Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Lync 2013 Жылдам көмекші ққұралы

Similar presentations


Presentation on theme: "Lync 2013 Жылдам көмекші ққұралы"— Presentation transcript:

1 Lync 2013 Жылдам көмекші ққұралы
Ортақ пайдаланатын сессияны бақылауды басқаларға беру Басқаларға сессияңызды ортақ пайдалануға, ақпаратпен бөлісуге, құжатқа өзгерістер жасауға немесе бағдарламаны көрсетуге мүмкіндік бере аласыз. Lync 2013 Жылдам көмекші ққұралы Ортақ пайдалану және бірлескен жұмыс Ортақ пайдалану жолағындағыэкранн ың жоғарғы жағында Бақылауды беру түймесін басыңыз. Қатысушыларға кіру мүмкіндігін беру үшін Қатысушылар пәрменінің астындағы жеке Lync жүйесі көмегімен сіз жиналысты жоспарламай-ақ, бірлескен жұмысты бастай аласыз. Сіз маңызды жиналысты бастай аласыз, PowerPoint көрсетілімін ортақ пайдалана аласыз, тақтада бірлесе жұмыс істей аласыз немесе жылдам хабар алмасу барысында экранды ортақ пайдалана аласыз. Жұмыс үстелін немесе бағдарламаны ортақ пайдалану атын басыңыз немесе Бақылауды беру түймесін басыңыз.Автоматты түймесін жұмыс үстеліңізге сұраныс жасайтын кез келген адамға кіру мүмкіндігін автоматты түрде беру үшін басыңыз. Жылдам хабарласуды бастау үшін контактінің атын екі рет басыңыз. Меңзерді баяндау (монитор) түймешігінің үстіне апарыңыз және Баяндау қойындысындағы: Жұмыс үстелінің бүкіл мазмұнын көрсету үшін Жұмыс үстелі түймесін басыңыз. Бағдарлама және қалаған бағдарламаңызды екі рет басыңыз. Ортақ пайдаланатын құралдар тақтасы экранның жоғарғы жағында пайда болады және сіз ортақ пайдаланып жатқандығыңыз туралы ескерту аласыз. Дыбысты қосу үшін телефон түймешігін басыңыз. Бейнені қосу үшін камера түймешігін басыңыз. Ортақ пайдалану сессиясын аяқтау үшін құралдар тақтасындағы Ортақ пайдалануды тоқтату түймесін басыңыз. Ортақ пайдалану сессиясының бақылауын кері қайтару Жүмыс үстелінің немесе бағдарламаның басқаруын кері қайтару үшін Бақылауды беру түймесін қайтадан басыңыз. Егер Бақылауды автоматты түрде беру таңдалған болса, онда таңдаудан бас тарту түймесін басыңыз. To take back control from an individual, click Take Back Control. PowerPoint көрсетілімін ортақ пайдалану Жылдам хабарласу сессиясын бастау үшін контактінің атын екі рет басыңыз. Меңзерді баяндама (монитор) түймешігінің үстіне апарыңыз. Баяндау қойындысындағы PowerPoint түймесін басып, жылдам хабар алмасудағы файлды жүктеп алыңыз. Слайдтарды жылжыту үшін Нобайлар түймесін басып, содан кейін көрсетілетін слайдты басыңыз немесе жиналыс бөлмесінің төменгі жағында орналасқан көрсеткілерді пайдаланыңыз. Баяндамашы жазбаларын көру үшін Жазбалар түймесін басыңыз. Құралдар тақтасын ашу үшін слайдтың жоғарғы оң жағында орналасқан Түсініктемелер түймесін басыңыз және маңызды элементтерді, маркаларды, лазерлік меңзерді және т.б. пайдаланыңыз. ҚҰПИЯ. Жарияламау параметрінің астындағы серіктестерге ғана тарату. Майкрософт компаниясы нақты немесе тұспалдап айтылған ешқандай кепілдік бермейді. © 2012 Майкрософт компаниясы. Барлық құқықтары қорғалған.

2 Топтық жылдам хабар алмасу сөйлесуін бастау Файлды тасымалдау
Контакт тізімінен бірнеше контактілер немесе топқа хабарласуды таңдау арқылы топтық жылдам хабар алмасу сөйлесуін бастай аласыз. Сондай-ақ, сіз бір адаммен жылдам хабар алмасу сөйлесуін топтық сөйлесуге ауыстыра аласыз. Ctrl пернесін ұстап тұрып, шақырғыңыз келетін әрбір контактіні басыңыз. Таңдауды тінтуірдің оң жағымен басып, Жылдам хабар алмасуды жіберу түймесін басыңыз. Файлды тасымалдау Құжаттарды жылдам хабар алмасудағы контактілерге жіберу үшін файлды тасымалдау опциясын пайдаланыңыз. Жылдам хабарласуды бастау үшін контактінің атын екі рет басыңыз. Файлды компьютерден сүйреп сөйлесу терезесіне салыңыз немесе Тіркемелер қойындысын көрсетілім мәзірінен пайдаланыңыз. Lync жүйесі файлды тасымалдау шақыруын алушыға жібереді және шақыру қабылданған кезде файл жіберіледі. КЕҢЕС Сондай-ақ, сіз файлды контакт атының үстіне сүйреп апара аласыз, ол жіберушіге файлды тасымалдауды қабылдау немесе бас тарту туралы ескерту жібереді. Хабарыңызды теріңіз және содан кейін Enter пернесін басыңыз. Дыбысты қосу үшін телефон түймешігін басыңыз. Бейнені қосу үшін камера түймешігін басыңыз. Егер де сіз бір адамдық жылдам хабар алмасу сессиясында болсаңыз және қосымша адамдарды қосқыңыз келсе, онда меңзерді адамдар белгішесінің үстіне апарып Қосымша адамдарды қосу түймесін басыңыз. Жоспарланбаған конференция қоңырауын бастау Жедел назарыңызды талап ететін тақырыпты талқылау үшін арнайы жиналысты бастаңыз. Контактілерді Ctrl пернесін ұстап тұрып аттарды басу арқылы таңдаңыз. Таңдауды тінтуірдің оң жағымен басыңыз да, Конференция қоңырауын бастау түймесін басыңыз. Конференция қоңырауын қалай бастағыңыз келгеніңізге қарай таңдаңыз: Lync қоңырауы – Lync жүйесі қоңырауды компьютер дыбысы арқылы жасайды. Мобильді, Жұмыс немесе басқа нөмір – Lync жүйесі контактілерге сіз таңдаған нөмірден қоңырау шалады. Контактілеріңіз ескертуді алады және шақыруды қабыл етеді немесе одан бас тартады. Тақтаны ортақ пайдалану Тақта – жиналыс қатысушылары үстінде бірлесе жұмыс істей алатындай, жазбаларды теру, сызу немесе суреттерді импорттау үшін пайдаланылатын ақ бет болып табылады. Сөйлесу терезесінде меңзерді баяндау (монитор) белгішесінің үстіне апарып Баяндау қойындысындағы Тақта түймесін басыңыз. Маңызды элемент, маркалар, лазерлік меңзер, жазу және сызу құралдары сияқты тақтаның оң жағында орналасқан түсініктеме құралдар жиынын пайдаланыңыз.


Download ppt "Lync 2013 Жылдам көмекші ққұралы"

Similar presentations


Ads by Google