Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Жапония Туы Хиномару деген атпен белгілі. Тудағы ақ түс бейбітшілік пен шындықтың белгісі, қызыл түс шыдамдылық, қайсарлық пен айбындық бейнесі. Халқы.

Similar presentations


Presentation on theme: "Жапония Туы Хиномару деген атпен белгілі. Тудағы ақ түс бейбітшілік пен шындықтың белгісі, қызыл түс шыдамдылық, қайсарлық пен айбындық бейнесі. Халқы."— Presentation transcript:

1 Жапония Туы Хиномару деген атпен белгілі. Тудағы ақ түс бейбітшілік пен шындықтың белгісі, қызыл түс шыдамдылық, қайсарлық пен айбындық бейнесі. Халқы 2010 жылғы санақ бойынша 126,9 млн. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар.

2 Жапонияның ірі қалалары
Иокога́ма Жапониядағы ірі,өнеркәсіптік портты қала. Қаланың жер аумағы-437,38 км², халық саны-3,697,894 адам (2013).Экономикалық базасы өте мықты-бұнда әлемдік үлкен корпорациялардың орталық офистері орналасқан. Астанасы Токио қаласы (13,1 млн.). Токио – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды.

3 Жапонияның басқарушы императоры Акихито (1989жылдан бастап)
Жапонияның басқарушы императоры Акихито (1989жылдан бастап). Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады.

4 Табиғат жағдайы Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхиты мен Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты. Ірі таулары: Хидака мен Китами, Оу, Этиго, Хида, Кисо, Аканси.

5 Жапония мәдениеті Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами төселеді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

6 Шаруашылығы Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыған. Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық ғана емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді

7 Жапония мемлекетінің экономикасы
XXI ғ. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсті. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Жапония соңғы онжылдықтарда  урбанизация қарқынының өте жоғарлығымен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде алғашқы орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар.

8 Toyota Sony Mitsubishi
Ірі компнаниялар

9 Toyota Motor Corporation (жапон
Toyota Motor Corporation (жапон. トヨタ自動車株式会社 тойота дзидо:ша кабушикигайша) — әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб-пәтері - Жапонияның Тойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500[ (2010 жылы) – компания 5-ші орынды иеленген. Toyota Motor Corporation — Toyota Group-тың басты мүшесі болып саналады. «Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді. Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерініңсауда белгісі болып қалыптасқан.

10 Sony Sony Corporation, Сони (жапон. ソニー株式会社 Sonī Kabushiki Gaisha?) – 1946 жылы Жапониядақұрылған трансұлттық корпорация. Негізі Токио маңындағы Минато қаласында салынған. Sony Corporation тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді өндірумен айналысады. Сонымен қатар Sony әлемдегі ең ірі медиа компанияларының бірі болып келеді. Sony Music Entertainment дыбыс жазу маркасына, Columbia Pictures және TriStar Pictures киностудияларына, сонымен қатар MGM компаниясының толық фильмдер архивіне ие. Өнімдері Sony Rolly атты әуен ойнататын роботты, AIBO атты ит тәрізді роботты, гуманоидтарды және QRIO-ды жасап шығарған жылдары бірінші портативті Walkman аудиоплеерлері шыға бастайды. 1983 жылы Philips компаниясымен бірігіп нарыққа алғашқы компакт-дискілерін шығарады. 1990 жылдары алғашқы «мини-дискмэндер» пайда болған. 1990 жылдың өзінде Sony 500-ге жуық жаңа өнімдер шығарған, ол дегеніңіз күніне екі жаңа зат шығарып отырған. 1994 жылдың аяғында корпорация жапон нарығына PlayStation ойын консольін ұсынады. Оның сәтті болғаны сонша2000 жылы PlayStation 2, 2006 жылы PlayStation 3 ойындары шығады. 2011 жылдың тамыз айында компания портативті техникаға арналған компьютер экрандарын шығару үшін Toshiba, Hitachi және Innovation Network Corporation of Japan атты жапондық мемлекеттік-жеке меншік компаниясымен бірлескені жайлы жария етті.

11 Mitsubishi Group 三菱グループ
Түрі: Жекеменшік компания Қызметі: Көлік жасау Компанияның ұраны: Қозғалыс және жер (Drive and Earth) Құрылған жылы: 1870 Құрушы: Ивасаки Ятаро Орналасқан жері:  Жапония, Токио Саласы: машина құрылыс Өнімі: Көлік құрастыру, Мицубиси,Mitsubishi — Жапонияның жетекші финанс-өнеркәсіптік монополиялық тобы. 1870 жылыИвасаки семьялық көнцерні негізінде құрылды. Мицубиси тобының дамуы империалистік Жапонияның басқыншылық соғыстарымен тығыз байланысты. Мицубиси АҚШ монополияларымен тығыз байланыс жасайды. Мицубиси тобына Мицубиси банкісі және «Мицубиси сёдзи» сауда фирмасы басшылық етеді. Мицубисидің жоғары органы — президент жиналысы. Мицубисидің басты тірегі — «Мицубиси хэви индастрис» машина жасау компаниясы.

12 Либералдық-Демократиялық Коммунистік Социалистік
Либералдық-Демократиялық Коммунистік Социалистік Жапония елінің партиялары

13 Либералдық-демократиялық партиясы
1955 жылдан бастап,38 жыл бойы саяси биліктің тізгінін ұстап отырды Жапония Либералдық-демократиялық партиясы 2009 жылы парламент сайлауында,55 жыл бойы үстемдік етіп,жеіңіліс тауып,саяси билік алаңына Жапония демократиялық партиясы келді. 2012 үкімет сайлауында ЛДП қайта жеңіске жетіп,үкімет басқарды. Төрағасы Синдзо Абэ 2012 ж. 26 желтоқсанынан ел үкіметін басқаруда.

14 Жапония коммунистік партиясы
1922 жылы 15 шілдеде Токиода астыртын съезде негізі қаланған партия. Жапония коммунистік партиясын құрып, нығайтуға С. Катаяма, С. Итикава, К. Токуда, М. Ватанабэ, Г. Кокуре т.б. белсене қатысты жылы қазанға дейін астыртын жұмыс жүргізді. Жапония коммунистік партиясы ның Құрылтай съезі партияның күнделікті жұмысы бағдарламасын, уақытша жарғысын және Коминтернге кіру туралы шешім қабылдады. Партия 2 – дүние жүзілік соғыс алдындағы кезеңде абсолюттік императорлық өкіметті құлатып, жартылай феодалдық жүйені жою жолымен елде буржуазиялық – демократиялық революцияны жүзеге асыру үшін күресті, еңбекшілердің саяси-экономикалық құқықтары жолындағы қозғалысқа басшылық етті, Совет Қиыр Шығыстағы жапон интервенцисына қарсы шығып, Совет Ресейді қолдады, Қытайдағы және басқа елдердегі жапон империализмінің агрессиясын әшкереледі. Жапония коммунистік партиясының Бағдарламасын қабылдау және оны пағыз маркстік – лениндік партияға айналдыру жолындағы күресте партия 1923 – 1927 жылдары жойымпаздық бағытты және солшыл оппортунистік бағытты жеңіп шықты. Коммунистік Интернационал Атқару комитетінің 1927 жылы шілдеде жапон мәслесі жөнінде басылған тезистері ЖКП қызметінің нақты бағдарламасын жасауға, партияның бұқара және еңбекшілердің ұйымдары арасында ықпалын күшейтуге жәрдемдесті.

15 Конституциясы Жапонияның қазіргі қолда­ныс­тағы Конституциясы 1947 жылы 3 мамырда күшіне енді әрі сол кезден бері бірде-бір өзгертуге ұшыраған жоқ. Заңнамалық актінің бұзылмастай біртұтастығының сыры 96-бапта жатыр. Ол бойынша Конституцияға қандай да бір түзету жасау үшін қос палатының кем дегенде үштен екісінің келісімі керек. Мақұлданған өзгертулер онымен қоймай айрықша референдумға салынады немесе жаңа сайлау өткеннен кейін парламенттің қарарына жіберіледі. Бір айта кетерлігі, 1889 жылғы Мэйдзи Конституциясына қарағанда, бұл құжатта халықтың егемендік ұстанымдарын ашық түрде жариялайды (кіріспе,1-бап). Парламент – мемлекеттік биліктің жоғарғы органы. Ол екі палатадан – өкілдер палатасынан және кеңесшілер палатасынан тұрады. Мүшелері жалпыхалықтық сайлау негізінде сайланады. Премьер-министр депутаттардың ішінен сайланады, ал ол жетекшілік ететін министрлер кабинеті Парламент алдында жауапкершілік жүктейді. Жапония Конституциясын «пацифистік» деп те атайды. Өйткені, онда жапон халқының бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін қандай да бір соғыстан, халықаралық жанжалдарды қарулы қақтығыспен шешуден бас тартуын бейнелейтін 9-бапқа айрықша маңыз артылады. Жапон милитаризмі жаңғыруының алдын алған аталмыш бап бір жағынан қолайсыздық тудырады. Өйткені, осының салдарынан мемлекет БҰҰ мүшесі ретінде бітімгершілік миссиясына және табиғи апаттардан құтқару операцияларына қатыса алмайды. Алайда, іс жүзінде тек ел шекарасының тұтастығын қоруға тиіс жапон әскері соңғы жылдары шетел кемелерін қорғаймыз деп Аден бұғазындағы теңіз қарақшыларымен қарулы қақтығысқа ұрынып қап жүр. Сондықтан да Жоғарғы палата 2007 жылы тоғызыншы бапты қайта қарау туралы шешімге келді. Ал жапон қайраткерлері болса, «Тоғызыншы бап» деген қоғамдық бірлестік құрып, милитаристік саясатқа мойын бұруға қарсылық көрсетуде.

16 1951 жылғы қыркүйекте Сан-Франциско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды. АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі С.Ёсидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, америка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, алдында «полиция корпусы», кейін «ұлттық қауіпсіздік корпусы» аталған әскери күштерін құрастыра бастады. «Елді қайта милитаризациялау және АҚШ — Жапон шартындағы америка жауынгері жапон сотына берілмейді» деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық тудырды жылы Жапония мен АҚШ «өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік» туралы жаңа шартқа келісті. Енді қылмыс жасаган АҚШ жауынгері жапон сотына берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді. Екі ел өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы 175 млрд долларға тең (1995 ж.) келеді. АҚШ - Жапония

17 Қазақстан-Жапония Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-эко­номикалық қатынастары еселеп арта түскен. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

18 Жапон даналығы Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба!
Жапон даналығы Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба! Кеткенді - ұстама! Келетіннен - қателесіп қалма! Жақсының жауы болған жақсы, жаманның досы болғанша. Қарапайымдық - ұлы адамға тән. Жоғарыға көтерілгісі келетін адам - баспалдақ ойлап табады. Күйеуі мен әйелі қол мен көз тәрізді болуы керек: қол ауырса - көз жылайды, көз жыласа - қол жасын сүртеді. Алыс сапар да - жақын жолдан басталады. Әдемі гүлдер - жеміс әкелмейді. Тек қана жатқан адам - ешқашан сүрінбейді. Бір жылы сөз - қыстың үш айын да жылы етуі мүмкін. Ақымақ пен есуасқа - арқашан жол бер! Қолыңнан келгенше істе, ал қалған жағы тағдырдың жазғаны. Күлкі шыққан үйге - бақыт келеді. Күлімдеген жүзге - ауыр сөз айтуға болмайды. Суық шай мен суық күрішке - шыдауға болады, Суық көз қарас пен суық сөзге - шыдау қиын. Қалаған қыз - қабырғадан өтеді. Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят. Терең өзендер - дыбыссыз ағады.


Download ppt "Жапония Туы Хиномару деген атпен белгілі. Тудағы ақ түс бейбітшілік пен шындықтың белгісі, қызыл түс шыдамдылық, қайсарлық пен айбындық бейнесі. Халқы."

Similar presentations


Ads by Google