Download presentation
Presentation is loading. Please wait.
Published byВиталий Лопухин Modified over 5 years ago
1
Табылған дәлелдемелерді ескере отырып, шешімді қалай шығарамыз?
Әрбір деңгейдің мұғалім портфолиосын бағалау рубрикасының талаптарын білеміз бе? Дәлелдемелер дегеніміз не? Оларды есептерде қалай іздейміз, қалай табамыз? Табылған дәлелдемелерді ескере отырып, шешімді қалай шығарамыз?
3
Рефлексивті есептердің бағалау рубрикасын қалай жазамыз?
Тақырыбы: Мақсаты: мұғалім портфолиосын бағалау негізінде суммативті шешім қабылдау және рубрика жазуға қойылатын талаптар бойынша ортақ түсінік қалыптастыру. мұғалім портфолиосын суммативті бағалау рубрикасын талдау, суммативті бағалау рубикасының пікір-негіздемесі және холистикалық пікірді жазуға жаттығу; суммативті бағалау рубрикаларын жазудың тиімді тәсілдерін анықтау Міндеттері:
4
Что такое оценочная рубрика?
РУБРИКА Что такое оценочная рубрика? Әрекетті бағалау критерийлерінің барлығын біріктіретін біртұтас жүйе оқытушылар мен оқушыларға пәнде, тақырыпта немесе әрекетте не бағаланатынын көрсететін нақты күтілімдер немесе критерийлер жинағы (Airasian & Russell, 2008) сапалы орындалуды анықтайтын жұмыстың ерекшеліктерін сипаттайды; оқушылардың жұмыстарының сапасын бағалау тәсілі (Arter & Chappuis, 2006) When people use the term “rubric,” what do they mean? People define rubric in somewhat different ways. Airasian and Russell’s (2008) definition focuses on the instructional value of rubrics. In their view, a rubric is “a set of clear expectations or criteria used to help teachers and students focus on what is valued in a subject, topic, or activity.”
5
Рубрика жазуға қай жағынан келу керек?
John Hattie (2003) «Formative and Summative Interpretations of Assessment Information» мақаласында әділ шешім қабылдау үшін ұсынылған дәлелдемелердің сапасы, оларды интерпретациялау туралы әңгіме қозғау керектігі туралы жазады. Бұл дегеніміз рубрикада жазылатын қорытынды пікірлер мен негіздемелер дәлелдемелерді бағалау тұрғысынан жазылу керек.
6
Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
Құрылымдалған Валидті Жеткілікті Шынайы Дәлелдемелердің тиісті бөлігін тауып алуға болатындай, портфолио жеткілікті түрде жүйелі дайындалған Әрбір дәлелдеме талаптарға сәйкес Барлық дәлелдемелер ұсынылған, қойылған талаптарға сәйкес Барлық ұсынылған дәлелдемелер автордың өз жеке жұмысы болып табылады
7
«Бағалаушы портфолионы бағалауда холистикалық тәсілді қолдануы керек және аяқталған жұмыстың үш критерийге сәйкестігін қарастырады − бұл кәсіби пайымның деңгейін көрсетеді. Портфолионың кейбір бөлімдерінде әрбір түйінді критерий дәлелдемелері басқаларына қарағанда анағұрлым сенімді болуы мүмкін. Мұғалімнің критерийдің біреуіне қаншалықты сәйкестігін анықтау үшін бірнеше әлсіз дәлелдеме жеткіліксіз болуы мүмкін, ал екі немесе тіпті бір ғана сенімді дәлелдеме аса жеткілікті болуы мүмкін». Мұғалімді бағалау қағидалары Деңгейлік бағдарлама курстары Үшінші (базалық) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
8
«ЖАҚСЫ» Білу және түсіну Қолдану Рефлексия ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ КҮШТІ
9
Білу және түсіну Рефлексия
«ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ» Білу және түсіну Қолдану Рефлексия ӘЛСІЗ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ КҮШТІ ӘЛСІЗ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ КҮШТІ КҮШТІ ӘЛСІЗ КҮШТІ
10
Білу және түсіну Рефлексия
«ШЕКТІ ДЕҢГЕЙ» Білу және түсіну Қолдану Рефлексия ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ӘЛСІЗ КҮШТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ӘЛСІЗ КҮШТІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ӘЛСІЗ ӘЛСІЗ КҮШТІ ӘЛСІЗ
11
«ҚАНАҒАТТАНҒЫСЫЗ» «Қанағаттанғысыз» бағасы портфолионы тапсырмаған немесе есептері түгел болмаған жағдайда, немесе түйінді критерийге сәйкес келмесе қойылады. Егер мұғалім бір немесе бірнеше таныстырылымдарын көрсетпесе немесе таныстырылымдары түйінді идеяларға сәйкес келмесе таныстырылым үшін «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады. Мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымында бір немесе екі критерийдің белгілі аймақтары болуы мүмкін. Бірақ мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымдарында үш критерийдің біреуін мүлдем ескермесе бағдарлама бойынша мұғалімнің жалпы бағасы «қанағаттанғысыз» болады.
12
Мұғалім портфолиосының дәлелдемелері Бағаның пікір-негіздемесі
бөлім Мұғалім портфолиосының дәлелдемелері Түйінді Критерийлер Бағаның пікір-негіздемесі А Түйінді идеяларды білу және түсіну Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің кіріктірілу негіздемесі мен методикасы көрсетілуі туралы рефлексивті есеп (2000 сөз). Бұл есепте модульдің тақырыбы 2-таныстырылымда талқыланатын модульден басқа болуға тиіс. 1, 2 жақсы Қанағаттандырарлық Шекті қанағаттанғысыз Бірінші және екінші критерий бойынша күшті дәлелдемелер В Тиімді практика В1 Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба Орта мерзімдік жоспар сөзден тұратын комментарий Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасынан кем дегенде төрт сабақ бойынша орташа мерзімді жоспарлауын көрсетуі: оқыту үдерісінде жеті модуль идеяларының жүзеге асқанын; оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді біріктіруі. 2, 1 Екінші критерий бойынша әлсіз дәлелдемелер және бірінші критерий бойынша күшті дәлелдемелер В2 Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивті есеп (2000 сөз). Ұсынылған материалдар тақырыбы 3 және 4 таныстырылымдарда талқыланатын тақырыптан өзгеше болуға тиіс. оқушы жұмыстарыныңфотосуреттері; оқушы жұмыстарының үлгілері; оларды бағалау жөніндегі жазбалар және т.б. Екінші және бірінші критерийлер бойынша күшті дәлелдемелер В3 Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалімнің әріптестерімен ортақ тапсырмаларда не үйренгені туралы ойларын көрсететін бір есеп (1000 сөз). Екінші және бірінші критерийлер бойынша әлсіз дәлелдемелер С Рефлексия және даму Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және оны қалай басқарғанын көрсететін/растайтын тізбектелген сабақтар топтамасын өткізгені туралы бір рефлексивті есеп (2000 сөз): ● өзгерісті енгізудің жолы мен әдісі; ● өзгерісті басқару бойынша дағдылар мен икемдер; ● өзгерісті енгізгеннен кейін пайда болған нәтижелер; ● келешек тәжірибеде қолдану үшін қорытынды шығара білу дағдылары 3,1 Үшінші және бірінші критерийлер бойынша күшті дәлелдемелер Тренердің пікірі: ???
13
Түрлі түсті маркерлерді пайдаланып, келесі фразаларды белгілеңіздер:
Тапсырма 1 Жұптық жұмыс Түрлі түсті маркерлерді пайдаланып, келесі фразаларды белгілеңіздер: Берілген есептің дәлелдемелерін бағалау пайымын қамтитын фраза Дәлелдеменің бағасын бекітетін негіздемені қамтитын фраза Жалпы сипаттағы бағалаусыз қорытынды фраза Басқалары Сіз берілген рубриканы талдау негізінде қандай қорытынды жасадыңыз? Дәлелдемелер келтіріңіз.
14
Мұғалім портфолиосының дәлелдемелері Бағаның пікір-негіздемесі
бөлім Мұғалім портфолиосының дәлелдемелері Түйінді Критерийлер Бағаның пікір-негіздемесі А Түйінді идеяларды білу және түсіну Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің кіріктірілу негіздемесі мен методикасы көрсетілуі туралы рефлексивті есеп (2000 сөз). Бұл есепте модульдің тақырыбы 2-таныстырылымда талқыланатын модульден басқа болуға тиіс. 1, 2 жақсы Қанағаттандырарлық Шекті қанағаттанғысыз СТО модулін басшылыққа ала отырып, оқyшыларының қажеттілігі мен қызығyшылығын, қабілеттерін ашyға бағытталған.Практикалық материалдардан келтірілген мысалдары мен курс материалдарын пайдалану нәтижесінде танысқан теориялық материалдардан берілген сілтемелер есеп мазмұнын аша түседі. Бағдарламаның түйінді идеясына сәйкес мұғалім өзінің есебінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету қажет екендігін жазады және басқа модульдермен ықпалдасқаны жайлы көрсетеді. Жұмыс аналитикалық сипатта жазылып, тұжырым мен қорытынды жасалған. В Тиімді практика В1 Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба Орта мерзімдік жоспар сөзден тұратын комментарий Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасынан кем дегенде төрт сабақ бойынша орташа мерзімді жоспарлауын көрсетуі: оқыту үдерісінде жеті модуль идеяларының жүзеге асқанын; оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді біріктіруі. 2, 1 Мұғалімнің орта мерзімді жоспарында математика пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модуль тиімді ықпалдастырылған. Қолданатын әдіс-тәсілдері 5 сынып оқушыларын дамыту үшін маңызды болып табылады. Сабақтардың жалпы мақсаты айқын көрсетіліп, соған бағыттала жинақталған тапсырмалардан бағдарлама идеясын қолдану жүзеге асатынына сенеміз. В2 Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивті есеп (2000 сөз). Ұсынылған материалдар тақырыбы 3 және 4 таныстырылымдарда талқыланатын тақырыптан өзгеше болуға тиіс. оқушы жұмыстарыныңфотосуреттері; оқушы жұмыстарының үлгілері; оларды бағалау жөніндегі жазбалар және т.б. Мұғалімнің сабақтарында тапсырмаларды қолдануда түрлендіріп, сабағына барлық оқушыларды қамтуға тырысқанын байқауға болады. Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған осы есебінде сабақтар бойынша және онда оқушыларды оқыту процесінің рефлексиясы және іс-жүзіндегі нақты дәлелдемелерін көрсете отырып талдау жасалған. Жалпы мұғалім Бағдарламаның түйінді идеяларын түсінгенін өзінің сабағына барлық модульдерге сәйкес тапсырмаларды кіріктіре отырып, өзінің тәжірибесіндегі дәлелдемелердің жеткілікті болуымен сендіре алады. В3 Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалімнің әріптестерімен ортақ тапсырмаларда не үйренгені туралы ойларын көрсететін бір есеп (1000 сөз). Бағдарлама бойынша теориялық білімді топтық жұмыстарды орындау барысында қолдана алғанын, мән беріп оның нәтижесін сипаттайды. Бірлесе жұмыс барысында ой бөлісу, талқылау, ортақ шешімге келудің барысында өзінің тәжірибесімен алмасқанын айтады. Келешектегі тәжірибеде қолдану үшін қорытынды шығару дағдылары мен икемдерінің мұғалім бойында қалыптасқанын көруге болады. С Рефлексия және даму Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және оны қалай басқарғанын көрсететін/растайтын тізбектелген сабақтар топтамасын өткізгені туралы бір рефлексивті есеп (2000 сөз): ● өзгерісті енгізудің жолы мен әдісі; ● өзгерісті басқару бойынша дағдылар мен икемдер; ● өзгерісті енгізгеннен кейін пайда болған нәтижелер; ● келешек тәжірибеде қолдану үшін қорытынды шығара білу дағдылары 3,1 Жоспар құрудан бастап бірін-бірі, өздерін бағалауда енгізген өзгерістері туралы ой пікірлері берілген. Болашақта өздерінің іс-әрекетін жоспарлау жолдары берілген. Оқыту мен оқудағы өзгерістер бойынша өз іс- әрекеттерінен дәлелдемелер келтіреді. Жұмыста тұжырым мен қорытынды бар. Алдағы іс-әрекет жолдарын белгілей алғанын көрсетеді. Тренердің пікірі: Мұғалім бағдарламаның негізгі идеясын түсінген және оны қолдануды біледі. Мұғалім курс бойынша танысқан теориялық материалдарын практикамен байланыстыра алғанын көрсетеді. Өз тәжірибесіндегі негізгі өзгерістерге талдау жасай отырып жазуға ұсыныс жасаймын.
15
Критерийлерге сәйкес дәлелдемелерді бағалау тұжырымдамалары
үшін... идеялардың маңыздылығы аталады ...идеяларымен сәйкестендіріледі үшін... идеялар интерпретацияланады ...идея негізінде тәжірибе көрсетіледі ...идеялар бағаланып, параллель жүргізіледі ...идеялар туралы ойлану арқылы қорытынды жасалады Критерий 1. Бағдарламада ұсынылған түйінді идеяларды білу және түсіну ... идеялары тәжірибемен расталады ... идеяларын өз тәжірибесіне енгізу дәлелдемелері ұсынылған (нақты мысалдар келтіру) ... қатысты өзгерістер орын алған (нақты бағыттар) аутентентикалық тәжірибеде расталады… (нақты мысалдар келтіру) мұғалімдерінің портфолиосын суммативті бағалау бойынша рубриканы толтыруы туралы әдістемелік ұсыныстар енгізілген өзгерістер көрсетіледі (нақты мысалдар келтіру) келтірілген дәлелдемелер валидті, шынайы, құрылымдалған Критерий 2. Бағдарлама идеяларын жеке тәжірибесінде қолдануы рефлексия талдау деңгейінде ұсынылған (нақты мысалдар келтіру) рефлексия енгізілген өзгерістер нақты қорытынды деңгейінде көрсетілген (нақты мысалдар келтіру) ... идеялардың ықпалы бағаланады, тәжірибенің өзгеруі (нақты мысалдар келтіру) ... туралы қорытындылар құрылымдалған ... салыстыру, сәйкестендіру жүргізілді ... тәсілдер/әдістер/қағидалар қайта қаралды, т.б. ... қатысты нақты өзгерістер жоспарланған ... өзгерістерді басқару .... арқылы көрсетіледі ... келешекте ... назар аудару жоспарланады ... нақты бағыттар анықталған … ... нақты қадамдар анықталған … ... баға берілген Критерий 3. Жаңа тәсілдерді енгізу жөнінде рефлексиялау және одан әрі даму үшін олардың маңыздылығын қарастыру Бағалау үшін дәлелдемелерді ұсынуда жақсыз сөйлемдер пайдаланылады, мұғалімнің өзі немесе жеке тұлғасы қарастырылмайды.
16
Критерийлер Блум таксономиясына сай деңгей Негіздемені тұжырымдауда қолданылатын етістіктер Білу және түсіну Білу сипаттайды, анықтайды, белгілейді, атайды, атап көрсетеді, ұсынады, сәйкестендіреді Түсіну интерпретациялайды, түсіндіреді, ажыратады, суреттейді, мысал келтіреді, тұжырымдайды, білдіреді, салыстырады Қолдану қолданады, демонстрациялайды, өзгертеді, ашып көрсетеді, басқарады, түрін өзгертеді, көрсетеді, пайдаланады, мысал келтіреді, түсіндіреді, құрайды, таңдайды, ... екенін түсіндіреді, табады, бекітеді Рефлексия Талдау ... арасын ажыратады, талдайды, ажыратады, қорытынды шығарады, ерекшелейді, байланыс орнатады, таңдайды, бөліп көрсетеді, салыстырады, қарама-қарсы қояды, бекітеді, қорытынды жасайды, сынайды, классификациялайды Жинақтау ұсынады, көрсетеді, құрылымдайды, тұтас қарастырады/кіріктіреді, тұжырымдайды, жобалайды, түрін өзгертеді, жоспарлайды, қарастырады, таңдайды, басқарады, жалпылайды, шығарады, қорытындылайды, жинақтайды, сәйкестендіреді Бағалау қарастырады, бағалайды, салыстырады, қарама-қарсы қояды, ... арқылы сипаттайды, сынайды, баға береді, сұрақ береді, негіздейді
17
Холистикалық пікір жазу тәсілдері
3-4 сөйлем аясында әрбір критерийге қатысты бағалау тұжырымдарын қалыптастыру; Портфолионың нақты қандай дәлелдемелері мықты, күшті бағаланғанын көрсету; Қорытынды пікір портфолионың күшті жағын көрсететіндей нақты болуы; Түйінді критерийлерге сәйкестігін растау үшін қандай дәлелдемелері толық емес немесе әлсіз болғанын түсінікті көрсетіп, әлсіз жақтарын ашып жазу Холистикалық пікір 1,2,3 бағалау критерийлеріне сәйкес портфолио дәлелдемелерінің сапасына қатысты тұтас түсінікті қамту керек. Дәлелдемелердің құрылымдалғаны, валидті, сенімді, жеткілікті, шынайы екені туралы қорытынды Тренер плагиатты анықтаған жағдайда негіздеме арқылы неліктен осындай қорытынды жасағанын нақтылап, мұғалімнің кәсіби құндылықтары жайында сәйкес жазбасын ұсынады. Қосымша ақпарат
18
ТАПСЫРМА 2 Жұптық жұмыс Эксперттің кейбір идеяларының таныстырылымы мен рубрикалардың талдауы негізінде рубриканың оң жағына өзіңіздің пікір-негіздемеңізді және соңына холистикалық пікірлеріңізді жазыңыздар. Қажет болған жағдайда мұғалім портфолиосының мазмұнын болжау жасаңыздар.
19
3 (базалық) деңгей Бағдарламасы бойынша мұғалім портфолиосын бағалау рубрикасы
20
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ «Үшінші (базалық) деңгей мұғалімінің портфлиосының дәлелдемелерін бағалау үшін рубрикаларды жазу бойынша тренерге арналған ұсынымдарды» зерделеңіз және рубриканы қаншалықты сапалы жазғаныңызды бағалаңыз.
21
Мұғалім портфолиосын суммативті бағалау рубрикасын талдау және оларды жақсарту туралы эксперттер ұсыныстары Рубриканың құрамы Тренерлер ұсынған суммативті бағалау рубриканың мықты жақтары Рубриканы талдау барысында пайда болған қиыншылықтар Суммативті бағалау рубрикаларын жақсарту үшін ұсыныстар Есепке пікір-негіздеме Пікір-негіздеменің нақтылығы. Дәлелдемелердің болу фактісін растау Негізідеме барлық уақытта бағалау критерийлері мен есептің талаптарына шоғырланбайды. Әртүрлі мұғалімдердің есептерін бағалауда кейбір негіздемелер қайталанады. Дәлелдемеге негізделген баға қажет: НЕДЕН көрдіңіз және ҚАЛАЙ бағаладыңыз Бағалау критерийлері мен есептің талаптарын негізге алу қажет. Критерийлер мен талаптарды болдамдау негізделмеген пікірге әкелуі мүмкін. Холистикалық пікір Қысқаша холистикалық пікірдің болуы Холистикалық пікірде көбінесе есептің негіздемесінде жазылған сөйлемдер болады. Тұтас портфолионың күшті және әлсіз тұстары атап көрсетілмейді. Әртүрлі мұғалімдердің рубрикаларында кейбір холистикалық пікірлер қайталанады. Холистикалық пікірде тренер үш-төрт сөйлем аясында әрбір критерийге қатысты бағалау тұжырымдарын қалыптастыру керек. Портфолионың нақты қандай дәлелдемелері мықты, күшті бағаланғанын көрсету керек. Плагиат орын алғанын немесе қандай дәлелдемелер берілмегенін ескеру керек. Егер холистикалық пікірде әр есеп бойынша дайындалған негіздемелер қайталанатын болса, оның мәні болмайды. Суммативті шешім Әділ суммативті шешім Кейбір шешімдердің реттілігі сақталмаған Есептердің әрқайсысы бойынша пікір-негіздеме және холистикалық пікір қабылданған суммативті шешімді растауы керек. Есептердің біреуінің дәлелдемелері «қанағаттанғысыз» деп бағаланып, ал тұтас портфолионы оң шешім қабылданса, онда суммативті шешім әділ болмайды
22
Формативті бағалау нәтижелерін суммативті бағалау үшін қалай тиімді пайдалануға болады?
Тренер даму жүйесін қалай құрады: бір есеп бойынша бірінші формативті пікірден тұтас портфолионы суммативті бағалауға дейін? Бұл ТТ-ге портфолионы бағалау оңай деген мағына береді ме? Тәуелсіз тренер суммативті бағалауға кіріспей жатып, топ тренері мұғалім портфолиосына алдын-ала бағалау жүргізеді. Топ тренері тәуелсіз тренерге бағалау критерийлерінің бір бөлігі бойынша айтарлықтай жетілдіруді, жақсартуды қажет ететін портфолиоларды белгілеп қою керек. (5-б. ӘН)
Similar presentations
© 2024 SlidePlayer.com. Inc.
All rights reserved.