Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Similar presentations


Presentation on theme: "ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ"— Presentation transcript:

1 ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
А .Байтұрсынов атындағы ҚМУ ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ ТДО орталығының директоры Г.Қ. Журсиналина 1

2 Сөз этикетінің негізгі қызметі

3 ЖОСПАР: 1 Кiрiспе 2 Этикет ұғымы 3 Этика
4 Этиканың негізгі категориялары 5 Қазақ этикасы 6 CӨЙЛЕУ ЭТИКЕТІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ. 7 Этикеттің кейбір ұстанымдары 8 ҚОНАҚ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ҚАРСЫ АЛУ ЭТИКЕТІ 9 ЖЕЛІЛІК ЭТИКЕТ ЕРЕЖЕСІ 10 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

4 МАҚСАТЫ: -этикеттің, әсіресе, оның вербалды жағы мен паралингвистикалық тұстары лингвистикалық зерттеудің ерекше объектісіне айналып отырғандығынан хабардар ету; - қазақ тілінде этикеттік ситуацияда арнайы жұмсалатын, сондай-ақ сөз саптау кезінде этикеттік мәнге ие болатын сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту; - грамматикалық тұлғаларды, олардың семантикалық-стилистикалық ерекшелігін меңгерту; - сөз этикеті құралдарының жұмсалу ерекшеліктерін, қызметтік, стильдік ерекшеліктерін үйрету.

5 Кiрiспе Әр халықтың өмір сүру ережелерінің, салт-дәстүрінің, мінез-құлық пен сөз мәдениетінің, кісімен араласу, әңгіме табиғаты, тақырып ауаны, киім кию, бұйым тұтыну этикеттері болады. Бірінікі қағазға түскен, бірінікі жылнамаларда белгіленген. Көшпенді халықтар мәдениеті өзгеше келетіндіктен, оның үстіне жаугершілік замандарда аттың жалында, түйенің қомында өткен дәурен біздің халқымыздың салт-санасының, дәстүр-жоралғысының, мінез-құлық қалыптарының бәрі-бәрі ауызша түрде сақталып келген.

6 Жалпы, мәдениетте этикеттің бірнеше нормалары бар
Жалпы, мәдениетте этикеттің бірнеше нормалары бар. Қысқаша түрде салыстырып көрелік: 1) Сәлемдесу: Наурыз күні халқымыз әуелі күнге сәлем беріп, содан кейін бір-бірімен төс қағыстырып амандасып, алыс-жақындағы ағайын жиылып, өткен күнгі өкпе-ренішті кешіріседі; 2) Сыйлық беру: Бойжеткендер жігіттерге арнап кесте тоқып, соғымның соңғы етін беріп, жігіттер айна, тарақ, әтір сыйлайды. Әр үй наурызкөже пісіріп, үйге келген адамға ақ ұсынады; 3) Дастарқан басында: Нарқазан, тайқазанға ортақ ас салып, сол ас басында халық болып аталы сөз айтылып, өткенге салауат, келешекке аманат айтысады; 4) Киім кию: наурыз - жаңалық, тазалық күні, халық ұлттық нақыштағы ең әдемі, ең таза ақ түсті киімдерін киіп, жастар қызылды-жасылды киініп, сыланып-сипанады; 5) Әңгімелесу мәдениеті: үйді тазартып, шырақ жағып, ыдыстарға ағарған мен бұлақ суын құйып, бір-біріне ең ізгі тілектер айтысып, «үлкеннен ұлағат, кішіден ізет» деседі; 6) Сыртқы мәдениет: Халық болып тал егіп, бұлақтардың көзін ашады.

7 Этикет ұғымы Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.

8 Этикетті этикамен шатастыруға болмайды
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.

9 Этика Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды.

10 Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:
теориялық этика; нормативті этика; эмпириялық этика. Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

11 Этиканың негізгі категориялары
Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.

12 Қазақ этикасы Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары – имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде қайда барсаң да Қорқыттың көрі – деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор.

13 CӨЙЛЕУ ЭТИКЕТІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ.
Сөз - адамның ортақ мәдениетiнiң, парасаттың, сөйлеу мәдениетiнің көрсеткiшi. Сондықтан сөздiң мәдениетiн меңгеріп оқу мен оны жетiлдiру мектеп шағынан басталады. Этикет - тарихи құбылыс. Адамдардың мiнез-құлығының ережелерi қоғамның өмiр жағдайына, нақты әлеуметтiк ортаның динамикасына байланысты өзгередi. Мiнез-құлық сақтау ережелеріне баққұмарлық қана емес, сондай-ақ адам өмiрі де жиi тәуелдi болды. Ол Ежелгi Мысыр, Қытай, Рим, Алтын Ордада да болып, этикеттi бұзған тайпалар мен халықтардың арасында жиі қастық тіпті соғыстар да туатын.

14 Этикет нақтылы әлеуметтiк функцияларды әрдайым орындады
Этикет нақтылы әлеуметтiк функцияларды әрдайым орындады. Мысалы, шендерге, сословиелерге, тектiң атақтылығы, атақтарға, мүлiктiк жағдай бойынша қоғамның бөлiнуiн көрсеткен. Әсiресе бүгінгі бiздiң қиыр және таяу шығыстағы елдердің этикет ережелерi қатаң сақталуда. ЭТИКЕТ (фр. etiquette – жарлық, этикетка) - адамдарға сыртқы әсер ету қатынастарына қатысты мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы (қоршағандармен қатынаса бiлу, сәлем беру, қоғамдық орындардағы мiнез-құлық, әдет және киiм). Әдептiлiктiң деңгейлерiн және сөз стильдерiнiң бар болуын мысалдармен көрсетуге болады. Ағылшын азаматында сағат тоқтап қалды дейік, ол уақытты анықтап алу керек деп болжайық. Ағылшын танысынан сұрайды: - What time is it John? Сағат қанша, Rinat? "What time is it ?" сұрақ сөздiң күнделікті стилiне жатады және тек күнделікті тұрмыс жағдайында кездесуі мүмкін, және ол жанұяда, туысқан арасында, жолдастар мен таныстардың арасында қолданыла алады

15 Күнделікті әдептілік деңгейіне "What time is it
Күнделікті әдептілік деңгейіне "What time is it ?" жатқызылатын сұрақ ортаңғы деңгейдегі әдептілік жағдайында жеткіліксіз әдептi, дөрекі деп саналады, өйткені ағылшындықтар уақытты бейтаныс адамнан сұрағанда басқа форманы колданып сұрау керек. Бейтаныс жолаушыдан сыпайы өтiнiшпен сұрау керек: - Excuse me, could you tell me the time, please? - Айыпқа бұйырмаңыз, сiз сағат қанша екенін айта аласыз ба? Сыпайы өтiнiш: "Excuse me, could you tell me the time, please?" - әдептiлiктiң бейтарап деңгейiне және сөздiң бейтарап стилiне сәйкес келедi, бiрақ "Excuse me, could you tell me the time, please ?" әдептiлiктiң күнделікті деңгейiнде, отбасы немесе достар арасында көрсетілген өтiнiш шын емес жасанды болып көрінеді.

16 Ресми жағдайында уақыт туралы сұрақ мүлдем орынсыз, мысалы жұмысшы адам бастығына тек қана уақытты нақтылап алу үшін ғана кабинетке кірсе бұл орынсыз болады. Тағы бір мысал. Қыстыгүнi, тайғақта, бір әйел тайғанап құлады дегенді мысалға келтірейік. Оған көмек берген адамдар - полиция қызметкері, күйеуі немесе кездейсоқ жолаушы өз қоғамдық роліне байланысты сөздерді қолданады: - Are you all right, madam? - полиция қызметкері сұрақ қояды. - Are you all right, darling? - қамқор күйеу тынышсызданады. - Are you all right? - бейтаныс жолаушы сұрайды. Келтiрiлген жаңдайларда, барлық үш тұлға - полиция қызметкері, күйеуі және жолаушы - ылғи бiр әйелден сұрайды, бiрақ одан әртүрлi сұрақ туады: Madam - бұл әдептiлiктiң ресми деңгейiне және сөздiң тиiстi ресми стиліне жататын қаратпа сөздің бір түрі. Darling - бұл күнделікті тұрмыс сөздердің бір түрі, әдептiлiктiң күнделікті тұрмыстық деңгейiне және тұрмыстық сөйлеу стиліне жатады. "Are you all right?" бейтаныс адамға бағытталған жан ашыған сұрағы оған көңіл аудару қызметін атқарады. Егерде "Are you all right ?" сұрағы бейтарап әдептілік деңгейінде лайықты қойылып берiлсе, ол бейтарап әдептiлiк деңгейiне жатқызылатын болады.

17 Көп мамандандырылған бiрлiктер және сөйлеу этикеттiң қолданысы орнықты бекiтiлген бір қоғамдық топқа байланысты болады. Бұл топтар келесi белгiлер бойынша ерекшеленеді: · жас шамасы: сөйлеу этикеттiң (Але, Чао, Гудбай) жастар жаргонымен ұластырылатын формулалары; (алғыс айтамын, сыпайылық көрсетiңiз) үлкен ұрпақты адамдарының сөзiндегi әдептiлiктiң ерекше формалары; · бiлiм және тәрбие: тәрбиелi адамдар сөйлеу этикеттiң бірліктерін ұқыпты қолданады, Сiз - формасын кеңiрек қолданады; · жыныс: әйелдер негізінен сыпайы сөзге тартады, дөрекi, жаман сөздерге жақын сөздерді сирек айтады және тақырып таңдауда өте кінәратшыл болады; · ерекше кәсiби топтарға қатысты болу.

18 Этикеттің кейбір ұстанымдары
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар. Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.

19 Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді

20 Қонақ шақыру және қарсы алу этикеті
Қонақ шақыру және қарсы алу этикеті Қонақтарды ертеңгі ас, түстік, кешкі ас немесе шайға шақыра отырып, жеке, телефонмен немесе күн мен уақыт белгіленген жазбаша хат арқылы хабарлайды. Мұны қонақтың алдын-ала дайындалуына мүмкіндік беру үшін бірнеше күн бұрын жасаған дұрыс. Егер қайсыбір себептерге байланысты шақырылғандардың бірі келе алмайтын болса, ол туралы үй иелерлеріне күні бұрын хабарлауы тиіс. Бұл ретте ол толық түсініктеме беруге еш міндетті емес, ал үй иелерлеріне бас тарту себебін тәптіштеп сұрап жатудың керегі жоқ. Қонаққа үй иелерлерімен көрсетілген уақытта дәл келу керек, ал ең жақсысы 5-15 минөтке ертерек. Кешігу үй иелерлері мен басқа қонақтарға жағымсыз және барлық уақытта этикетті өрескел бұзу деп есептеледі. Кешігуші қонақты 15 минөттен артық емес күтіп, барлығын үстелге шақыра беруге болады.

21 Қонақтарды әдетте үй иесі әйелімен бірге немесе олардың бірі қарсы алады. Қонақпен амандасқан кезде, үй иелерлері әрбірінің көздеріне тіке қарап, күлімсіреумен, құшақ жая қарсы алады. Қонаққа күйеуі мен әйелі келген кезде, үй иелерлерімен бірінші болып әйелі амандасады – алдымен қожайынмен, сонан соң әйелімен, ал кейін оның күйеуі – алдымен қожайын әйелімен сәлемдеседі. Егер қонақтар көп шақырылған болса, барлығын бір-бірімен таныстыру міндетті емес: жиналғандарға кірген адамды, оның аты, тегі, әкесінің атын атау жеткілікті. Бұл ретте “менің қызметтесім”, “менің ағам” және т.б. дегенді қосуға болады. Қонақтардың жартысынан көбі жиналған кезде, әсіресе ауа райы ыстық болған жағдайда, оларға салқындатылған шырындар, коктейльдер, басқа да сусындар ұсынуға болады. Бұл уақытта қонақтар еркін жағдайда сұхбаттасып, бір-бірімен жақынырақ таныса алады. Үстел басына шақыру алдында ереже бойынша еркектер, егде кісілерді қоспағанда, түрегеліп тұрады, әйелдердің отыруына болады.

22 ЖЕЛІЛІК ЭТИКЕТ ЕРЕЖЕСІ
1-ереже: Сіз қолмен ешнәрсе көрсете алмайсыз, дауыс ырғағын өзгерте алмайсыз, және сіздің бет пішініңіз де ешқандай рөлді білдірмейді. Сіздің сырласыңыз сөз, сөз көреді» деп айтылған. 2-ереже: Шынайы өмірдегі тәртіп стандартын желіде де ұстаңыздар. Шынайы өмірде біздің көпшілігіміз кейде шектеуге, кейде ұсталып қалмайық деп заңға бағынады. 3-ереже: Киберкеңістікте сіз қай жерде екеніңізді есте ұстаңыз. Бір жерде бірден қабылданады, ол бірақ басқаларға дөрекілік деп саналуы мүмкін.

23 4-ереже: Басқалардың уақыты мен мүмкіндігін сыйлаңыз.
5-ереже: Бет келбетіңізді сақтаңыз. Анонимдік ерекшелігін қолданыңыз. 6-ереже: Қай жерде сіз көмектесе аласыз, сол жерде басқаларға көмектесіңіз. 7-ереже: Бәсекелеске түспеңіз және оларды флеймге жіберіңіз. 8-ереже: Жеке жазба құқығын сыйлаңыз. 9-ереже: Өз мүмкіндіктеріңізді теріс пайдаланбаңыз. 10-ереже: Басқалардың қатесін кешіруде үйреніңіз.

24 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ Қазақ энциклопедиясы
Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы. Құрастырған Ұ. Асылов. – Алматы: Мектеп, – 162 Әл–Фараби. Әлеуметтік–этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, – 163 б. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. 2-бас. Алматы,1971 Сыздық Р. Дұрыс сөйлеу мәдениеті//Қазақстан үгітшісі, 1974


Download ppt "ТАҚЫРЫБЫ: СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ"

Similar presentations


Ads by Google