Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Оңтүстік Қазақстан облысы , Төлеби ауданы,

Similar presentations


Presentation on theme: "Оңтүстік Қазақстан облысы , Төлеби ауданы,"— Presentation transcript:

1 Оңтүстік Қазақстан облысы , Төлеби ауданы,
Төлеби ауданы, Алтынбастау негізгі орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Айтекова Салтанат Абдусаттаровна.

2 Алтынбастау негізгі орта мектебі
  «Келісемін» «Бекітемін» Оқу ісі жөніндегі меңгеруші Мектеп директоры Абдықалық С. Аширбаев Е, Алтынбастау ауылы Алтынбастау негізгі орта мектебі Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. Информатика пәні Төлеби ауданы

3 “Білекке сенер заманда,
Мектеп ұраны: “Білекке сенер заманда, Ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда, Қапы қалып жүрмейік.”

4 Мұғалім туралы мәлімет
Мұғалім туралы мәлімет  Аты –жөні, тегі туылған күні, жылы Айтекова Салтанат Абдусаттаровна ж Жұмыс орны ОҚО ,Төлеби ауданы, Алтынбастау негізгі орта мектебі Білімі Жоғары Біліктілік өткен орны Шымкент қаласы «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Еңбек өтілі . Санаты 4 жыл ІІ санат Курстан өткен жылы Сертификат нөмірі ж ІІІ № Біліктілігі Тестілеуден өткен орны ІІІ деңгей Шымкент қаласы Шығармашылық тақырыбы Информатикада жаңа әдіс-тісілдерді қолдана отырып білім деңгейін көтеру Мадақтама 2014 жылы 1.Жаңа технологияны пайдалана отырып, саналы тәрбие мен сапалы білім берген үшін облыстық алғыс хатпен марапатталдым 2.Шығармашылық еңбектерім үшін мектепішілік алғыс хатпен марапатталдым БАҚ -қа жарияланған материалдары  Кембридж тәсілі бойынша үш айлық курс тыңдаушыларының эсселер жинағы. 5том. ІІ бөлім. Шымкент ж. 274 бет

5 Оқу-ісінің меңгерушісі
Қысқа мерзімді жоспар  Күні: Пәні Информатика Мұғалім аты-жөні Айтекова С.А. Алтынбастау НОМ 8 - сынып Оқу-ісінің меңгерушісі ________ Абдықалық С.А. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау. Сілтеме: 8-сынып оқулығы; 8-сынып электронды оқулығы; Стендтер. Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізуді үйрену, Microsoft Excel-ге берілгендерді редакциялауды үйрену, кесте ұяшығына мәтін енгізуді үйрену. Білімділік мәні: Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялауды үйрену. Дамытушылық мәні: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру. Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу Нәтиже: Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізуді үйренеді, Microsoft Excel-ге берілгендерді редакциялауды үйренеді, Кесте ұяшығына мәтін енгізуді үйренеді. Модульдің кіріктірілуі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни ұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Әдіс-тәсілдері: Джиксо, Инсерт әдісі. Пәнаралық байланыс: Математика, оырс тілі, ағылшын тілі Ресурстар, көрнекіліктер А4 қағаз, компьютерлер, маркер,бағалау парағы, интербелсенді тақта

6 Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Сәлемдесу. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Сабақ барысымен таныстыру. Бағалау парағын таныстыру. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру Сәлемдесу Өздерін ретке келтіру Топқа бөліну Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) Excel қалай қосылады? Excel-дің жұмыс парағы дегеніміз не? Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз? Excel-де жаңа құжатты қалайқұрады? Excel-де құжатты қалайсақтайды? Қызығушылықты ояту (2 мин.) 8-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. Оқушылар зейін қойып тыңдайды Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) ББҮ (2 мин.) ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?

7 Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) Жаңа тақырыпты түсіндіру Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Сыныпты суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 8-сынып оқулығында «Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.» тақырыбын оқыту. Әрбір топқа Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау тапсырмалар беріледі. Оқушылар белсене қатысады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы «Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау у» тақырыбын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді. Компьютерде тапсырмаларды орындайды. Ой толғаныс (4 мин.) Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау тақырыбына тест тапсырмалар беріледі Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау тақырыбына тест тапсырмаларын шешеді Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау Сұрақтарға жауап береді. Бағалау (2 мин.) Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. Үйге тапсырма (1 мин.) Үйге «Microsoft Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. Рефлексия (2 мин.) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.

8 І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларға түрлі түсті суреті бар үлестірмелер тарату арқылы топқа біріктіру.

9 ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Excel қалай қосылады? 2.Excel-дің жұмыс парағы дегеніміз не? 3.Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз? 4.Excel-де жаңа құжатты қалай құрады? 5.Excel-де құжатты қалай сақтайды?  «Ақпараттық диктант» . 1. MS Excel – ге қосылу үшін…. 2. Жұмыс парағы…… бағаннан және…….. жолдан тұрады 3. Егер ұяшық Ғ бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені…… 4. MS Excel – ……………………………………………….. жұмыс істеуге арналған 5. Жұмыс кітабын сақтау үшін……..

10 ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
MS Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel – дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 – ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады. Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағы 256 бағаннан және жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады. Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7. Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

11 * Енгізу пернесін басу; * Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу; * Басқа ұяшықтағы курсорды шерту; * жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу. Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі. Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар қызыл крест, жасыл белгі, және тең белгісі немес функция белгісі. Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер өшіріледі. Егер  батырмасын шертсеңіз, экранда (4 сурет) Функция шебері (Мастер функций) сұхбат терезесі көрінеді. (оны біз алдағы сабақтарда оқимыз) Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек: * Енгізу пернесін басу; * Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу; * Басқа ұяшықтағы курсорды шерту; * жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.           Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады,  олар: қызыл крест, жасыл белгі  «»  және «=»  белгісі немесе             Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер – өшіріледі.          Егер  белгісінің  батырмасын шертсеңіз, экранда  Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.

12 Формула жолы Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе  курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.          Кез келген электронды кестенің ұяшығына: сан; формула мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады. Сан. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т.с.с. ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ########### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді. Формулалар: егер сіз = белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Мысалы: Д5 ұяшығына формуланы  енгіздіңіз: =А5*В5, бұл ұяшықтың мәні А5 және В5 ұяшығындағы мәндердің көбейтіндісіне тең. Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін енгізсеңіз, онда Excel оны мәтін деп қабылдайды. Мысалы: -55,69 немесе 5,36-—мәтін, =А5*В5 —формула, =А5*В5+жады- —мәтін. Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар: 1)      Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау 2)      Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады. Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі. Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

13 Кестенің элементтерін белгілеу
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет. Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет. Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек. Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек. Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі көрінеді, одан Бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты қрісіне кітап атын енгізіңіз және Сақтау батырмасын шертіңіз. Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.

14 Ой толғаныс. Тест тапсырмалар
1.Microsoft Excel – бұл … А)кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама Б)тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама В)кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы Г)компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама 2.Электрондық кесте … болып табылады. А)нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы Б)латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы В)нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы Г)пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы 3.Excel бағдарламасы … үшін пайдаланылады. А)мәтіндік құжаттарды әзірлеу Б)электрондық кестелерді әзірлеу В)графикалық кескіндерді әзірлеу Г)мәтіндік құжаттарды, кестелер мен кескіндерді әзірлеу 4.Excel файлы қалай аталады? А)Excel кітабы деп Б)Excel кестесі деп В)Excel жұмыс беті деп Г)Excel жұмыс томы деп

15 5.Excel бағдарламасында үнсіз келісім бойынша неше парақ орнатылады?
А)5 парақ Б)3 парақ В)2 парақ Г)6 парақ 6.Excel. Ұяшық дегеніміз не? А)белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөнінде жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель. Б)Бұл жұмыс беттерінде деректерді графиктік түрде түрлендіру В)Баған мен жолдың қиылысы Г)256 бағаннан және жолдан тұратын кесте түрінде беріледі 7.Excel файлының кеңейтілуі қандай? А).jpg Б).bmp В).xls Г).doc 8.Word мәтіндік редакторының файлы қалай аталады? А)Кітап Б)Құжат В)Сурет Г)Кесте 9.Word мәтіндік редакторының файлының кеңейтілуі . . .

16 Traffic Lights «Бағдаршам»
Back to AFL Tools Traffic Lights «Бағдаршам» Түсінгенін білу үшін қолданыңыз. Мысалы: Қызыл түс – түсінген жоқпын; Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; Жасыл түс – барлығы түсінікті.

17 2 stars and a wish «2 жұлдыз, бір тілек»
Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

18 Post-It «жапсырмалар»
Back to AFL Tools Post-It «жапсырмалар» Топта немесе жеке: Не үйрендім? Не оңай болды? Не қиын болды? Нені білгім келеді?

19 Smiley Faces «Смайликтер»
Back to AFL Tools Smiley Faces «Смайликтер» ТҮСІНІКСІЗ БАРЛЫҒЫ ТҮСІНІКТІ ЖАРТЫЛАЙ ТҮСІНІКТІ

20 Тест тапсырмасына жауабы
Бағалау критериі Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын толық қатесіз орындадым 2 ұпай Үй тапсырмасын орындауда қате жібердім 1 ұпай Үй жұмысын мүлде орындамадым 0 ұпай Тест тапсырмасына жауабы Сұрақты қатесіз айттым Сұраққа жартылай жауап бердім Сұраққа мүлдем жауап берген жоқпын Топтық жұмыс Сұрақты талдауға қатыстым,дұрыс шешімін таптық Сұрақты талдауға қатыстым,дұрыс шешімін таппадық Сұрақты талдауға қатыспадым Жұптық жұмыс Сұрақты дұрыс шешімін таптым Сұрақ шешімі қате бірақ досым көмек берді Сұраққа дұрыс жауап бере алмадым Сыни ойлауға деңгейлік тапсырмалар Сұрақтардың толық шешімін білемін, талдауға қатыстым Сұрақтардың толық шешімін білемін, талдауға толық қатыспадым Сұрақтардың толық шешімін білмеймін, талдауға қатыспадым Сабақ қорытындысы 9-10 ұпай 5 баға 7-8 ұпай 4баға 3-6 ұпай 3баға 0-2 ұпай 2баға

21 Үй тапсырмасына жауабы Тест тапсырмасына жауабы
Бағалау парағы Бағалау критерийлері Оқушының аты –жөні Үй тапсырмасына жауабы Тест тапсырмасына жауабы Топпен жұмыс Жұптық жұмыс Сыни ойлауға сұрақтар Баға 1. 2. 3 4. 5. 6.


Download ppt "Оңтүстік Қазақстан облысы , Төлеби ауданы,"

Similar presentations


Ads by Google