Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Жұмыстың тақырыбы: Әлеуметтік медиа және интернеттің адам денсаулығына әсері Зерттеу сұрағы: Бүгінгі таңда әлеуметтік желінің адам денсаулығына тигізер.

Similar presentations


Presentation on theme: "Жұмыстың тақырыбы: Әлеуметтік медиа және интернеттің адам денсаулығына әсері Зерттеу сұрағы: Бүгінгі таңда әлеуметтік желінің адам денсаулығына тигізер."— Presentation transcript:

1 Жұмыстың тақырыбы: Әлеуметтік медиа және интернеттің адам денсаулығына әсері Зерттеу сұрағы: Бүгінгі таңда әлеуметтік желінің адам денсаулығына тигізер әсері қандай? Жұмысты орындаған оқушылар: Зиннулла Аль-Фараби Аблай Мербек

2 Жоспар: I.Кіріспе бөлімі II.Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік желілердің адам денсаулығына әсері 2.Әлеуметтік желінің ағзаның иммундік жүйесі жұмысына, гормоналды теңгеріміне деген әсері 3. Интернет желісінің денсаулыққа әсері бойынша ғалымдардың дәлелдемелерін сарапқа салу. 4.Ғаламтордың зиянынан сақтандыру III.Жұмысты бағалау IV.Жұмысқа қорытынды V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3 Кіріспе Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбымыздың мақсаты- әлеуметтік медианың және ғаламтордың денсаулыққа тигізетін әсерлерін зерттеу айтып жеткізу. Бүгінгі күні көптеген адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.

4 Негізгі бөлім Қазіргі уақытта көптеген ата-аналардың тәулік бойы балаларының жағдайына бақылау жасамау салдарынан , олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Бүгінгі күні интернет көптеген адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған жағдай бар. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

5 Интернеттің денсаулыққа әсері

6 Интернеттің денсаулыққа деген зияны өте көп…
Негізінен осы интернеттің адам денсаулығына әсері жөнінде көптеген ғалымдар өз пікірлерін ортаға салған. Сол ғалымдардың бірі Ұлыбритания биологы Арик Сигман болып табылады.

7 Британдық ғалымның пікірі бойынша,  интернетте әлеуметтік желілермен шамадан тыс айналысу нағыз адамдармен  қатынасудың қысқарғанына байланысты денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.  Атап айтқанда, қатынастың аздығы ағзаның иммундық жүйесі жұмысына,  гормоналдық теңгерімге, артерия жұмысына және ойлау үрдісіне келеңсіз  әсер етуі мүмкін, бұл перспективада қатерлі ісіктің, жүрек-көк  тамырлары ауруларының және жарыместіктің пайда болы және дамуы қаупін  арттырады деп растайды ғалым.

8 Интернеттің денсаулыққа деген пайдасы
Біз интернеттің денсаулыққа зиянымен қатар пайдасынада тоқталуымызға болады. Мысал үшін айтатын болсақ, қазіргі дамыған заманда көптеген халық интернеттен денсаулыққа пайдалы дәрі-дәрмек іздеп таба алады. Бұл да бір жағынан денсаулыққа өз пайдасын тигізеді. Сонымен қатар интернеттің денсаулыққа деген бір пайдасы ол - көптеген адамдардың ауруына шипа болатын емдік нәрселерді іздеп табу болып табылады. Тағыда интернеттің денсаулыққа деген бір пайдасы – көптеген адамдар қатты науқастарға қаржылай көмектесе алады. Сонымен қатар жаңа технологиялардың дамуына байланысты интернет желісімен байланыса алатын қолсағаттардың көмегі өте зор. Ол адам ағзасындағы қалыпты жағдайды бақылаушы ретінде қолданылады. Сондықтан да мұның адам денсаулығына деген пайдасы өте зор.

9

10 Жұмысқа қорытынды: ҚОРЫТА КЕЛЕ АЙТАРЫМЫЗ, НЕГІЗІНЕН БҮГІНГІ КҮНІ КӨПТЕГЕН АДАМДАР ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАМАСТАН, ИНТЕРНЕТТЕ ОТЫРЫП, ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫН НАШАРЛАТЫП АЛАДЫ. БҰЛ ДЕГЕНІМІЗ ҚОҒАМҒА ӨЗІНІҢ ЗАРДАБЫН ӘКЕЛМЕЙ ҚОЙМАЙДЫ. СОНДЫҚТАН ДА АЙТАРЫМЫЗ, КІМ БОЛМАСЫН ИНТЕРНЕТТІ КӨП ПАЙДАЛАНБАЙ, ӨЗІНЕ КЕРЕКТІ ЖЕРДЕ ҒАНА ПАЙДАЛАНСА, НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАР ЕДІ.

11 Жұмысты бағалау: Негізінен бұл тақырып бойынша дереккөздерді іздеп табу оңай болды. Уақыт тығыз болғандықтан, кейбір ақпараттарға қол жеткізу мүмкін болмады. Зерттеу барысында интернеттің денсаулыққа пайдасы жөнінде мәлімет табу қиынға соқты. Қасымдағы сыныптасыммен бірге жұмыс жасағандықтан, жұмыс істеу оңай болды.

12 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Szh.kz/176804/фейсбук-твиттер-денсаулығына-етеді-осыларға-қатысты-сұрақ


Download ppt "Жұмыстың тақырыбы: Әлеуметтік медиа және интернеттің адам денсаулығына әсері Зерттеу сұрағы: Бүгінгі таңда әлеуметтік желінің адам денсаулығына тигізер."

Similar presentations


Ads by Google