Presentation is loading. Please wait.

Presentation is loading. Please wait.

Ирисметова Лобар Базарбай Гүлдана. 1.«Қанша тіл білсең, сонша адамсың»; 2.Қостілділік ұғымы, деңгейлері; 3. Эстон мәдениеттанушысы М. Хинт қостілділік.

Similar presentations


Presentation on theme: "Ирисметова Лобар Базарбай Гүлдана. 1.«Қанша тіл білсең, сонша адамсың»; 2.Қостілділік ұғымы, деңгейлері; 3. Эстон мәдениеттанушысы М. Хинт қостілділік."— Presentation transcript:

1 Ирисметова Лобар Базарбай Гүлдана

2 1.«Қанша тіл білсең, сонша адамсың»; 2.Қостілділік ұғымы, деңгейлері; 3. Эстон мәдениеттанушысы М. Хинт қостілділік туралы; 4.Орыс психолингвисті Р.М.Фрумкина «Психолингвистика» кітабы

3 Бұл сөзде шындық та бар, қайшылық та бар. Шындығы сол - екінші бір тілде сөйлеу жай ғана басқа тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениет, басқа ұлттық психология аясына ену. Қайшылығы сол - әр адам тегі жағынан (бұл жерде биологиялық тек қана емес, рухани тектің де болатынын ескерте кету керек) бір ғана ұлттың өкілі болады, ол екі я онан да көп адам я ұлт өкілі бола алмайды. Асылы, бұл нақыл сөзге Абай тұрғысынан келіп, «дағуасына кіру» деген тұрғыдан ғана келу керек. Қалай десек те, қостілділік, көптілділік жеке инсанның («Инсан» деген терминді субъект, личность, индивид терминдерінің баламасы ретінде алып отырмыз, бұл термин Абайдың қара сөздерінде осы мәнде қолданылады.) қабілет ерекшелігіне байланысты. Бірақ қазір дүниежүзілік қоғамдастық талап етіп отырған құбылыс болып отыр.

4 Әлеуметтік тіл білімінде, негізінен, қостілділіктің екі деңгейі насихатталады: комбинированное (синхронное) двуязычие (мұны қатарлас, жарыспалы қостілділік деп атауға болады); соотносительное двуязычие (мұны қатысты қостілділік деп атауға болады). Біріншісі бойынша, адамның санасында екі тіл тең өмір сүреді; екіншісі бойынша, екінші тілде сөйлеуде туған тілімен қатыстырылып отырады. Ол заманда мұның соңғысы алдыңғысына ұласады деп үйретті. Бұл тұста совет ғалымдары «тірек тілдің» мәнін мансұқ еткенге ұқсайды. Адам туғанда алдымен индивид болады. Ол кезеңде бабасынан жеткен мұрамен өмір сүреді. Оның орталық жүйке жүйесінде сөйлеуге қызмет ететін нейрондар бабасының жолымен қарекет етеді. Ағар арнасы, сан-мөлшері сияқты қасиеттері бабасындағыдай болады. Демек, оның шығар бастауы, тірегі текте жатады. Ендеше ол кедергісіз, табиғи жолмен дамуы үшін осы тірекке сүйену керек болады. Сонымен қатар жас баланың нейрондары аморфты да болып келеді. Сонысын пайдаланып оған сәби кезінен бөтен тілді таңамыз («Жас бала» басқа тілді жылдам үйреніп кетеді» деп жататынымыз осыған байланысты). Ал, шындығында, екінші тіл - жас бала психикасына артық жүк. Осыны байқаған болар, Алаш ғалымдары адамның мүшел жасқа дейін ана тілінде білім алу қажеттігін мақсат тұтқан.

5 Басқа тілді үйренудің залалды жағы туралы пікірлер де баршылық. Мәселен, эстон мәдениеттанушысы М.Хинт 1980 жылдардың соңында бала кезден екінші тілге үйрету «жартытілділікке» әкеп соқтыратынын дәлелдеді. «Жартытілділік» жағдайында екі тілді білетін бала шын мәнінде бір тілді де тиісінше білмейді, сәл күрделі мәністегі жайтты екі тілдің бірінде де тиісінше бейнелеп бере алмайды. Бұл қиындықты А.Байтұрсынұлы мұнан көп бұрын, 1914 жылы-ақ, байқаған. Ғалым былай деп жазады: «Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Біздің жасында орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да, қиындықпен жазады. Себебі - жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақтауын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс» /1: 142-б./. Бұл қағиданы тыңдасақ, кәнеки!?

6 Орыс психолингвисі Р.М.Фрумкина «қостілділік» терминінің шегі айқын емес екенін, оның үстіне қазіргі әлеуметтік проблемалар қосылғанда (ТМД-ның Ресейден басқа елдеріндегі орыстар проблемасы), бұл мәселе тіпті ширыға түсетінін айтады. Бұл қиындық жаңағы айтқан «жартытілділіктің» пайда болуымен қатысты. Ғалымның көрсетуінше, жартытілді адамдар ана тілін жақсы біледі, ал басқа тілді үйренуге ешқашан мән бермеген /2: 166-б./. Осы тұстан «жартыкеш мәдениет» проблемасы келіп шығады. Өйткені тіл өз мәдениетіне толықтай барабар қызмет жасайды. Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен айтқанда, «Әр жұрттың түрінде... қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады.» Әдетте ұлттық бояуды реалия сөздерден ғана іздеп жатамыз. Ал сөздегі ұлттық ұйытқы екі ұлтқа ортақ құбылыстарды бейнелейтін толық баламасы бар сөздерде де бөлекше болып тұрады. Күнделікті өмірден парадокстік мәні бар бір-екі мысал келтірейік. Біреудің амандығын қазақтар «Жүріп жатыр ма?» деп, орыстар «Ходит?» деп сұрап жатады. Екі сөз - барабар, теңдес балама. Ал менен қазақ тілін тиісті деңгейде игерген бір орыс досымның әзіл-шыны аралас: « Осы сендердің бір мезгілде әрі жүріп, әрі жататындарың қалай»? - деп сұрағаны бар. Сол сияқты орыстар ауылда, қалада «өмір сүреді», ал қазақтар «тұрады». «Тұру» сөзінің «стоять» екені белгілі. Орыс баласы түгілі, қазақ баласының өзі біздің көшпелі екенімізді ұмытып кеткен. Біз үшін өмір - көш. Ал көш тоқтаған жерде тұрамыз, мекендейміз. Айта берсе, мұндай мысалдар көп. Қалай десеңіз де, тілде жоқ нәрсе мәдениетте де жоқ. Демек, осы мәдениеттің арқауы әлде бір тұсынан сетінесе я үзілсе адам жартыкеш мәдениетті, жартытілді болып шыға келеді.

7 «Одним из первых (в 1915 г) мнении о вреде раннего двуязычие высказал представитель школы психологии Эпштейн» Фрункина; Эпштейн Швейцариядағы қостілді балаларды зерттеп, ерте билингвизмнің кері әсерін зерттеген 20 ғ. 20 жылдары қостілділікті және ерте қостілділікке байланысты интенсивті зерттеулер жүргізіле бастады. Зерттеулердің мақсаты біртілді және қостілді адамдар мен балалардың арасындағы ерекшеліктерді анықтау. А) Тілді меңгеру қабілеті; Б) мидың толық дауының деңгейі В) жеке қабілеттері (ЛИЧНОСТНЫЕ ОСОБЕННОСТИ) Екі тілді үйреген адам үшінші тілді бір тіл білетін адамға қарағанда тез әрі оңай үйренеді;

8 20 ғ. 30 жылдары Арсенян АҚШ- та эмигранттар отбасында туылған 2000 итальян және еврей балаларын зерттеген. Ол ерте қостілділіктің баланың не миының дамуына не мектепке адаптация жасау қабілетіне кері әсерін тигізбегенін дәлелдеді. Алайда ерте қостілділік жеке тұлғаның өсуіне кері әсер етеді деп түсіндірді. Себебі, бала екі ортада өсіп, мәдениеттік қиындық (культурные сложности) алып келеді. Адам мәдениетінің қалыптасу ортасы өзін қоршаған социалдық орта (социальная среда) болғандықтан бала ішінде мәдениетаралық қақтығыстар пайда бола бастайды. Дегенімен, әдетте уақыт өте келе, екі мәдениет арасында тенденция орнап, бір мәдениет доминантты болып өзгереді. Ол көбінесе баланың қай ортада көп жүруіне, және әрине тегіне байланысты болады. Алайда, тіл жағына келетін болсақ, басым тіл бірінші ана тілі және келесі тіл- екінші ана тілі болып қалыптасады.

9 Сонымен, біздің айтпағымыз қостілділік дегенде басты тұлға инсан болу керек. Соған орай бұл құбылысты мынадай деңгейлерге жіктеп қарастырған жөн: қабылдамалық, қайталамалық, өнімді деңгейлер. Қабылдамалық деңгейде адам басқа тілде айтылған сөзді тыңдап қабылдай алады, сол тілдің сөзі екенін, кейде айтылыстың жалпы сұлбасын болжалдап бағамдайды. Мұның дамыған кезеңі сол - коммуникант өзге тілде айтылған/жазылған хабардың жалып мазмұнын түсінетін болады, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты тап басып көрсету қиындық келтіреді, егжей-тегжейлеп аудара алмайды (Мұны қазақтар «төбесінің жарығы бар» деп жатады.).

10 Шет тілін үйрету кезінде көбінесе үлгі ретінде түпнұсқа қажет. Екі тілде көптеген заңдылықтарды салғастыра да алады. Басқа тілде сөйлеу өз ана тіліне байлаулы болады. Бұл деңгей автоматтану нәтижесінде өнімді қостілділікке ұласып жатады. Өнімді қостілдікте екінші тілдің жүйесі санадан орын алады. Өз ана тілімен тез ықпалдаса алады. Тұтынуға дайын тұрады. Мұндай қостілділік деңгейіндегі инсанның санасында өз тілі басым тірек болса да, өз тілі мен екінші тілдің салғастыру үдерісі әбден автоматты машыққа айналады. Осы себептен екі тілде де мазмұндас мәтін түзе береді. Ал «прагматикондық» қостілділік деген, біздіңше, осы деңгейдің кемел көрінісі. Алланың берген айырықша дарыны. Біздің қоғам прагматизмді қадір тұтып жатқанын білеміз. Прагматизмнің инсан әдебі жөніндегі саласы мелиоризм деп аталады. Ол адамдарды біртіндеп жақсарта беру дегенге саяды, әлсіз жақтары көп бағыт. Ал, шындығына келсек, прагматизм адамды «қандай да бір қарекет маған қандай пайда береді» деген санаға жетелейді. Мұның аяғы пендені меркантилизмге ұрындырады. Сондықтан қостілділікке тек прагматизм тұрғысынан қарамаған жөн. Қостілділкке үйретуде инсанның психикасына, ниетіне әсер ету жағын қадағалаған жөн.

11


Download ppt "Ирисметова Лобар Базарбай Гүлдана. 1.«Қанша тіл білсең, сонша адамсың»; 2.Қостілділік ұғымы, деңгейлері; 3. Эстон мәдениеттанушысы М. Хинт қостілділік."

Similar presentations


Ads by Google