Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Producers’ centre Продюсерский центр Адамович Е. Н., Хорошилова Е. Ю.

Similar presentations


Presentation on theme: "Producers’ centre Продюсерский центр Адамович Е. Н., Хорошилова Е. Ю."— Presentation transcript:

1 Producers’ centre Продюсерский центр Адамович Е. Н., Хорошилова Е. Ю.
Продюсерлік орталық Producers’ centre Продюсерский центр Адамович Е. Н., Хорошилова Е. Ю.

2 Мақсаттар мен міндеттер:
Бағдарламаның мақсаты- ағылшын тілі бойынша тыңдалым және грамматика дағдыларын жетілдіру, дыбыстау мен дауыс ырғағын жақсарту, шығармашылық қабілеттерді дамыту  Міндеттер: дайын лексикалық және грамматикалық құрылымдарды қабылдауға, еске сақтауға және айтуға үйрету, ауызекі тіл дағдыларын дамыту, жатталған өлеңдер негізінде бейнеьбаян жасауға көмектесу

3 Ағылшын тілі сабақтарындағы әндер
 оқу процесінде шығармашылық мүмкіндіктер туғызады. Бұл- дыбыстау, грамматика ережелерін үйренуге және өткен тақырып бойынша сөздер мен тіркестерді жаттап алудың жеңіл әрі түсінікті тәсілі.

4 Айтылым Біздің орталықтағы әр сабақ айтылым практикасынан басталады, яғни оқушылар ән атауы бойынша өз ойын айтады немесе оның не туралы екендігін болжайды немесе ән туралы сұрақтарға жауап береді.

5 Әр әнмен жұмыс өз ойын айтудан немесе сұрақтан басталады

6 Сөздік қор Әндермен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің сөздік қорын кеңейтеді. Олар тек жеке сөздермен жұмыс істеп қоймай, ауызекі тілді дамытатын түрлі грамматикалық құрылымдар, сленгтер, тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс істейді.

7 Мысалы Стингнің “Englishman in New York” әнінен notoriety, propriety, sobriety сияқты жаңа сөздерді кездестіруге болады. Оқылықтағы лексикаға қарағанда, ұйқастың арқасында ән мәтіні мен сөздер тез жатталады.

8 Мысалы, Linkin park тобының “Numb” композициясында “
Мысалы, Linkin park тобының “Numb” композициясында “...put under the pressure of walking in your shoes...” атты жолдар таң қалдырады. Оны қалай аудларуға болады? Сөзбе-сөз аударсақ, мағынасы мүлдем түсініксіз болады. Ал егер сөздікке қарасаңыз, in someone’s shoes — «өзіңді өзгенің орнына қою», «өзге адамның жанын түсіну» деген мағынаны білдіреді. 

9 Тыңдалым Ағылшын тілінде ән тыңдау қабілетін дамытады
Ағылшын тілінде сөздердің айтылуы жазылуынан өзгешеленеді- жазылуынан оқылуы өзгеше әріптер тіркесі көп. Оқу процесінде әндерді пайдалану есту ғана емес, қабылдау дағдыларын да дамытуға мүмкіндік береді.

10 Оқушылар әнді құлаққап көмегімен топ, сынып болып немесе жеке тыңдайды.
Тапсырма қанша рет тыңдайды талап етсе, сонша рет тыңдалады. Тапсырмалар түрлі күрделілікте беріледі.

11 Айту Дұрыс айтуды тыңдай отырып, біз оны үйреніп аламыз және өз сөзімізде пайдаланамыз. Сондықтан көптеген әндер айтылым бойынша жақсы мұғалім бола алады.

12 Сабақ барысында дыбыстар ғана емес, екпін, дауыс ырғағы мен айтылуы қиын көптеген қысқартулар қарастырылады. Әрине, және де біз ән айтамыз!

13 Грамматика Әндермен жұмыс істей отырып, оқушылар ағылшын тілі грамматикасын да қарастырады. Кейбір пәндерді грамматикалық ережелерге бойынша таңдауға болады. Мысалы, If I Were a Boy (Beyoncé) әні шартты сабақтас сөйлемді оқу үшін тиімді, ал “used to” құрылымын үйренуге Chris Daughtry жақсы келеді. If I were a boy Even just for a day I’d roll out of bed in the morning And throw on what I wanted and go Drink beer with the guys And chase after girls I’d kick it with who I wanted And I’d never get confronted for it Because they’d stick up for me

14 (и только в конце припева – She doesn’t even know my name).
Балаларға грамматиканы үйрету қажетттілігіне қарамастан, біз, ең алдымен олармен өзіміз жұмыс жасадық. Өйткені ауызекі тілде грамматикалық ережелер көбіне сақталмайтыны жасырын емес және қазіргі ағылшын тілінде де өрескел қателерді кездестіруге болады. Мысалы, Bon Jovi әнінде Present Simple келесідей жолмен пайдаланылған: she don’t know me,  she don’t see me,  she don’t care,  she don’t hear me,  she don’t want me  (и только в конце припева – She doesn’t even know my name).

15 Шығармашылық Біздің продюсерлік орталықтағы ең қызық тапсырма - бейнебаян жасау. Бейнебаянды оқушылар өздері жасайды. Оқушылар үшін бейнебаяндағы рольдерді бөлу, түсіру өте қызықты. Бейнебаяндар сабақтарда ғана емес, түрлі мектепішілік шараларда да көрсетіледі.


Download ppt "Producers’ centre Продюсерский центр Адамович Е. Н., Хорошилова Е. Ю."

Similar presentations


Ads by Google