Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

«Тау-кен ісі» мамандығы,

Similar presentations


Presentation on theme: "«Тау-кен ісі» мамандығы,"— Presentation transcript:

1 050707 «Тау-кен ісі» мамандығы,
Сәменов Ғалымжан Қайыржанұлы, аға оқытушы, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасы, педагогикалық стажы – 9 жыл «Құрылыс тау жыныстары карьерлерінің технологиясы және кешенді механикаландыру» пәні, «Тау-кен ісі» мамандығы, Кредиттер саны – 3

2 Курстың аңдатпасы «Құрылыс тау жыныстары карьерлерінің технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы – Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді. «Құрылыс тау жыныстары карьерлерінің технологиясы және кешенді механикаландыру» пәнінің бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған. Пәнді оқу мақсаты мен мәселелері – студенттің ашық кен жұмыстарының технологиясы бойынша терең білім алуын, қатты пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес технологиялық шешімдер қабылдаудың есептік әдістерін игеруін қамтамасыз ету. әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда жатқан кенорындарын қазу кезіндегі ашық кен жұмыстарының технологиясы мен кешенді механикаландыру ерекшеліктері; өндірістік процестерді орындау үшін жабдықтарды жинақтау негіздері; тегіс және тереңдете қазу жүйесі кезіндегі технологиялық кешендерді есептеу әдістері. - кенорнын игерудің нақты тау-кен техникалық жағдайына қатысты технологиялық кешендердің параметрлері мен көрсеткіштерінің есептеу әдістемелері

3 Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
Білім беру технологияларының мәселелері, педагогикалық инновациялар мен жаңашыл-оқытушылардың үлкен тәжірибесі материалды үнемі жүйелендіру мен жаңартуды талап етеді. Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен. Сондықтан оқу процесінде келесі негізгі принциптер пайдаланылады: концептуалды негіз; оқытудың мазмұнды бөлігі: оқыту мақсаттары – жалпы және нақты; оқу материалының мазмұны; процессуалді бөлік – технологиялық процесс: оқу процесін ұйымдастыру; студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары; оқытушы жұмысының әдістері мен формалары; материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі; оқу процесін талдау. Материалдың мазмұны мен құрылымы осы негізгі принциптерге байланысты таңдалады.

4 Оқу жетістігі негізінен студенттердің мақсаты мен ішкі белсенділігіне, олардың қызмет сипатына, өз бетінше оқу дәрежесі, шығармашылық қабілеттерін көрсете білуіне байланысты және оқу әдісін таңдаудың маңызды критериі болып саналады. Сабақты жүргізу үшін пайдаланылатын негізгі оқу формалары мен әдістері: семинарлар, қайталау-негіздеу сабақтары, конференциялар, диалогтар, диспуттар, мәселелік оқыту, студенттің өзіндік жұмыстары, рефераттарды қорғау, студенттің жеке жұмысы, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмысы және т.б. оқу сапасын жоғарылатуға әсер етеді. Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар. Оқу үрдісінде тау-кен ісіндегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар AutoCAD-2008, Gemcom Surpac v.6.1, Cebadan Auto II бағдарламалары қолданылады. Дәрістер мен практикалық материалдарды презентация ретінде көрсету үшін мультимедиялық проектор мен интерактивтік тақта, дербес компьютер немесе ноутбук пайдаланылады.

5 Курста оқытылатын негізгі тақырыптар
Кен жұмыстарын кешенді механикаландыру теориясы 1. Кенорындарын ашық игеру технологиясы 2. Ашық кен жұмыстарын кешенді механикаландырудың теориялық негіздері және принциптері 3. Жабдықтар кешенінің технологиялық және құрылымдық сыныптамасы 4. Қазу-тиеу және көліктік жабдықтардың өзара байланысы және оны жинақтау негіздері 5. Тау жыныстарын қазуға дайындау жабдықтарын жинақтау негіздері 6. Үйінділік және көмекші жабдықтарды жинақтау 7. Жабдықтар кешенінің өнімділік көрсеткіштері және оны анықтау Тегіс және тереңдете қазу жүйелері кезіндегі технологиялық кешендер 8. Тегіс қазу жүйесі кезіндегі экскаваторлық-үйінділік технологиялық кешендер 9. Консольді үйіндісалғышты технологиялық кешендер 10. Көліктік-үйінділік көпірлі технологиялық кешендер 11. Тегіс қазу жүйесі кезіндегі көліктік технологиялық кешендер 12. Тереңдете қазу жүйесі кезіндегі темір жол көлігін қолданатын технологиялық кешендер 13. Автомобильді және конвейерлі көліктері кезіндегі технологиялық кешендер 14. Карьер тиегіштерін қолданатын технологиялық кешендер 15. Көлік құралдарын үйлестіру кезіндегі технологиялық кешендер

6 Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент білуі керек: ашық кен жұмыстарының технологиясын, қатты пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес технологиялық шешімдер қабылдаудың есептік әдістерін; әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда жатқан кенорындарын қазу кезіндегі ашық кен жұмыстарының технологиясы мен кешенді механикаландыру ерекшеліктерін; өндірістік процестерді орындау үшін жабдықтарды жинақтау негіздерін; тегіс және тереңдете қазу жүйесі кезіндегі технологиялық кешендерді есептеу әдістерін. Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент өздігінен (сонымен қатар ЭЕМ қолданып) кенорнын игерудің нақты тау-кен техникалық жағдайына қатысты технологиялық кешендердің параметрлері мен көрсеткіштерінің есебін жүргізе білуі керек.

7 Бақылау түрлері бойынша рейтинг баллдарын бөлу Қорытынды бақылау түрі
Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Құрылыс тау жыныстары карьерлерінің технологиясы және кешенді механикаландыру» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Рейтинг 100-баллдық шкала бойынша бағаланады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлері белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, рефераттар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 7 семестрде емтихан және курстық жоба. Бақылау түрлері бойынша рейтинг баллдарын бөлу Қорытынды бақылау түрі Бақылау түрлері Балдары Емтихан, курстық жоба Қорытынды бақылау 40 Аралық бақылау 20 Курстық жоба Ағымды бақылау Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.

8 Сәменов Ғалымжан Қайыржанұлы - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы 9 жылды құрайды. жж. Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты. 2005 – 2010 жж. ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ 9 фундаменталды және қолданбалы ҒЗЖ белсене қатысады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 15 ғылыми мақала, 4 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқау, 6 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. 2008 жылдың 1 ақпанынан 15 маусымына дейін «Жас лекторлар мектебі» курсына қатысты. 2009 жылдың қаңтарында «Gemcom Surpac v.6.1» интеграцияланған тау-кен геологиялық жүйесінің тау-кен модулі бойынша базалық оқу курсынан өтті (сертификат ж., Gemcom Surpac. Geology and Mine Planning). 2009 жылдың ақпан айында «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат № г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ). 2009 жылдың мамыр айында «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты (сертификат №78, ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК). Ғ.Қ.Сәменовтың жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалардың тақырыптары: Васильков карьерінде циклді-ағымды технологияны пайдалану кезіндегі экскаватор-автомобиль кешенінің тиімді құрылымын таңдау (Сүйгенбаева А) Үшқатын кенорнында АКЖ кешенді механизациялау схемасын негіздеу (Спанов А) Васильков карьерінің тау-кен тасымалдау жүйесін жетілдіру (Куспекова М.) Казхром карьерінде скипті көтеру қондырғысын жобалау (Маймакова М.) Автоөзітүсіргіштерге кен тиеу процесін оңтайландыру (Оспанова М.) Көксу карьерінде циклді-ағымды технологияны жобалау (Орналиев К.)

9 Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің орташа балы жөніндегі ақпарат
Студенттерге қойылатын талаптар Курсты оқып үйрену саясаты мен процедурасы: 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау; 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу; 3. Аудиторияда ұялы телефондарды сөндіріп жұмыс жасау; 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау. Академиялық этика нормалары: - тәртіптілік; - мейірімділік; - шыншылдық; - жауапкершілік; - мәдениеттілік.


Download ppt "«Тау-кен ісі» мамандығы,"

Similar presentations


Ads by Google