Download presentation
Presentation is loading. Please wait.
Published byДанила Хрептович Modified over 5 years ago
1
«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту»
Жаңа технологиялар және жаратылыстану - ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы Тренер: Изтелеуова Зульфия Селхановна - аға оқытушы, магистр
2
Кіріспе Еліміздің 15 жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA-2015 халықаралық зерттеуіне қатысады. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңінде халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі.
3
Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуының мақсаттық индикаторлары анықталған. Олар: PISA бойынша орынға қол жеткізу.
4
Еліміздің PISA зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өміріне орынды қатысуы үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
5
Тақырып өзектілігі 15 жастағы оқушыны алдағы өмірге дайындау, оқытылуы қазақ тілінде жүргізілетін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша ғылыми тұжырымдаманы түсіну, білу, жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.
6
Курстың мақсаты: белсенді оқыту стратегиялары негізінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
7
Міндеттері: 1) Теориялық материалды зерделеу:
- PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны, құрылысы; - PISA – 2015 халықаралық зерттеу тапсырмаларының түрлері; қазақ тілі мен әдебиеті сауаттылығының компоненттері; 2) Келесі дағдыларды қалыптастыру: оқу сауаттылығын арттыруда белсенді оқыту стратегияларын қолдану дағдысын, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқулықтарының мазмұнымен PISA бағдарламасына сәйкес жұмыс істеу дағдысын, PISA бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды шәкіліне сәйкес тапсырмалар құрастыру және шешу дағдысын.
8
Курс мазмұны 5 модульден тұрады:
1. Нормативті-құқықтық модуль Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. ҚР білім беру жүйесіне Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының индикаторларын ендіру.
9
2. Психологиялық-педагогикалық модуль
Оқушылардың жетістіктерін бағалаудағы халықаралық зерттеулер: психологиялық-педагогикалық аспект. Тестілеу кезіндегі оқушылардың эмоционалдық және физикалық қолайсыздықтарының психологиялық-педагогикалық алдын-алу. 3. Мазмұндық модуль PISA зерттеуінің мақсаты, мазмұны мен құрылымымен таныстыру. Жағдаят, мәтін және аспект оқу сауаттылығының компоненттері ретінде Оқу сауаттылығының жалпы ережесі. Оқу стратегиясы: өзгертіп айту (перефразировать), баяндау, мәтіндік граффитилер, мұқият оқу. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында PISA тест тапсырмаларын шешу.
10
4.Технологиялық модуль Интернет-ресурстармен жұмыс (чат, форумды жүргізу және т.б.) Желілік қоғамдастықты құру. 5.Вариативті модуль Блум таксономиясы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында оқытудың тиімділігін бағалау әдісі. Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар түрі (аналитикалық, ақпараттық, түсіндіру, айқындау) және оларды сабақта қолдану тәсілдері.
11
Оқу жетістіктеріңізді бағалау көрсеткіштері
Оқу жетістіктеріңізді бағалау көрсеткіштері Кіру диагностикасы (тақырып бойынша 2 нұсқадағы 15 сұрақтан тұратын тест жүргізіледі) Сабақ презентациясы (Курс міндеттерін орындау бойынша кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуын анықтау ) Қорытынды тестілеу (Курс мазмұны бойынша 30 сұрақтан тұратын 2 нұсқадағы тест) Өзіндік жұмыс (Үш оқу дағдысын және соған сәйкес әрекеттерді ескеріп, тапсырмалар құру, оқу сауаттылығын дамыту бойынша сабақ жоспарын құру, оқу сауаттылығы компоненттеріне сәйкес оқулық мәтіндерін талдау)
12
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж. 2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012ж. 3. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері // NIS- PEARSON. 4. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық // NIS- PEARSON. 5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері // NIS- PEARSON.
Similar presentations
© 2025 SlidePlayer.com. Inc.
All rights reserved.