандықтарына арналған «Материалтану», «Конструкциялық материалдар технологиясы», «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері», «Машина жасау материалдары», «Металл емес материалдар, олардың қасиеттері мен машина жасауда қолданылуы», «Конструкциялық материалдар және термиялық өңдеу». 2009 жылы академиялық атақ – магистр атағына келесі тақырыпта диссертация қорғалды: «ОСОБЕННОСТИ ДИАГРАММ РАСТЯЖЕНИЯ, ПОЛУЧАЕМЫХ С ПОСТОЯННОЙ СКОРОСТЬЮ НАГРУЖЕНИЯ И ПОСТОЯННОЙ СКОРОСТЬЮ РАСТЯЖЕНИЯ».
Similar presentations
© 2025 SlidePlayer.com. Inc.
All rights reserved.