Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Шетел тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы

Similar presentations


Presentation on theme: "Шетел тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы"— Presentation transcript:

1 Шетел тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы
“Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжі” МКҚК Шетел тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту Мейрамғали Айжан Мейрамғалиқызы шетел тілі пәнінің оқытушысы

2 Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

3 Дидактикалық ойындар

4 Ойын арқылы студенттің:
Ой-қабілеті дамиды; Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; Сөздік қоры баийды, тілі дамиды; Зейіні қалыптасады; Байқампаздығы артады; Өзара сыйластыққа үйретеді; Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; Бір-біріне деген сенімі артады; Сабаққа қызығушылығы артады.

5

6 «Доппен ойыны» Балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни бір-бірімен жалғастыру керек.

7 «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында студенттер ол не зат екенін шешу керек. «Сөз құра» – суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Құпия зат» - мына зат бойынша бес сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? –деп сұрамаңыз

8 «Our house» ойыны Топ өздері тұрғысы келетін үйдің схемасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, студент құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.

9 «Hot chair» – «Ыстық орындық»
Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі – «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 студент шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Студенттер естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған студент ойыннан шығады. Женген студент тиісті бағасын алады.

10 He enjoys watching TV. _____ He is friendly. ________
Read the text , translate and answer true or false. My best friend. Brian is my best friend. He’s 14 years old. He has blue eyes and blonde hair. He’s short and a bit fat,  and he isn’t very good-looking. When he’s not at school he’s watching TV. His favourite TV programme is The X-Files. He is very lazy but he’s  a happy person. He always laughs and he is very friendly. I like him a lot. Brain is slim. _____        Brain is tall. ______    He enjoys watching TV. _____ He is friendly. ________ He is lazy. _______

11 “Compare them”ойыны Жануарлардың суреттерін дайындап, студенттерді жұптап бөлемін де, әр жұпқа 2 суреттен беремін, тақтаға бірнеше сын есімдерді жазылады, Мысалы: Bad, short, tasty, beautiful, long, small, good, young, big, nice, old, sweet. Суденттер суреттеріндегі жануарларды салыстырып, неғұрлым көп сөйлем жазады.

12 Студенттерге сурет бейнеленген парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
«Тазалық» ойыны Студенттерге сурет бейнеленген парақ беріледі. Онда мыналар салынған: Чемодан суреті Қоқыс жәшігі суреті Еттартқыш суреті - Құрметті студенттер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар), ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).

13 Дидактикалық ойындар студенттердің таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, студенттердің көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

14 Назарларыңызға рахмет


Download ppt "Шетел тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы"

Similar presentations


Ads by Google