Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Кафедра тарихы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы заң факультетінің екі кафедрасының бірігуімен құрылды: Табиғи ресурстар және экологиялық.

Similar presentations


Presentation on theme: "Кафедра тарихы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы заң факультетінің екі кафедрасының бірігуімен құрылды: Табиғи ресурстар және экологиялық."— Presentation transcript:

1 Кафедра тарихы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы заң факультетінің екі кафедрасының бірігуімен құрылды: Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы мен Инвестициялық және қаржы құқығы кафедрасы. Кафедралардың бірігуі әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының 2010 жылғы қыркүйектегі бұйрығымен орындалды.

2 1980 – 1990 жылдары кафедра қызметкерлерінің білім беру жүйесі, ғылыми және әдістемелік деңгейлері мен жетістіктері жоғарылады жылдан бастап кафедра меңгерушілерін заң ғылымының докторы, професср Сағындық Байсалұлы Байсалов басқарды.

3 1990 жылдың аяғы мен жаңа жүз жылдықтың қарсаңында кафедраның шығармашылық жетістіктері қарқынды дамыды жылдың аяғында кафедра табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы деп аталды. Бұл уақытта кафедраның жаңа меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор Д.Л. Байдельдинов болды.

4 Даулет Лайықұлы Байдельдинов 1960 жылы Украина ССР-нің Донецк облысының Артемовск қаласында дүниеге келген жылы №120 орта мектепті бітіргеннен кейін, С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің заң факультетіне оқуға түсіп, 1982 жылы аталған оқу орнын үздік бітіріп шықты. Дипломдық жұмысын қорғаған соң ауылшаруашылық және табиғатты қорғау кафедрасына оқытушы ретінде жұмысқа қабылданды. Бүгінде оқытушылық қызметпен қатар ғылыми еңбекті де қатар алып келеді. Оның қызметтік биографиясында бірнеше позиция бар: 1982 – 1996 жж. Д.Л. Байдельдинов ҚазҰУ-нің Экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы; 1996 – 1998 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кенесінің қызметкері; Бірнеше жыл ол ҚазҰУ-нің, табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі болды жылдан ҚазҰУ Заң факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. Білім жүйесінде ғылымға, қоғамдық қызметтерде орасан зор үлесін қосқаны үшін бірнеше наградалармен марапатталды.

5 Даулет Лайықұлы Байдельдинов 2002 жылдан бастап заң факультетінің деканы қызметіне ауысуына байланысты кафедра меңгерушісі қызметін заң ғылымдарының докторы, доцент Л.Қ. Еркінбаева басқарды.

6 Ляззат Қалымьекқызы Еркінбаева 1967 жылы 14 тамызда Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген жылы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ Заң факультетін бітіргеннен кейін, осы аталған университеттің аграрлық және табиғи ресурстар кафедрасына жұмысқа қабылданып, аспирантураның күндізгі бөлімінде оқиды.1995 жылы заң ғылымының докторы, профессор С.Б. Байсаловтың ғылыми жетекшілігімен «Жерге келтірілген залалдың орнын толтыруды құқықтық реттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын нәтижелі қорғады.Қазақстан Республикасының аграрлық қатынасының құқықтық ретелуі, жер, экология құқығы саласының, қоршаған ортаны қорғау құқығы мен табиғи ресурстарды пайдалану құқығының әртүрлі мәселелері жөніндегі 60 жуық еңбектері, ҚР БжҒМ мақұлданған 9 оқу құралының авторы болып табылады. Бүгінде көптеген ғылыми еңбектері отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген.

7 Жатканбаева А.Е жылы ҚазҰУ-ның заң факультетін бітіріп, 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап университет қабырғасына жұмысқа тұрды жылы мамыр айында өзінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік жауапкершіліктерінің құқықтық негіздері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады

8 Жатканбаева А.Е жылы ҚазҰУ-нің заң факультетін бітіріп, 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап заң факультетінің конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасында асситенті қызметінде, 1998 жылдың қараша айынан – аға оқытушы қызметінде, 2002 жылдың желтоқсан айынан – доцент, 2011 жылдың қыркүйек айынан мемлекет пен құқық теория және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының м.а. профессоры болды жылдан бастап кеден, қаржы және экология кафедрасының меңгерушісі. Жалпы жұмыс өтілі – 19 жыл.

9 Кафедраның профессорлық-педагогикалық құрамы.

10 әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының заманауи бағыттағы дамуы
Кафедраның мақсаты кеден, қаржы, салық, инвестиция, табиғи ресурстар, аграрлық және экологиялық құқық саласында мамандарды даярлау, аталған салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар студенттік жастарға құқықтық тәрбие беру болып табылады. Кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор А.Е. Жатканбаева Кафедра бакалаврларды, магистранттар мен PhD докторанттарды даярлайды. Кафедра екі мамандықты даярлап шығарады: Юриспруденция мен Кеден ісі. Юриспруденция мамандығы бойынша кафедра магистратурада мынадай мамандықтар бойынша мамандар даярлайды: Салық құқықғы, Қаржы құқығы, Жер құқығы, Экологиялық құқық. Мынадай мамандарды ашу жоспарлануда Аграрлық құқық, Инвестициялық құқық және Банктік құқық. Қазіргі күні кафедрада 10 PhD докторы даярланды және 3 докторант білім алуда.

11 Кафедраның ғылыми өмірі
Кафедра Қазақстанның ғылым және білім Министрлігінің ғылыми гранттарын дайындауда ұсынылды. Кафедра өз құрылымы кезеңінде келесідей іргелі зерттеулерге қатысты: 1. ҚР БжҒМ Гранты «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық мәселелері» 2009 – 2011 жылдар. Жалпы қаржыландыру көлемі 24 млн. теңге Ғылыми жетекшісі - з.ғ.д., проф., Д.Л. Байдельдинов; 2. ҚР БжҒМ Гранты Грант МОН РК «Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің мәселелері» жылдарға. Жалпы қаржыландыру көлемі 24 млн. теңге Ғылыми жетекшісі - з.ғ.д., проф., Л.Қ. Еркінбаева;

12 Кафедра үздік қазақстандық ғалымдар С. Б. Байсалов, Н. Б
Кафедра үздік қазақстандық ғалымдар С.Б. Байсалов, Н.Б. Мухитдиновті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық конференциялар өткізеді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы экономикасының негізі – жер қойнауын пайдалану» атты мұнайгаз саласындағы заңгерлердің Қазақстандық Ассоциациясы (KPLA) өткізетін Халықаралық Атырау құқықтық конференциясының серіктес ұйымдастырушысы болып табылады.

13 Кафедраның профессорлары заңға тәуелді актілерінің жобалары мен заң жобаларының ғылыми сараптамасы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңестің, ҚР энергетика Министрлігінің, ҚР Қаржы Министрлігінің, сонымен қатар ҚР Ұлттық Банктің жоғарғы мемлекеттік органдарынан тұрақты шақырулар алады.

14 2011 жылы кафедрада ғылыми-зерттеу қызметінің аясында з. ғ. к
2011 жылы кафедрада ғылыми-зерттеу қызметінің аясында з.ғ.к., доцент А.К. Джангабулованың жетекшілігімен табиғат пайдалану мен экологиялық қауіпсіздіктің ғылыми Орталығы ашылды. Аталған Орталық экологиялық және табиғи ресурстар құқығы саласында білім алушылар мен оқытушылар қызметінің барлық ғылыми-зерттеулерін үйлестіруді жүзеге асырады, сонымен қатар кафедраны өндіріспен және басқа да ғылыми орталықтар мен білім беру мекемелерімен байланыстырады. Кафедра жанынан студенттік ғылыми үйірмелер құрылып нәтижелі жұмыс жүргізуде және Start-up компаниясы «Жасыл экономика», ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытушы студенттерді тартуға мүмкіндік беруде.

15

16 Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік қызметі.
Оқу үдерісінің жаһандану кезеңінде бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу жоспарларының құрастырылуының маңыздылығы байқалды. Оларды құрастыруда экология және қаржы саласында мамандандырылған танымал әлем университеттерінің жоспарларына талдау жасалынды.

17 Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік кешендерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындады. Келесідей оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді: Алибеков С.Т. Таможенное право. Оқулық.; Баимбетов Н.С., Калымбек Б. Горное право РК (қазақ және орыс тілдерінде); Еркинбаева Л.К., Б. Калымбек, А.Т. Өзенбаева. Қазақстан Республикасының аграрлық құқығы; Қожабек Қ.М. Инвестициялық құқығы; Есекеева А.Ә. Қазақстан Республикасының жер құқығы; Есекеева А.Ә., Г.Т. Айғаринова Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы қызметін құқықтық реттеу; Г.И. Кабанбаева. The Basics of law және басқалар.

18 Халықаралық ынтымақтастық.
  Халықаралық ынтымақтастық. Кафедраның бұрынғы әріптестерінің бірі Фольксваген Қоры (Volkswagen, ГФР) болып табылады, бұнымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық келісіміне қол қойылған. Аталған Қормен экология құқығының мәселелері аясында жұмыстар жүргізілуде. Бірнеше халықаралық конференциялар мен бірігіп монографиялар шығарылды. Қор магистранттар мен студенттердің ғылыми стипендияларының демеушісі болып табылады. Факультетті қолдау мақсатында Қор Кеден құқығы кабинетін 1 млн. теңге көлемінде онлайн іс-шараларын өткізу үшін қажетті дыбыс-бейне техникалармен жабдықтады.

19 Кафедра бірқатар әлемдік университеттермен келісімдер мен шарттар жасасқан: Киль университеті (ГФР); Universiti Kebangsaan Malaysia (Малайзия); Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар Университеті (Польша); Northwest University of Political Science (КНР), Белоруссия Мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз Мемлекеттік Заң Академиясы және басқалар.


Download ppt "Кафедра тарихы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы заң факультетінің екі кафедрасының бірігуімен құрылды: Табиғи ресурстар және экологиялық."

Similar presentations


Ads by Google