Download presentation
Presentation is loading. Please wait.
1
КОМПЬЮТЕР-ӘМБЕБАП ЕСЕПТЕУІШ МАШИНА
КОМПЬЮТЕР-ӘМБЕБАП ЕСЕПТЕУІШ МАШИНА 5-сынып
2
Компьютер- күрделі құрылғылардың жиыны
Компьютер- күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа- оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі. Компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмытың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
3
Компьютерлердің қолданылуы
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау тілдері бар болатын. Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың көп бөлігі компьютерден тұратын болды. Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады.
4
КОМПЬЮТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ КОМПЬЮТЕР Суперкомпьютер Үлкен компьютер Дербес
Сервер Үстел үсті Алып жүретін Алақан
5
ҮСТЕЛ ҮСТІ КОМПЬЮТЕРЛЕР
ҮСТЕЛ ҮСТІ КОМПЬЮТЕРЛЕР Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады. АРТҚА
6
Алып жүретін компьютер
Алып жүретін компьютер Ноутбук (ағылш. notebook — блокнот) – дербес компьютердің құрамы, пернетақта, монитор,қалталы компьютер және қуат көзінің батареясының ықшамдалған түрдегі жиынтығы. Ноутбуктардың басты ерекшеліктері жеңіл салмақтылығыда және көлемінің ықшамдылығында. Жұмыс істеу уақыты бір сағат пен он бес сағат аралығына тең. Көп жағдайларға ноутбуктарға форм – факторы жинама негізді келетін лэптоп түрлері жатады. Ноутбуктың тасымалы жиналған күйде орындалғандықтан, экранды, пернетақтаны және тачпад нысандарын қорғау мүмкіндігін береді. Ноутбуктын тағы мүмкіншіліктерінің бірі – оны қарапайым арнайы дорбада тасымалдауға болатындығында. АРТҚА
7
ҚАЛТА (АЛАҚАН) КОМПЬЮТЕРЛЕР
ҚАЛТА (АЛАҚАН) КОМПЬЮТЕРЛЕР Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.
8
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Similar presentations
© 2024 SlidePlayer.com. Inc.
All rights reserved.